Қалада «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» үшінші кезеңінің (2016-2018 жылдар) орындалу барысы туралы

28.12.2016 ж


Әкімдік  мәжілісінде қаралған мәселелер:
 


1.
 

   
Қалада «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» үшінші кезеңінің (2016-2018 жылдар) орындалу барысы туралы
 


2.
 


Қала аумағында әскери тіркеу мен әскери шақыру жұмыстарын жүргізудің жағдайы туралы
 


3.
 


Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау  және  бекіту туралы
 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекті мәжілісінің күн тәртiбiндегi бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Қуанышбеков, аталмыш бағдарламаның орындалуына жауапты аудан әкімдері мен бірқатар құрылымдық бөлімдердің жұмысындағы оңды жұмыстар мен орын алған кемшіліктерге тоқтап, бағдарламаны орындауда жергілікті атқарушы органдар алдында тұрған мәселелерге тоқтады.


Қала әкімі Ғ.Әдірахымов, мәселені талқылау барысында қала  аумағында тұратын мүгедектерге қолайлы орта құру жергілікті атқарушы органдар алдындағы негізгі міндеттердің бірі екенін шегелей отырып, меншік иесіне қарамастан, қаладағы барлық мекеме иелері мүгедек азаматтардың қиналмай кіріп-шығуына,   уақытылы және кедергісіз қажет деректер мен құжаттарын рәсімдеуіне жағдай жасалуын талап етті. Мәселені жан-жақты талқылау қорытындысы бойынша қала әкімі нақты орындалу мерзімі көрсетілген:

- қала аумағында тұратын мүгедектердің өміріндегі өзекті мәселелерді айқындап, шешу жолдарын қарастыру мақсатында, мүгедектер арасында сауалнама жүргізу;

- қала аумағында орналасқан  мемлекеттік және жеке меншік нысандарды қайта түгендеу (паспорттау) жұмыстарын ұйымдастыру;

- құрылысы жүргізілетін нысандардың сәулеттік жобалау тапсырмаларын бекіту барысында нысан иелерінен мүгедектерге арналған қолайлы орта (пандус, әжетхана, брайлер, лифт, тактильді жол) құрылуын талап ету сияқты бірқатар тапсырмалар берді.


Екінші мәселе бойынша баяндама жасаған Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы Ә.Шегебаев   қалада күзгі және көктемгі  әскери тіркеу мен әскери шақыру жұмыстары жөнінде мәлімдеме берді.  


Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов  аталған мәселені жан-жақты талқылау қорытындысы бойынша тиісті мекемелерге нақты орындалу мерзімі   көрсетілген бірқатар тапсырма берді.


Әкімдіктің күн тәртібіндегі үшінші мәселе  бойынша  баяндаған қала әкімінің орынбасары Қ.Нұртай әкімдік мүшелерінің қарауына бөлімдер  тарапынан   дайындалған  қала   әкімдігінің  10 қаулысын  ұсынды. Қаулылар жан-жақты талқыланып,  қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БІЛІМ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР