Шымкент қаласында «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» жүзеге асырылу барысы туралы

05.04.2017 ж

Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер:

 

1.

 

Шымкент қаласында «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламасының» жүзеге  асырылу барысы туралы;

2.

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау және бекіту туралы.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекті  мәжілісінің күн тәртібіндегі  бірінші мәселе бойынша білім  бөлімінің басшысы Ж.Тажиева  баяндама жасады.

Ж.Тажиева мемлекеттік бағдарламада қаланың білім саласын дамыту мақсатында белгіленген 2 мақсат пен 41 нысаналы индикатор 2016 жылдың қорытындысы бойынша   орындалғанын баяндады.

Білім бөлімінің басшысы өз баяндамасында аталмыш бағдарламада ағымдағы жылға белгіленген көрсеткіштердің мөлшері мен орындалу жолдарын атап өтті.

Сонымен қатар, Ж.Тажиева қаланың 29 мектебінде  мектепішілік электронды бақылау жүйесін орнатудың нәтижесінде,  осы мектептерде ағымдағы оқу жылының III-тоқсанында II-тоқсанмен салыстырғанда сабақтан себепсіз қалу деңгейі 75%-ға, өткен жылы      6 қылмыс тіркелсе, биылғы жылы құқықбұзушылық мүлдем орын алмай, оқушылардың үлгерімі 15%-ға пайызға жоғарылағанын  айтты.

 

Барлық балабақшаға және мектепке электронды қабылдау  жүйесі және мұғалімдерді тағайындаудың электронды жүйесінің енгізілуі де бағдарлама көрсеткіштерінің толыққанды орындалуына оң септігін тигізетіні күмәнсіз.

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мәселені қарау барысында жауапты мекеме басшыларына жыл соңына дейін бағдарлама көрсеткіштерінің толыққанды және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды және  нақты орындалу мерзімі көрсетілген бірқатар тапсырма берді.

Әкімдіктің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р. Аюпов, әкімдік мүшелерінің қарауына  бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің 30 қаулысын ұсынды. Қаулылар жан-жақты талқыланып, қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БІЛІМ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР