Шымкент қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге,кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

ЖОБА

Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ

Шымкент қаласы             №___       «___» _____ 20__ жыл

Шымкент қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды
жинауға, әкетуге,кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және
көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және «Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі №404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14285 тіркелген) сәйкес, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
 

1. Шымкент қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихат 
сессиясының төрайымы

Қалалық мәслихат хатшысы


 

Шымкент қалалық мәслихатының 
 «___»  ______20__ жылғы   №___
шешіміне қосымша

Шымкент қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері

 

 

Атауы

 

Есептік бірлік

 

Баға, теңгемен

 

1

 

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері

 

1.1

 

Жайлы үйлер

 

1 адам

 

171,00

 

1.2

 

Жайлы емес үйлер

 

1 адам

 

200,00

 

1.3

 

Заңды тұлғалар

 

1 текше метр

 

1399,46

 

2

 

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тарифтері

 

2.1

 

Жеке тұлғалар

 

1 тонна

 

1036,12

 

2.2

 

Заңды тұлғалар

 

1 тонна

 

1725,90

 

3.

 

Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге арналған тарифтері

 

-

 

-

 


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР