Мемлекеттік мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы      №544       2017 жылғы 14 маусым


Мемлекеттік мұқтажы үшін алып қоюға байланысты
жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті
мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және Шымкент қаласының Бас жоспары негізінде, Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің 2017 жылғы 18 наурыздағы №20/3649 ұсынысын негізге ала отырып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шымкент қаласы, Ескі қала аумағының егжей тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, жобадағы көп қабатты тұрғын үйлер, әлеументтік нысандар, көпшілік пайдаланатын орындар (саябақтар), жолдар және инженерлік жүйелердің құрылыстарын салу мақсатында, қосымшаға сәйкес жер учаскелері мемлекеттік мұқтажы үшін алынсын.
2. Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы Қ.Сайлауов жер учаскелерінің меншік иелеріне басқа жер учаскелерін берілуі мүмкіндігін қарастырып және осы қаулының орындалуына бағытталған басқа да тиісті іс-шараларды жүзеге асырсын.
3. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап үш жыл деп белгіленсін.
4. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін меншік иелері немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылар Жангелдин көшесі, №13/5 ғимараты,   2-қабатта орналасқан «Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласуы қажет.
5. Шымкент қаласы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Н.Бектурсынов жер учаскелерінің немесе жер пайдалану құқығының және анықталған жерде орналасқан жылжымайтын мүліктердің құнын төлеуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Кушеровке жүктелсін.

Ғ.Әбдірахымов,қала әкімі


Шымкент қаласы әкімдігінің
14 маусым 2017 ж
№544 қаулы қосымшасы

Мемлекет мұқтажы үшін алынатын жер телімдерінің тізімі


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР