Қала аумағындағы санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандару жұмыстарының жағдайы және қала нысандарын 2017-2018 жылдарғы жылу беру маусымына дайындаудың барысы туралы

12.07.2017 ж

Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер:

1.

Қала аумағындағы   санитарлық тазалау, көгалдандыру және абаттандару    жұмыстарының жағдайы туралы

2.

Қала нысандарын 2017-2018 жылдарғы жылу беру маусымына дайындаудың барысы туралы

3.

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау және бекіту туралы.

 

Мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысы Н.Бектұрсынов, ағымдағы жылы қаланың орталық көшелері мен алаңдарындағы санитарлық тазалау жұмыстарына бөлінген қаржыға механикалық, қолмен тазалау жұмыстары, өзен, каналдарды күтіп ұстау, инертті материалдар қорын толықтыру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

Сонымен қатар, баяндамашы ағымдағы жыл басынан бөлім тарапынан қала аумағындағы саябақтар мен гүлзарларды, тік ұңғымалар мен су бұрқақтарын, темір қоршауларды күтіп ұстау, аялдамаларды орнату және жасыл желектерді отырғызу  бағытында жүргізіліп отырған жұмыстары  жөнінде ақпарат берді.

 

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов  мәселені қарау барысында жауапты лауазым иелеріне:

- «Мәртөбе» тұрғын алабындағы   қоқыс полигонының   аумағында құнарландыру жұмыстарын жүргізуді;

- қала аумағында абаттандыруға жататын 7 шатқалды көгалдандыру, ағаш көшеттерін күтіп-ұстау, суғару, қоршау  жұмыстарының жүйелі жүргізілуін   қамтамасыз етуді;  

- қаланың орталық көшелерінің ирригациялық жүйелерін және жауын-шашын кезінде су алу қауіпі бар аумақтардағы атыз-арықтардың қайта құру жұмыстарының 1 айда аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Мәжіліс күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысы Н.Бектұрсынов, қала нысандарын 2017-2018 жылдарғы жылу маусымына дайындау барысы жөнінде толыққанды мәлімет берді.

 

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мәселені қарау барысында қаланы келесі жылу маусымына дайындауда орын алған кемшіліктерге аса назар аудара отырып, жауапты мекеме басшыларына нақты орындалу мерзімі көрсетілген бірқатар тапсырма берді.

Әкімдіктің күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р.Аюпов, әкімдік мүшелерінің қарауына  бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің   қаулыларын ұсынды. Қаулылар жан-жақты талқыланып, қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БІЛІМ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР