Қаланың ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы мәселелер туралы

22.02.2017 ж

Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер

 

1

 

Қаланың ауыл шаруашылығы саласын дамытудағы мәселелер туралы

 

2

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау және бекіту туралы

 

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекті  мәжілісінің күн тәртібіндегі   бірінші мәселе бойынша ауыл шаруашылығы және ветеринария  бөлімінің басшысы Ғ.Құрманбай  баяндама жасады.

Ғ.Құрманбай  өз баяндамасында Шымкент қаласының жалпы жер көлемі 117 мың га құраса, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 62,2 мың га құраған, оның ішінде: 39417 га егістік жер, 19571 жайылым, 244 шабындық, көпжылдық екпелер 1040 га құрайтынын айтты. Жалпы қала  бойынша 4152 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары қызмет етуде. Егін шаруашылығында жоғары өнімді жаңа интенсивті техногиялар ендірілген, атап айтқанда: 4200 гектарға терең қопсыту технологиясы, 200 гектарға тамшылатып суғару технологиясы енгізілсе, 10,1 гектарға жылыжай салынған, 20 гектарға қарқынды бау орналастырылып, 69 ауыл шаруашылық техникасы жаңартылған.

Сонымен қатар, ҚР «Ауыл шаруашылығы кооперативтер туралы»  2015 жылғы 29 қазанындағы Заңына сәйкес қала аумағында кооперативтер құру және көрсетілетін артықшылықтар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 2016 жылдың қорытындысы бойынша қалада 15 ауыл шаруашылығы кооперативі (АӨК) құрылған.

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мәселені қарау барысында, ауыл шаруашылығы және ветеринария  бөліміне қала аумағында мал ұстайтын азаматтардың өз құқығы мен міндеттерін жетік білуі үшін және  мал ұстаудың негізгі талаптарын орындаудағы жауапкершілігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айында «Шымкент қаласы аумағында мал ұстау қағидасының» бекітілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Сонымен қатар Ғ.Әбдірахымов жауапты мекеме басшыларына нақты орындау мерзімі көрсетілген:

- облыстың  ауыл шаруашылығы саласында жалпы өндірілетін өнім көлемінде Шымкент қаласының үлесін арттыру үшін, өндіру көлемі жоғары технологияларды ендіру, жылыжай көлемін арттыру;

- «Шымкент қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасында» ауыл шаруашылығы саласы бойынша межеленген көрсеткіштердің 2017 жылдың соңына дейін толыққанды орындалуын қамтамасыз ету;

-  ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулардың  (субсидия, жеңілдетілген бағамен босатылатын жанар-жағар май, тыңайтқыштар, гербицидтер және т.б) уақытылы  жеткізілуін қамтамасыз ету сияқты бірқатар тапсырма берді.

Әкімдіктің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндаған қала әкімінің орынбасары Қ.Нұртай, әкімдік мүшелерінің қарауына  бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің 10 қаулысын ұсынды. Қаулылар жан-жақты талқыланып, қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР