Шымкент қаласында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың барысы туралы және коммуналдық меншікті тиімді пайдалану барысы және коммуналдық кәсіпорындардың 2016 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысы

19.04.2017 ж

Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер:

1.

Шымкент қаласында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың барысы туралы

2.

Коммуналдық меншікті тиімді пайдалану барысы және коммуналдық кәсіпорындардың 2016 жылғы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысы туралы

3.

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау және бекіту туралы.

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекті  мәжілісінің күн тәртібіндегі бірінші   мәселе бойынша баяндама жасаған ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Қалыбеков, қала аумағында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелгенін айтты. 2016 жылдың желтоқсан айында түрлі категориядағы жастар (оқушы, студент, жұмыссыз, жұмыс жасап жүрген жастар және т.б.) арасында жұмыс жүргізу стратегиясын айқындау мақсатында  сауалнамалар жүргізіліп, қорытындысы бойынша жұмыстар негізгі проблемалық 3 бағыт бойынша жүргізілуде. Атап айтқанда:

  • Бірінші бағыт – бұқаралық спортты дамыту, білім беру мекемелеріндегі жастарды қолдау.
  • Екінші бағыт – жастар арасында қылмыспен құқықбұзушылықтың алдын алу.
  • Үшінші бағыт - жастар арасында жұмыссыздықты алдын алу, кәсіпкерлікті дамыту.

 

Баяндамашы әр бағыт бойынша атқарылған және қалада жастармен жүргізіліп жатқан өзге де жұмыстар жөнінде толыққанды ақпарат бере отырып, ағымдағы  жылға жоспарланған жұмыстарды атады.

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов облыс орталығында жастар саясатын жүзеге асыру барысында орын алған кемшіліктерді сынға алды. Мәселен, Тәуке хан даңғылы мен А.Байтұрсынов көшесінің қиылысындағы «Гарант» дүкенінің айналасында жиналып, заңсыз жерде ұялы телефондарды сатумен айналысатын азаматтардың 80 пайыздан астамы жастар. Қала әкімі  осы жердегі ретсіз сауда орнын тоқтату үшін,  жастарға бір сауда ғимаратының ішінен сауда орындарын  ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар, І.Жансүгіров көшесінің бойында жұмыссыз азаматтардың шоғырлануы сол жерде тұратын азаматтарының күнделікті өміріне кедергі етуін ескере отырып, аталған аумақта тұрақты түрде полиция қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастырылуын тапсырды.

Мәжіліс күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша сөз алған Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы К. Жанбосынов, қаланың коммуналдық меншігіндегі кәсіпорындардың  2016 жылы атқарған жұмысының қорытындысы жөнінде толыққанды ақпарат беріп, ағымдағы жылғы міндеттерді алға салды.

         Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов бұл мәселе бойынша да нақты орындалу мерзімі көрсетілген бірқатар тапсырма берді.

Әкімдіктің күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р. Аюпов, әкімдік мүшелерінің қарауына  бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің   қаулыларын ұсынды.Қаулылар жан-жақты талқыланып, қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БІЛІМ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР