Шымкент қаласы аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы

Жоба

 

Шымкент қаласы аумағында
жануарларды асырау
Қағидаларын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-2 тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған Шымкент қаласы аумағында жануарларды асырау Қағидалары бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыстық мәслихат   сессиясының төрағасы                                                                         Д. Ахметов

Облыстық мәслихат хатшысы                                                                                          Қ. Балабиев          

                      


 

Жоба

Шымкент қаласы аумағында жануарларды асырау 
Қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы Шымкент қаласы аумағында жануарларды асырау Қағидалары (бұдан әрі - Қағида) 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі және 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, тұрғындарды адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ бірге тұруға қолайлы жағдай жасау мақсатында әзірленді.

2. Адамдардың және жануарлардың денсаулығына ерекше қауіп туғызатын жануарларды алып қою және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

3. Тіркелген жануарға оның барлық өмір сүру уақыты бойында сақталатын ветеринарлық төлқұжат ресімделеді және бірдейлендіру нөмірі беріледі. Жануарларды бірдейлендіру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Жануарларды асырау

 

         4. Шымкент қаласы аумағы жеке және заңды тұлғалардың  жануарларды ұстау мен өсіруі бойынша 3 аймаққа бөлінеді (1-қосымша).

         1-аймақ:

         Бұл аймақта көп қабатты үйлер мен жеке үйлер тығыз орналасқан. Осы аймақтағы тұрғындардың денсаулығын жануарлардан жұғатын аурулардан сақтау  және санитариялық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында ит және мысықтан басқа ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын ұстауға және өсіруге  рұқсат етілмейді.

2-аймақ:

         Ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) талаптар және нормативтер                  (2-қосымша) сақталған түрде және қаланың бас жоспарында  қала аумағындағы осы аймақта мал жайлымы және мал айдайтын жол қарастырылмағандықтан ауыл шаруашылық жануарларын және құстарды тек  қора-жайларда ұстауға рұқсат етіледі.

         3-аймақ:

         Ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) талаптарды және осы Қағиданың талаптары сақталған түрде ауыл шаруашылық жануарларын және құстарды қора-жайларда ұстауға және жайылымға арналған жерлерде бағуға рұқсат етіледі.  

 

3. Жануар иесінің құқықтары мен міндеттері

 

5.  Жануар иесінің құқықтары:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жануарларды сатып алады және өз иелігінен айырады;

2) жануарларды асырау, көбейту туралы керекті ақпараттарды жануарлар иелерінің қоғамынан (клубтарынан), ветеринарлық ұйымдардан алады.

3) Кез келген жануар иесінің меншігі болып табылады және кез-келген меншік сияқты заңмен қорғалады

6. Жануар иесінің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен белгiленген жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердi сақтай отырып, ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шараларды жүзеге асыруға;

2) зоопарктердегi, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарлардың ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұсталуын, өсiрiлуiн және пайдаланылуын жүзеге асыруға;

3) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;

4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға;

5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге;
6) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:

жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені;

жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға;

7) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақтылы вакцина егуге және олардың диагностикасын қамтамасыз етуге;

8) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеру үшiн кедергiсiз беруге;

9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерін орындауға;
10) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеуге;

11) кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтiн кәсiпорындарда, сою пункттерiнде немесе сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) союды жүзеге асыруға;

12) ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетуге;

13) жануарларды карантиндеуді жүргізуге;

14) жануарларды ұстау мерзімі бойында қолайлы жағдай туғызу мақсатында қағиданың 2-қосымшасына сәйкес, қора жай көлемімен қамтамасыз ету;

15) жануардың қоршаған ортаға қауіп туғызбайтын және мазаламайтын мінез-құлығын қамтамасыз ету, жануарлардың адамдардың денсаулығына және мүлкіне, заңды тұлғалардың мүлкіне қауіп туғызуын болдыртпау;

7. Жануарларды қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, су қоймасына және су жинау алаңына шомылдыруға және жуындыруға жол берілмейді.

8. Шымкент қаласы аумағында жануарларды асырау Қағидасының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкілеттік берілген мемлекеттік уәкілетті органдар жүзеге асырады.

 

4. Жануарларды өткізу және тасымалдау

 

9. Жануарларды өткізу тікелей шаруашылықтарда, сонымен қатар өткізу объектілерінде іске асырылады.

10. Жануарларды тікелей шаруашылықтарда өткізу алдында жеке және заңды тұлғалар келесі ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастырады:

1) жануарларды карантиндеуден өткізу;

2) жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы профилактикалық егулер және диагностикалық зерттеулерді жүргізу;

3) өткізілетін жануарларды күнделікті ветеринариялық қарауын, термометрия жасау.

11. Жануарларды карантиндеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

12. Жануарлар Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттар беру қағидаларына сәйкес берілген ветеринариялық құжаттармен қоса жүреді.

Жануарларды ветеринариялық құжаттарсыз тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жол берілмейді.

13. Жануарларды автомобиль, әуе, теміржол көлігінде Шымкент қаласынан тысқары жаққа тасымалдау осы көліктердің түрлерінде жануарларды тасымалдау Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

 

5. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін жауапкершілік

14. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.



ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР