2017 жылғы мектеп бітірушілерінің қорытынды аттестаттау емтихандар мен ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру қорытындылары туралы

05.07.2017 ж

Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер:

1.

2017 жылғы мектеп бітірушілерінің қорытынды аттестаттау емтихандар мен ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру қорытындылары туралы

2.

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау және бекіту туралы.

 

Шымкент қаласы әкімдігінің кезекті  мәжілісінің күн тәртібіндегі бірінші   мәселе бойынша баяндама жасаған білім бөлімінің басшысы Ж.Тажиева, ҚР Білім және ғылым министрінің  бұйрығына сәйкес,  сәйкес, биылғы жылы мектеп түлектері үшін емтихандар жаңа форматта өткізілгенін жеткізді. Атап айтқанда,   11-сынып бітірушілері үшін қорытынды аттестаттау 29 мамыр - 9 маусым аралығында өтіп, қорытынды аттестаттауға 7 324 оқушы қатысқан.

Емтихандар нәтижесінде білім сапасы – 68,8%-ды құраған.

Қорытынды аттестатаудың нәтижесінде 248 оқушы «Алтын белгі», 164 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидалары» туралы 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығына сәйкес Шымкент қаласындағы жалпы орта мектептердің түлектері 2017 жылдың 20-26 маусым аралығында  3 пункте Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырды.

Ж.Тажиева ұлттық бірыңғай тестілеуге мектеп бітірушілерінің 70%-ы қатысып, қала бойынша орта балл көрсеткіші 85,2 балды құрағанын (облыстық мектептерді қосқанда – 86,6 балл) мәлімдеді. Былтырғы жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл 82,6  болған.

Ұлттық бірыңғай тестілеу  өткізу, тестілеуге кіргізу кезінде ҰБТ қағида талаптарының бұзылуы орын алмаған.

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мәселені қарау қорытындысы  бойынша нақты орындалу мерзімі көрсетілген бірқатар тапсырма берді.

Әкімдіктің күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р.Аюпов, әкімдік мүшелерінің қарауына  бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің   қаулыларын ұсынды. Қаулылар жан-жақты талқыланып, қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР