Шымкент қаласында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

ЖОБА

Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ

Шымкент қаласы       №___      «__» ______ 2017 жыл

 

Шымкент қаласында сот шешімімен
коммуналдық меншікке түскен
болып танылған иесіз қалдықтарды
басқару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қаласында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз  қалдықтарды  басқару  қағидалары  осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы 
Қалалық мәслихат хатшысы


Шымкент қалалық мәслихатының
шешімімен бекітілген 
 «___»  __________2017 жылғы 
№___ 

 

Шымкент қаласында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

1. Осы сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 
20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3. Иесіз қалдықтарды басқару Шымкент қаласы әкімдігімен жүзеге асырылады.
4. Қалдықтарды басқару мақсатында, Шымкент қаласының әкімдігі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады, оның құрамына қала әкімінің аталған салаға жетекшілік ететін орынбасары және тиісті мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың өкілдері кіреді.
«Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган болып табылады. 
5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2. Сот шешімімен 
коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз 
қалдықтарды басқару тәртібі
6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.
7. Талап етілмеген қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды Шымкент қаласы әкімдігі Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.
8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР