Шымкент қаласы аумағындағы санитарлық тазалау, көріктендіру және абаттандыру жұмыстарының барысы туралы

15.03.2017 ж

Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер:

1.

Шымкент қаласы аумағындағы санитарлық тазалау, көріктендіру  және абаттандыру жұмыстарының барысы туралы;

2.

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау және бекіту туралы.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекті  мәжілісінің күн тәртібіндегі  бірінші мәселе бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Т.Қасымбеков баяндама жасады.

Т.Қасымбеков баяндамасында қаланың ұзындығы 835 шақырымды құрайтын 156 көшесі қолмен  және осы көшенің 153-і механикалық тазалаумен қамтылғанын айтты. Осы көшелерді қыс айларында қардан тазалау, инертті материалдар себу және жаз айларында көшені жуу, су себу жұмыстарын 4 мердігер мекеме  атқарады.

Т.Қасымбеков  баяндамасында қала  аумағын көгалдандыру, саябақтар мен гүлзарларды, су бұрқақатарын, аяқ жолдарды, өзен-каналдарды, ирригация жүйлерін, ескерткіштер мен басқа да нысандарды күтіп-ұстау жұмыстарының барысы жөнінде мәлімет берді.

 

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мәселені қарау барысында қала аумағын санитарлық тазалау, көріктендіру жұмысында күнделікті бақылап, орындауды қажет ететін мәселелер артып асатынын айтып, осы бағыттағы жұмыс сапасын жоғыралатуды, қызмет көрсететін мердігер мекемелердің атқарған жұмыстарына сұранысты күшейтуді тапсырды және  нақты орындалу мерзімі көрсетілген бірқатар тапсырма берді.

Әкімдіктің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р.Аюпов, әкімдік мүшелерінің қарауына  бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің 9 қаулысын ұсынды.Қаулылар жан-жақты талқыланып, қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БІЛІМ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР