Мемлекеттік мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ

3 қазан 2016 жылғы     №2002      Шымкент қаласы

 

Мемлекеттік мұқтажы үшін алып 
қоюға байланысты жер учаскесін 
немесе өзге де жылжымайтын 
мүлікті мәжбүрлеп иеліктен 
шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және Шымкент қаласының Бас жоспары негізінде, Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2016 жылғы 16 тамыздағы №20/8586 санды, 2016 жылғы 1 маусымдағы №20/5308 санды, 2016 жылғы 10 тамыздағы №20/8394 санды, 2016 жылғы 18 сәуірдегі №20/3523 және 2016 жылғы 2 наурыздағы №20/2012 санды ұсыныстарын негізге ала отырып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шымкент қаласы, Жаңа тұрлан шағын ауданы (Ынтымақ-2) 900 орындық мектеп құрылысы үшін 1-қосымшада көрсетілген жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін алынсын.
2. Шымкент қаласы, Ынтымақ шағын ауданындағы атауы жоқ көшесін (Темірлан тас жолынан айналма жолға дейін) құрылысын жүргізу үшін 2-қосымшада көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін алынсын.
3. Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі №11 орналасқан ғимаратты бұзып, орнына әкімшілік ғимарат және қосымша автотұрақ құрылысын салу үшін 3-қосымшада көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін алынсын.
4. Шымкент қаласы, Мирас шағын ауданы газ реттегіш қондырғысы үшін 4-қосымшада көрсетілген жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін алынсын. 
6. Шымкент қаласы, Б.Момышұлы даңғылы Әл-Фараби алаңы Бейбітшілік көшесі, Республика даңғылы шегіндегі сәулеттік түйінінің егжей-тегжейлі жоспарлау бойынша, әкімшілік ғимараты қарастырылған аумақтан әкімшілік ғимаратқа автотұрақ ұйымдастыруға 5-қосымшада көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін алынсын.
7. Шымкент қаласы жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Сайлауов жер учаскелерінің меншік иелеріне басқа жер учаскелерін берілуі мүмкіндігін қарастырып және осы қаулының орындалуына бағытталған басқа да тиісті іс-шараларды жүзеге асырсын.
8. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап үш жыл деп белгіленсін. 
9. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иелері немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылар Жангелдин көшесі, №13/5, 2-қабатта орналасқан «Шымкент қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласуы қажет.
10. Шымкент қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Т.Қасымбеков жер учаскелерінің немесе жер пайдалану құқығының және анықталған жерде орналасқан жылжымайтын мүліктердің құнын төлеуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етсін.
11. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Кушеровке жүктелсін.

Ғ. Әбдірахымов, қала әкімі


Шымкент қаласы әкімдігінің
3 қазандағы 2016 жылғы 
№2002 қаулысына 1-қосымша

Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі


Шымкент қаласы әкімдігінің
3 қазандағы 2016 жылғы 
№2002 қаулысына 2-қосымша

Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі
 


Шымкент қаласы әкімдігінің
3 қазандағы 2016 жылғы  
№2002 қаулысына 3-қосымша

Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі

Кадастрлық нөмірі

Аты-жөні

Мекен-жайы

Жалпы алаңы, га

Алынатын алаңы, га

1

 

19-309-013-661

Оңтүстік Қазақстан облысының адвокаттар алқасы

Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі 11

0,0440

0,0440

2

 

19-309-013-662

«Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімдігі» ММ

Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі 11

0,0081

0,0081


Шымкент қаласы әкімдігінің
3 қазандағы 2016 жылғы  
№2002 қаулысына 4-қосымша

 

Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі

Кадастрлық нөмірі

Аты-жөні

Мекен-жайы

Жалпы алаңы, га

Алынатын алаңы, га

1

 

19-309-194-2603

Алдабергенова Жибек Бейбиткызы

Шымкент қаласы, 194 квартал, 1949 уч.

0,08

0,08


Шымкент қаласы әкімдігінің
3 қазандағы 2016 жылғы 
№ 2002 қаулысына 5-қосымша

Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі

Кадастрлық нөмірі

Аты-жөні

Мекен-жайы

Жалпы алаңы, га

Алынатын алаңы, га

1

 

19-309-011-1069

Носиков Александр Анатольевич

Шымкент қаласы, Б.Момышұлы даңғылы, гараж 8/10

0,0021

0,0021

2

 

19-309-011-1739

Денчик Виктория Дмитриевна

Шымкент қаласы, Б.Момышұлы даңғылы, гараж 8А-42

0,0032

0,0032


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР