2016-2017 жылдарғы жылу беру маусымының қорытындысы және қаланы 2017-2018 жылдарғы жылу кезеңіне дайындаудағы міндеттер туралы

16.06.2017 ж

Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер:

1.

2016-2017 жылдарғы жылу беру маусымының қорытындысы  және қаланы 2017-2018 жылдарғы жылу кезеңіне дайындаудағы  міндеттер туралы

2.

Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының  2017 жылы атқарған  жұмысы туралы 

3.

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау және бекіту туралы.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекті  мәжілісінің күн тәртібіндегі бірінші   мәселе бойынша баяндама жасаған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысы Н.Бектұрсынов, былтырғы жылы ауа райының күрт төмендеуіне байланысты, қала тұрғындарына жылу беру маусымы 2016 жылғы 14 қазаннан басталып,  2017 жылғы 1 сәуірде тоқтатылғанын айтты.


Н.Бектұрсынов, 2016-2017 жылғы жылу беру маусымында жүргізілген оңды жұмыстармен қатар, орын алған кемшіліктерді де атап, толыққанды мәлімет берді.

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов  мәселені қарау барысында өткен қыс мезгілінде бөлімнің, қаланы жылумен қамтамасыз ететін коммуналдық мекемелердің жұмысында орын алған кемшіліктерді атай отырып, жауапты мекеме басшыларына нақты орындалу мерзімі көрсетілген бірқатар тапсырма берді.

 

Мәжіліс күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша сөз алған қала әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Н.Қырғызәлиев, қала әкімдігінің жанынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 2017 жылы атқарған жұмысы жөнінде толыққанды мәлімет берді.

 

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мәселені қарау қорытындысы  бойынша да нақты орындалу мерзімі көрсетілген бірқатар тапсырма берді.

Әкімдіктің күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р.Аюпов, әкімдік мүшелерінің қарауына  бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің   қаулыларын ұсынды. Қаулылар жан-жақты талқыланып, қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БІЛІМ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР