Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының  атқарған жұмысы туралы

21.09.2016 ж

 


Әкімдік  мәжілісінде қаралған мәселелер:

 

1.

         
Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының  атқарған жұмысы туралы;

 

2.


Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау  және  бекіту туралы.

 

 

Шымкент қаласы жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Сайлауов  қала әкімдігі мәжілісінің күн тәртiбiндегi бірінші мәселе бойынша  есеп берді.

Қ.Сайлауов өз баяндамасында қала әкімдігінің жанынан құрылған жер комиссиясының ағымдағы жылдың 8 айында атқарған жұмысы жөнінде ақпарат берумен қатар, комиссияға келіп түскен құжаттарды қарау, комиссияның шешімін шығару, әкімдік қаулыларын  қабылдау барысында орын алған мәселелерге және шешу жолдарына тоқталды.

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мәселені  қарау барысында,  жер мәселесі бүгінгі күнгі күрделі мәселелердің бірі болуын ескере отырып, комиссияға келіп түскен құжаттарды қарау барысында бюрократиялық сөзбұйдаға жол бермей, құжаттардың заңмен бекітілген мерзімдерде қаралып, тиісті құжаттардың уақытылы рәсімделуіне жауапкершілікті арттыруды талап етті.  Мәселені қарау қорытындысы бойынша Ғ.Әбдірахымов тиісті лауазым иелеріне:

 

            - қала әкімінің аппаратында құрылған әкімшілік кедергілерді жою комиссиясына қалалық жер комиссиясында құжаттардың қаралу тәртібіне тиімді өзгерістер  енгізу мәселесі бойынша  ұсыныс беру;

            - жергілікті атқарушы органдардың жұмысында мөлдірлік қағидасын қалыптастыру мақсатында  «ашық әкімдік» жүйесін құру жұмыстарын жеделдету сияқты бірқатар тапсырмалар берді.

 

            Әкімдіктің күн тәртібіндегі екінші мәселе  бойынша  баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р.Аюпов әкімдік мүшелерінің қарауына бөлімдер  тарапынан   дайындалған  қала   әкімдігінің  43 қаулысын ұсынды.  Оның ішінде:

 

р/с

                Бөлімнің атауы

Қаулы саны

1.

Білім бөлімі

13

2.

Жер қатыннастары бөлімі

8

3.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

8

4.

Сәулет және қалақұрылысы бөлімі

8

4.

Құрылыс бөлімі

4

5.

Тұрғын үй қатынастары бөлімі

2

Барлығы

43

 

Қаулылар жан-жақты талқыланып,  қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БІЛІМ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР