Қаладағы білім мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы және 2017 жылғы 6 айда қалаға инвестиция тарту бойынша атқарылған жұмыстардың барысы туралы

29.08.2017 ж

Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер:

1.

Қаладағы білім мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы туралы

2.

2017 жылғы 6 айда қалаға инвестиция тарту бойынша атқарылған жұмыстардың барысы туралы

3.

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау және бекіту туралы

 

Мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған білім  бөлімінің  басшысы Ж.Тажиева, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары бірнеше бағытта жүргізіліп жатқанын айтты. Атап айтқанда, биылғы жылы 3 жаңа мектеп (№125,128,129), 2 мектептің (№69,97) орнына жаңа құрылыс, 3 мектепке (№27,34,59) қосымша құрылыс жұмыстары жүргізіліп 1 қыркүйекке дейін пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Ж.Тажиева өз баяндамасында мектептерде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу, жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының, мектептердің материалдық-техникалық базаларын жаңарту, оқулықтармен қамтамасыз ету жұмыстарының   жағдайына толыққанды сараптама жасады.

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мәселені қарау қорытындысы бойынша тиісті бөлімдерге:

- қаладағы 19 жалпы орта мектеп  спорт алаңшаларының құрылысын түзілген келісім шарт талаптарына сәйкес  пайдалануға тапсырылуын  қамтамасыз етуді;

- жаңа оқу жылына орай, барлық білім мекемелерінде жетім, жартылай жетім және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына арнап «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыруды;  

- жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға робототехника кабинеттерімен жабдықтау жұмыстары сапалы жүргізілуін қамтамасыз етуді;

- қала аумағындағы барлық білім мекемелерінің маңындағы көшелерде орнатылған жол белгілері мен кедергілердің жағдайын зерделеп, тозығы жеткен жол кедергілерінің   қайта қалпына келтірілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Екінші мәселе бойынша сөз алған қалалық кәсіпкерлік бөлімі  басшысының орынбасары Н. Жүнісбаев 2017 жылдың 6 айында Шымкент қаласының   негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 62 пайызға артқанын айтты. 

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберінде 2017 жылы  сәуір айында құны  850 млн. тенгені құрайтын «Рахат-Шымкент» ЖШС (вафельді түтікшелерді шығаруды ұйымдастыру) іске қосылып, 28 жаңа жұмыс орыны ашылған.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы индустрияландыру картасына енген «Petro Kazakhstan oil Products» ЖШС мұнай өңдеу зауытын модернизациялау жобасы бойынша   инвестиция тартылған.

Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов мәселені қарау барысында жауапты лауазым иелеріне:

- инвестициялар тарту жұмыстарын  жүйеге келтіру мақсатында арнайы қалалық іс-шаралар жоспарын бекітуді; 

- қаланың  инвестициялық тартымдылығын арттыру және кәсіпкерлік, туризм салалары бойынша жаңа жобаларды ашу мүмкіндіктерін қарастыру мақсатында, бизнес өкілдерінің және қаржы институттары мен жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен форум өткізу бойынша    ұсыныс беруді;

- Шымкент қаласында  кәсіпкерлерді қолдау орталығын   ашуды тапсырды.

Әкімдіктің күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р. Аюпов, әкімдік мүшелерінің қарауына  бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің   қаулыларын ұсынды. Қаулылар жан-жақты талқыланып, қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР