2017 жылғы мектеп бітірушілерін қорытынды аттестаттауға және ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау мен балаларды жаңа бағдарлама негізінде мектепке қабылдау жұмыстарының жағдайы туралы

17.05.2017 ж

Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер:

1.

 

2017 жылғы мектеп бітірушілерін   қорытынды аттестаттауға және ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау мен балаларды  жаңа бағдарлама негізінде мектепке қабылдау жұмыстарының жағдайы туралы

2.

 

2017 жылы  қала оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыру туралы

3.

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау және бекіту туралы.

 

 

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекті  мәжілісінің күн тәртібіндегі бірінші   және екінші мәселелер бойынша білім бөлімінің басшысы Ж.Тажиева баяндама жасады.  

Ж.Тажиева бірінші мәселе бойынша  жасаған баяндамасында  2016-2017 оқу жылында қала бойынша 11 сыныпты бітіретін  7431 түлектің  5059-ы  немесе 70,0% ҰБТ тапсыруға өтініш бергенін айтты.

Биылғы жылы  мектеп бітірушілері мектепте бірінші қорытынды аттестаттау емтиханын бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және оқыту бейіні бойынша 1 таңдау пәнін тапсырады.

Екінші: ҰБТ - жоғары оқу орындарына түсу емтиханы. ҰБТ форматы бойынша 5 пәннен 120 сұрақ (20+20+20+30+30=120 тапсырма)беріледі, оның 3-і міндетті және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты, 2-і бейіні бойынша.

Ж.Тажиева сөзін жалғастыра отырып, қала түлектерін ҰБТ-ға дайындау жұмыстары жөнінде толыққанды статистикалық мәлімет берді.

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов биылғы жылы мектеп түлектері үшін емтихандар жаңа форматта өткізілуін негізге ала отырып, түлектер мен ата-аналардың арасында аттестациялық қорытынды емтихандар мен ҰБТ-ны тапсыру бойынша түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, тиісті жауапты мекеме басшыларына:

- ағымдағы жылғы 25 мамыр күні оқушылар арасында көліктер шеруінің алдын-алу жұмыстарын жүргізу;

- қаладағы қоғамдық орындарда (саябақтар, дендросаябақ, демалыс орындары) қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстарын күшейтіп,  мектеп бітірушілердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларының, жазатайым оқиғалар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін қала аумағын тәулік бойы патрульдеуді ұйымдастыру сияқты бірқатар маңызды тапсырмалар берді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндама жасаған  Ж.Тажиева, биылғы жылы жазғы маусымда демалыспен 43 мыңнан аса баланы қамту жоспарланып отырғанын айтты. Оның ішінде: жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға 5211 жетім, жартылай жетім, көп балалы  отбасының балалары, кәсіподақ ұйымының қолдауымен 600 әлеуметтік көмекті қажет ететін педагогтардың балалары болса,  31565 бала мектеп жанынан ашылатын алаңдарда демалады.

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мәселені қарау қорытындысы бойынша жауапты бөлімдерге:

- жазғы лагерлер санын ұлғайту мақсатында, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде лагерлер ұйымдастыру бойынша ұсыныс беруді;

- лагерлердегі балалардың үздік спортшылармен кездесуін және спорттық іс-шаралардың  ұйымдастырылуын қамтамасыз ету сияқты нақты орындалу мерзімі көрсетілген  бірнеше тапсырма берді.   

Әкімдіктің күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р. Аюпов, әкімдік мүшелерінің қарауына  бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің   37 қаулысын ұсынды. Қаулылар жан-жақты талқыланып, қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БІЛІМ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР