Қаладағы тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысының барысы туралы

01.03.2017 ж

Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер:

1.

Қаладағы тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысының барысы туралы;

2.

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау және бекіту туралы.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекті  мәжілісінің күн тәртібіндегі  бірінші мәселе бойынша құрылыс бөлімінің басшысы Т.Егетаев  баяндама жасады.

Т.Егетаев қала аумағында құрылысы 2016 жылы жүргізілген көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың, инженерлік инфрақұрылымдардың және ағымдағы жылы салынатын нысандардың жағдайына  жасалған сараптама негізінде баяндама жасады.

Сонымен қатар, баяндамада бірқатар мердігер мекеме өздеріне келісім шарт негізінде жүктелген міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін  2016 жылы бөлім тарапынан 4 мердігер және 1 техникалық қадағалаушы мекемеге жалпы сомасы 4,5 млн. теңгеге жуық айыппұл салынып, мемлекет пайдасына өндірілгені айтылды.

Келесі сөз қала әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы М.Кеуеноваға берілді. М.Кеуенова өз баяндамасында қала ауамағында 2016 жылы тапсырылған көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеметтік нысандарда орын алған кемшіліктер жөнінде айтты.            

 

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мәселені қарау барысында қала аумағында құрылысы жүргізілген бірқатар нысанның сапасы сын көтермейтінін атап, құрылыс бөлімінің көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың сапасын қадағалаудағы, мердігер, техникалық  және  авторлық қадағалаушы мекемелердің жұмысын бақылаудағы қызметіне  қанағаттанарлықсыз деген баға берді.   

Қала әкімі құрылыс бөліміне құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың сапасын жоғарылатып, мердігер мекемелердің атқарған жұмыстарына сұранысты күшейтуді тапсырды және  нақты орындалу мерзімі көрсетілген бірқатар тапсырма берді.

Әкімдіктің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р.Аюпов, әкімдік мүшелерінің қарауына  бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің 9 қаулысын ұсынды.Қаулылар жан-жақты талқыланып, қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БІЛІМ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР