2016 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін айқындау туралы

Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ

ЖОБА

«__»____ жыл     №___     Шымкент қаласы

 

2016 жылға субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы 
дақылдарының әрбір түрі бойынша субсидия алушылардың 
тізіміне қосуға өтінім беру мерзімдерін айқындау туралы


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларының 10 тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11094 тіркелген), Шымкент қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес 2016 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері айқындалсын.

2. Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Ғ. Құрманбайға жүктелсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі, Ғ. Әбдірахымов


Шымкент қаласы әкімдігінің
2016 жылғы «__» ________
№___қаулысына қосымша

2016 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрi бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды,  жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнына субсидиялар алуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері тізіміне қосу үшін өтінімді ұсыну мерзімдері

 

 

Басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы

 

Өтінімді қабылдау мерзімдері

 

1

 

Дәндік жүгері

 

2016 жылдың 21 қазанынан 21 қарашасына дейін

 

2

 

Майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс)

 

2016 жылдың 21 қазанынан 21 қарашасына дейін

 

3

 

Картоп

 

2016 жылдың 21 қазанынан 21 қарашасына дейін

 

4

 

Ашық топырақтағы көкөніс және бақша дақылдары

 

2016 жылдың 21 қазанынан 21 қарашасына дейін

 

5

 

Өнеркәсіп үлгідегі тамшылатып суғару әдісін қолдана отырып өсірген көкөніс және бақша дақылдары

 

2016 жылдың 21 қазанынан 21 қарашасына дейін

 

6

 

Бірінші жыл егілген жем шөптік көп жылдық дақылдар

 

2016 жылдың 21 қазанынан 21 қарашасына дейін

 

7

 

Өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері

 

2016 жылдың 21 қазанынан 1 желтоқсанға дейін

 

8

 

Фермерлік жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері

 

2016 жылдың 21 қазанынан 1 желтоқсанға дейін

 


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР