Қала аумағында азық-түлік бағасын тұрақтандыру және өзін-өзі қамтамасыз ету жүйесін қалыптастырудың жағдайы туралы

08.02.2017 ж

Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер:

 

1.

 

Қала аумағында азық-түлік бағасын тұрақтандыру және өзін-өзі қамтамасыз ету жүйесін қалыптастырудың жағдайы туралы

 

2.

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау және бекіту туралы

 

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекті  мәжілісінің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ә.Абдраханов, ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Ғ.Құрманбай  баяндама жасады.

Ә.Абдраханов өз баяндамасында бірінші қажетті, азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандырып, қала тұрғындарын арзан азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету және делдалдық қызметті шектеу мақсатында әр аптаның сенбі күні «Қажымұхан» атындағы орталық стадион және жексенбі күні Рахима Плаза сауда кешенінің аумағында жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындарының, көтерме сауда қызметімен айналысушы тұлғалардың  және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа қожалықтарының қатысуымен тұрақты түрде жәрмеңкелер ұйымдастырылатынын айтты. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысы азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры қалыптастырылған. Жалпы тұрақтандыру қорына бірінші қажетті 6 тауар сатып алынып, (картоп – 1 348 тн, І сұрыпты ұн – 2 704 тн, құмшекер – 1000 тн, өсімдік майы – 200 литр). 2016 жылдың қараша айынан бастап Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастырған әлеуметтік сауда нүктелері арқылы азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссия бекіткен бағада сатылуда.

Келесі сөз алған Ғ.Құрманбай, өз баяндамасында қаланың жалпы жер көлемі 117 мың гектарды құраса, оның ішіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 62,2 мың га-ны құрайтынын, оның ішінде, 39417 га егістік жер,19571 жайылым, 244 шабындық, көпжылдық екпелер 1040 га. Жалпы қала  бойынша 4152 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қызмет етуде. Баяндамашы қала аумағында өнім беретін жылыжайлардың көлемі 130 гектарға жетіп, оның ішінде өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлар 29,9 гектарды алып жатқанын, өндірілген өнім қала тұрғындарын жеткізіліп отыратынын айтты.           

Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов мәселені қарау барысында, статистика департаменті баға басқармасының статистикалық көрсеткіштері қаланың сауда орындарында сатылатын бірінші қажетті, азық-түлік тауарларының бағасының статистикалық көрсеткіштері шын мәнінде сатылатын бағаға сәйкес көрсетілмейтінін айтып, басқарманың әдіснамасына сәйкес жүргізілген мониторинг қорытындысын және базарлар мен сауда орындарындағы нақты баға айырмашылығының көп болу себебін зерделеуді тапсырды.  Сонымен қатар, қала әкімі қаралған мәселе бойынша жауапты мекеме басшыларына нақты орындау мерзімі көрсетілген бірқатар тапсырма берді.

Әкімдіктің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р. Аюпов, әкімдік мүшелерінің қарауына  бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің 20 қаулысын ұсынды.Қаулылар жан-жақты талқыланып ,қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БІЛІМ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР