Шымкент қаласы аумағындағы сейсмоқауіпті нысандарда  сейсмонығайту  жұмыстарының жүргізілу барысы туралы

15.02.2017 ж

Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер

 

1.

Шымкент қаласы аумағындағы сейсмоқауіпті нысандарда  сейсмонығайту  жұмыстарының жүргізілу барысы туралы

2.

Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудан әкімдері аппараттарының жанынан құрылған «Жылжымайтын мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияларының» жұмыс қорытындысы туралы

3.

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау және бекіту туралы

 

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекті  мәжілісінің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  бөлімінің басшысы Т.Қасымбеков, Шымкент қаласының төтенше жағдайлар басқармасының бастығы М.Жақсыбаев  баяндама жасады.

Т.Қасымбеков өз баяндамасында Шымкент қаласы сейсмоапатты аумақта орналасқанын ескере отырып және түрғын үйлердің басым бөлігінің пайдалану мерзімі 50-60 жылдан асқанына байланысты, сейсмонығайту жұмыстарын жүргізу өте  маңызды екенін айтты.

2012-2016 жылдары аралығында сейсмонығайтуды талап ететін 15 көпқабатты тұрғын үйлерге жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, сейсмонығайту жұмыстар жүргізілген.

Биылғы жылы жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің, қалалық төтенше жағыдайлар басқармасымен бірлесіп жүргізген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде, қала аумағында орналасқан 2042 көпқабатты тұрғын үйдің ішінен сейсмонығайтуға жататын 140 көпқабатты тұрғын үйдің тізімі анықталып, тиісті        ісшара бекітілген. Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, 90 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жылы техникалық-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлініп, қазіргі кезде мердігер мекеме анықтау мақсатында  мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.  

Келесі сөз алған М.Жақсыбаев, қаладағы сейсмонығайтуды талап ететін ғимараттар тізімімен таныстырып, мекеме тарапынан жүргізілген жұмыстар жөнінде баяндады.          

Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов мәселені қарау барысында, қала аумағында өткен ғасырдың 40-60 жылдары салынған үйлер барын, сондықтан ескі үйлерді сейсмонығайтудан өткізу ең басты міндеттердің бірі екенін, өйткені бұл мәселенің артында адамның өмірі тұрғанын айтып,  осы мәселеге жауапты бөлімге және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудан әкімдеріне қалалық төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп, сейсмонығайтуды талап ететін үйлерді қайта зерделеп, қорытындысы бойынша ұсыныс беруді тапсырды.  

Сонымен қатар, қала әкімі осы бағыттағы жұмысты жүйеге келтіру мақсатында қала аумағындағы сейсмикалық қауіпті нысандарда сейсмикалық нығайту жұмыстарын жүргізудің қалалық бағдарламасын әзірлеу    сияқты  нақты орындау мерзімі көрсетілген бірқатар тапсырма берді.

Әкімдіктің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндаған қала әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы А. Қайыпов, Шымкент қаласы аумағында мүлікті жария ету жөнінде барлығы 33 дана тақырыптық баннерлер дайындалып, ілінгенін, тақырыптық бейнероликтер дайындалып, теледидардан барлығы 34 репортаж көрсетілгенін айтты.  

Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында 180 мақала жарияланып, интернет ресурстары арқылы 77 мақала орналастырылған және қала тұрғындары арасында 36 218 дана арнайы  парақшалар (хабарламалар) таратылған. Қала тұрғындарының қатысуымен 324 - семинарлар, дөңгелек үстелдер мен жиналыстар өткізілген.

А.Қайыпов қаланың 4 ауданында құрылған комиссиялардың атқарған жұмыс қорытындысын баяндап, орын алған кемшіліктерді де атап өтті.

Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов мәселені қорытындылай келе, аудан әкімдеріне бірқатар тапсырма берді.

Әкімдіктің күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р. Аюпов, әкімдік мүшелерінің қарауына  бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің 41  қаулысын ұсынды. Қаулылар жан-жақты талқыланып, қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР