Шымкент қаласындағы жолдарды жөндеу жұмыстарының жағдайы және қаладағы коммуналдық меншікті тиімді пайдалану және коммуналдық кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары туралы

20.09.2017 ж

Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер:

1.

Шымкент қаласындағы жолдарды жөндеу жұмыстарының жағдайы туралы

2.

Қаладағы коммуналдық меншікті тиімді пайдалану және коммуналдық кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары туралы

3.

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау және бекіту туралы

 

Мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімінің  басшысы Қ. Жұматаев, қала көшелерінің жалпы ұзындығы 2 882,9 шақырым құрайтынын, оның ішінде: асфальтты-бетонды төселіммен көшелердің 1506,31 шақырымы (52,2%) көшесі, шағал тас жолмен  1 176,76 шақырымы (41,8%), ал топырақ жолмен  199,83 шақырымы  (6,0%) қамтылғанын айтты.

Қ.Жұматаев қала аумағында ағымдағы жылы қала көшелерін жөндеу, көшелердің жалғасын салу, жол айрығынның құрылысын жүргізудің жағдайы және келесі жылға жоспарланған жұмыс ауқымы жөнінде толыққанды мәлімет берді.

 

Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов мәселені қарау қорытындысы бойынша тиісті бөлімдерге:

- жыл соңына дейін Б.Момышұлы, Жібек жолы, Төреқұлов – Жібек жолы, Қожанов, Әл-Фараби көшелерінің,  Кіші айналма жолдың, Ынтымақ шағын ауданындағы атауы жоқ көшенің, Тассай шағын ауданындағы Тауке хан көшесінің, атауы жоқ көшесі (А-2 автомобиль жолынан Батыс Қытай-Батыс Европа және КХ-15 жолдарының қиылысындағы жол арығына дейін) жалғасының,  Астана даңғылы  жалғасы, атауы жоқ көшенің (Арғынбеков көшесімен Астана даңғылын жалғайтын), Рысқұлов көшесіндегі «Самал» базарының аумағына жер асты жаяу жүргіншілер өтпесінің және тағы да басқа бірқатар көшенің құрылысын аяқтауды;   

- қала көшелеріндегі жөндеу жұмыстарының сапасына қадағалау жұмыстарын күшейтіп, жұмыстарды сапасыз атқарған мердігер мен техникалық қадағалаушы мекемелерге қолданыстағы заң талаптарына сәйкес шара көруді;

- жол патрульдік полиция полкі инспекторларының қала көшелерін күнделікті аралау барысында, қала көшелерінде тиісті рұқсат құжаттарынсыз жер қазба жұмыстарын атқарып жатқан заңды және жеке тұлғаларға қолданыстағы заң талаптары шеңберінде шара көруді тапсырды.

 

Екінші мәселе бойынша сөз алған экономика және қаржы бөлімінің басшысы К.Жанбосынов,  қаланың коммуналдық меншігіндегі  коммуналдық заңды тұлғалардың 2017 жылы атқарған жұмысындағы  қол жеткізілген жетістіктер мен орын алған кемшіліктерге сараптамалық баяндама жасады.

Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов мәселені қарау барысында бірқатар атқарушы органдардың өздеріне қарасты коммуналдық меншікті тиімді пайдалану  және коммуналдық кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметтеріне бақылау жасау жұмысын сынға алып,  жауапты лауазым иелеріне орын алған кемшіліктерді жою және   осы бағыттағы жұмыстарды қолға алып,  жандандыруды тапсырды.

 

Әкімдіктің күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р. Аюпов, әкімдік мүшелерінің қарауына  бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің   қаулыларын ұсынды. Қаулылар жан-жақты талқыланып, қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БІЛІМ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР