Қаланың аудан аумақтарында туындаған өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары бойынша 2017-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы

31.05.2017 ж

Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер:

 

1.

 

Қаланың аудан аумақтарында туындаған өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары бойынша 2017-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы

2.

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау және бекіту туралы.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекті  мәжілісінің күн тәртібіндегі  бірінші мәселе бойынша Абай ауданының әкімі А.Татыбаев, Әл-Фараби ауданының әкімі Б.Қалжанов, Еңбекші ауданының әкімі Ғ.Ильясов, Қаратау ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов баяндама жасады.

Аудан әкімдері өздері басқарып отырған ауданда  бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалу жағдайын баяндады.  

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мәселені қарау барысында аудандарда бекітілген аталмыш іс-шараларда көзделген жұмыстар негізінен құрылымдық бөлімдер тарапынан орындалатын жұмыстар екеніне аса назар аударды.

Мәселені талқылау қорытындысы бойынша қала әкімі Ғ.Әбдірахымов, жауапты бөлім басшыларына Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау  аудан аумақтарын  ауыз сумен, газбен, электр қуатымен, ирригациялық жүйелермен қамтамасыз ету, мектеп құрылысын жүргізу, жолдарды салу, ағымдағы жөндеу жұмыстарын қатаң бақылауға алып, 2017 жылдың соңына дейін жоспарланған мәселелердің толыққанды орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.  

Әкімдіктің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р.Аюпов, әкімдік мүшелерінің қарауына  бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің 26 қаулысын ұсынды. Қаулылар жан-жақты талқыланып, қабылданды.

 


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БІЛІМ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР