Шымкент қаласы, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудан әкімдерінің тұрғындар алдында есеп беру кезінде айтылған сын-ескертпелерді орындау барысы туралы

21.06.2017 ж

Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер:

1.

 

Шымкент қаласы, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудан әкімдерінің тұрғындар алдында есеп беру кезінде айтылған сын-ескертпелерді орындау барысы туралы;

 

2.

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау және бекіту туралы.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекті  мәжілісінің күн тәртібіндегі  бірінші мәселе бойынша Абай ауданының әкімі А.Татыбаев, Әл-Фараби ауданының әкімі Б.Қалжанов, Еңбекші ауданының әкімі Ғ.Ильясов, Қаратау ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов, қала әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы М.Кеуенова  баяндама жасады.

Аудан әкімдері тұрғындар алдында есеп беру кезінде айтылған сын-ескертпелерді орындау барысы туралы баяндама жасады. Аудан әкімдері халықтың сын-ескертпелерінің  орындалу барысын және кейбір сауалдардың орындалуындағы   проблемалар туралы баяндады.

Келесі сөз алған қала әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы М.Кеуенова    қала мен 4 аудан әкімдері тарапынан  тұрғындардың сын-ескертпелерін  орындау барысына аналитикалық  сараптама тұрғысында жасалған мәлімет берді.

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мәселені қарау барысында қала мен аудандарда тұрғындардың сауалдарын орындау іс-шараларында көзделген жұмыстар негізінен тиісті құрылымдық бөлімдер тарапынан орындалатын жұмыстар екеніне аса назар аудара отырып, ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған мәселелердің толыққанды орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. 

Әкімдіктің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р.Аюпов, әкімдік мүшелерінің қарауына  бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулылары жан-жақты талқыланып, қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БІЛІМ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР