Шымкент қалалық және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық жергілікті полиция қызметтерінің жұмысы туралы

01.02.2017 ж

Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер:

 

1.

 

Шымкент қалалық және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандық жергілікті полиция қызметтерінің жұмысы туралы

2.

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау және бекіту туралы

 

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекті  мәжілісінің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Шымкент қалалық Ішкі істер басқармасының жергілікті полиция бөлімінің бастығы Д. Мейірхан, Абай аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы Р. Арыстанбаев, Әл-Фараби аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы Е. Кенжебаев, Еңбекші аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы Б.Серікбаев, Қаратау аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы С.Жұманов, қала әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Н.Қырғызалиев баяндама жасады.

Қалалық Ішкі істер басқармасының жергілікті полиция бөлімінің бастығы Д. Мейірхан және 4 аудандық жергілікті полиция қызметтерінің бастықтары  2016 жылы атқарған жұмыстары жөнінде толыққанды есеп берді.

Сөз кезегін алған қала әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Н. Қырғызалиев өзінің   баяндамасында  жергілікті полиция қызметінің жұмысындағы кемшіліктерге тоқтап, 2016 жылдың қорытындысы бойынша, меншікке қатысты құқық бұзушылық фактілерінің  өсу тенденциясы барын, оның ішінде, бөтеннің мүлкін ұрлау 7,8%-ға, пәтер ұрлығы 2,4%-ға,  автокөлікті заңсыз айдап кету 8,9%-ға және  тонау 8,0%-ға өскенін атады.  

Шымкент қаласының полиция қызметкерлерімен атқарылып жатқан іс-шараларға қарамастан, қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылық деңгейі әлі де төмендемеген. Сонымен қатар, қылмыстың артуы жасөспірімдермен жұмыс жүргізетін полиция қызметкерлерінің және білім беру мекемелерінің кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарымен жеткілікті дәрежеде жұмыс жүргізбеуінің нәтижесінде орын алған.

 Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов, мәселені қарау барысында жергілікті полиция қызметтерінің атқарып отырған жұмысы қанағаттанарлықсыз екенін  айтты. Өйткені жергілікті полиция қызметінің жұмысында орын алған кемшіліктер кейбір қызметкерлер мен басшылардың кәсіптік деңгейінің, білімі мен біліктілігінің төмен болуынан, олардың қолданыстағы заң талаптарын күнделікті дұрыс меңгермей, қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қарауының және қызмет барысында дөрекілік көрсетуінің салдарынан орын алған.

 

Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов мәселенің қарау қорытындысы бойынша нақты орындалу мерзімі көрсетілген бірқатар тапсырма берді.Оның ішінде:

- қала тұрғындарының қалалық және 4 аудандық жергілікті полиция қызметтерінің жұмыс сапасына қатысты көзқарасын айқындау мақсатында арнайы сауалнама жүргізіп, қорытындысы бойынша  ұсыныс беруді;

- 2016 жылдың қорытындысы бойынша орташа және онша ауыр емес қылмыстардың   өскенін ескере отырып, 2017 жылы барлық қылмыс түрлерін (бөтеннің мүлкін ұрлау, пәтер, автокөлік, мал ұрлықтары) алдын алу, ашу, бұзақылықтың деңгейін төмендету жұмыстарын жандандыруды;

- қала аумағында пәтер ұрлығын алдын алу мақсатында үй комитеті төрағалары, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,  көп қабатты тұрғын үйлерге бейнекамералар орнату мәселесін шешуді тапсырды.

 

Әкімдіктің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р. Аюпов, әкімдік мүшелерінің қарауына  бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің 14 қаулысын ұсынды.Қаулылар жан-жақты талқыланып, қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БІЛІМ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР