ФРОНТ-ОФИС
Тұңғыш рет Шымкент қалалық әкімдігінің жанынан жаңа мемлекеттік қызмет көрсету орталығы - фронт-офис ашылуда.
Фронт-офис мекен жайы Н. Назарбаев даңғылы 10, "Әкімшілік іскерлік орталығы", 1 қабатта ораласқан
қалалық әкімдік тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлық түрін бір жерден «бір терезе» жүйесі арқылы ұсынады.
Фронт-офистің негізгі артықшылығы:
Өтініш иесінің құжатын қабылдау кезінде арнайы бақылау коды беріледі. Тіркеуге алынған құжат штрих код арқылы әкімдіктің тиісті бөліміне жөнелтіледі. Өтініш қысқа мерзім ішінде қаралған соң жауабы фронт-офиске бағытталып, тұрғындарға қолма-қол жаубы беріледі немесе өтініш иесінің электронды мекен-жайына жолданады.
Сондай-ақ өтініш иелері бақылау коды арқылы өтініштің қаралу барысы жөнінде мәлімет алуға мүмкіндігі бар. Ол үшін shymkent.gov.kz/ front office сайтына кіру керек немесе байланыс орталығының 24-73-08, 24-73-09 телефонына қоңырау шалса жеткілікті.
Фронт-офистің қызметіне жүгіну арқылы керекті мемлекеттік кызметті уақытылы ала аласыз!