«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы

26.07.2017 ж

Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер

1.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы

2.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының 2017 жылғы 6 ай қорытындысы бойынша орындалу барысы туралы

3.

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау және бекіту туралы.

 

 

Мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысы Н.Бектұрсынов, қала аумағында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 4 шағын ауданда (Самал – 1,2, Қайтпас-1 және Солтүстік-Батыс) кәріз жүйелерінің құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіліп, белгіленген мерзімде аяқталатынын  айтты.

Осы мәселе бойынша сөз алған құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Тұрханов, бөлім тарапынан 2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жалпы  18 нысанның, оның ішінде 7 мектептің және 11 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатқанын баяндай отырып, қазіргі таңда әр нысанның құрылыс жағдайына тоқтады.


Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов  мәселені жан-жақты талқылау қорытындысы бойынша  жауапты лауазым иелеріне кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізіліп жатқан шағын аудандардағы абоненттерді орталық кәріз жүйесіне қосу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан нысандарды бекітілген берзімде және сапалы тапсырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Мәжіліс күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Тұрханов, 2016 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында   2 инженерлік инфрақұрылым, 4 көлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы басталып, бөлінген қаржы бекітілген кестеге сәйкес игеріліп отырғанын және бұл нысандардың барлығы 2018 жылға өтпелі екенін мәлімдеп, әр нысанның құрылыс жағдайына жеке-жеке тоқтады.  

 

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мәселені қарау барысында жауапты лауазым иелеріне:

- мердігер мекемелерден бағдарлама аясында салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің сапалы жүргізуін  және техникалық қадағалау мекемелерінің өз міндеттерін заң аясында атқаруын қатаң бақылауға алып, ай сайын мониторинг жүргізу;

-  «Тұран» шағын ауданындағы «Астана-1,2» қосалқы стансаларының құрылысын түзілген жұмыс кестесінен ауытқымай жүргізілуін қамтамасыз ету сияқты бірқатар маңызды тапсырма берді. 

Әкімдіктің күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р.Аюпов, әкімдік мүшелерінің қарауына  бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің   қаулыларын ұсынды. Қаулылар жан-жақты талқыланып, қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БІЛІМ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР