Қала аумағындағы қоғамдық көлік қызметінің жағдайы туралы

10.11.2016 ж

Әкімдік  мәжілісінде қаралған мәселелер:

1.

Қала аумағындағы қоғамдық көлік қызметінің жағдайы туралы

2.

Шымкент қаласында туризмді дамыту мәселелері мен перспективалары туралы

3.

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау  және  бекіту туралы

 

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекті мәжілісінің күн тәртiбiндегi бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ.Жұматаев, қаладағы  29 көлік компаниясы 51 бағыт бойынша автобус, 27 бағыт бойынша шағын автобуспен, жалпы 1130 кестемен тұрғындарға қызмет көрсететінін атап, қоғамдық көлік саласында атқарылған  жұмыстарға және  орын алған проблемаларға сараптама жасады. 

 Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов қоғамдық көлік қызметінің жұмысын, оның ішінде бірқатар көлік компанияларына қарасты автобустардың техникалық жағдайы мен санитарлық тазалығын, қозғалыс кестелерінің кешкі уақытта орындалуын, жүргізушілер мен кондукторлардың мәдениетін сынға алып, бөлімге кемшіліктерге жол беріп, талаптарды орындамайтын көлік компанияларына заңда белгіленген тәртіппен келісімшарттарды  біржақты  бұзу шараларын қолдануды тапсырды.

Мәселені жан-жақты талқылау қорытындысы бойынша қала әкімі Ғ. Әбдірахымов жауапты бөлімге:

- қаланың шет аумақтарына қатынайтын әлеуметтік маңызы бар 10 бағыттың тізбесін айқындап, келісу үшін Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатына жолдау;

- бағдаршам нысандарын, ақпараттық көрсеткіш жол белгілерін орнату жұмыстарын жыл соңына дейін толығымен аяқтау;

- Тәуке хан даңғылындағы  жөндеу  (аяқжол салу, гранитті жиек тастар орнату) жұмыстарын 1 ай мерзімінде аяқтау қажеттігі сияқты қала тұрғындары үшін маңызы бар бірқатар тапсырма берді.

 Екінші мәселе бойынша сөз алған кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ә. Абдраханов бүгінгі күнге қаланың туристік саласында 25 туристік оператор және 106 туристік агенттік, барлығы 131 мамандырылған туристік ұйым,  69 қонақ үй  қызмет көрсетінін баяндап , қаланың туризм саласын орнықтыру жұмысына сараптама жасады және дамыту жолдарын атады.

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мәселені қарау барысында кәсіпкерлік бөлімінің қаланың туризм саласын дамытудағы жұмысында орын алған кемшіліктеріне тоқтап, қалаға келетін туристерге жағдай жасау мақсатында қалалық мамандандырылған туристік ұйымдар, қонақ үйлер және қала әкімдігінің арасында  нақты талаптар қойылған үш жақты меморандум түзуді тапсырды. Сонымен қатар, қала әкімі  нақты орындалу мерзімі көрсетілген бірқатар тапсырма берді, оның ішінде:

- Шымкент қаласы туризм саласының 2017-2020 жылдары даму бағдарламасын  бекіту;

- қалада туристік маркетингтік қозғалысты орнықтыру мақсатында қала туралы жарнамалық материалдар (туристік карта, буклет, брошюра, журнал, туристік сувенир), бейнероликтер және қаланың логотипі басылған басқа да туристік өнімдер дайындау;

-қала туристеріне қала нысандары жөнінде толыққанды және жедел ақпарат беру мақсатында, жаңадан жасалған «Visit Shymkent» туристік каталогын мобильдік қосымшаға енгізу.

Әкімдіктің күн тәртібіндегі үшінші мәселе  бойынша  баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р. Аюпов, әкімдік мүшелерінің қарауына бөлімдер  тарапынан   дайындалған  қала   әкімдігінің  20 қаулысын  ұсынды. Қаулылар     жан-жақты талқыланып,  қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БІЛІМ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР