Қала жерлерін мемлекет мұқтажы үшін қайтару жұмыстарының жағдайы және «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында қаланың коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жұмыстарының барысы туралы

11.10.2017 ж

Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер:

1.

Қала жерлерін мемлекет мұқтажы үшін қайтару жұмыстарының жағдайы туралы

2.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында қаланың коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жұмыстарының барысы туралы

3.

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау және бекіту туралы

 

Жер қатынастары  бөлімінің  басшысы Қ. Сайлауов мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасап,  Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, қала аумағында әлеуметтік маңызы бар нысандарды, жолдарды салу үшін  қажетті жер телімдерін мемлекет мұқтажына  қайтару жұмыстарының барысына тоқталды.

 

Атап айтқанда, қазіргі кезде бөлім тарапынан Бозарық-2 шағын  ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің, Шымкент сити қалашығының, Қонаев, Астана  даңғылдары  жалғасының, Сыпырған ата, Жібек жолы құрылысына, Қошқар ата жағалауын абаттандыру жұмыстарына  қажетті жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстары жүргізілуде. Қ.Сайлауов өз баяндамасында жерлерді мемлекет мұқтажына  қайтару жұмыстарында орын алған проблемалар мен алда тұрған мақсаттар жөнінде толыққанды мәлімет берді.

 

Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мәселені қарау қорытындысы бойынша тиісті бөлімдерге нақты орындалу мерзімі көрсетілген маңызды бірқатар тапсырма берді, оның ішінде:

- қаланың Бас жоспарына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар нысандардың, оның ішінде көп қабатты тұрғын үйлер мен мектептердің, жолдардың құрылысы түсетін, нақты мекенжайы көрсетілген жер телімдерінің  заңда белгіленген тәртіппен мемлекет мұқтажына алынуын қамтамасыз ету;

- қала аумағында жер учаскелерін мемлекет мұқтажына  мәжбүрлеп алу кезінде, мемлекет меншігіне алынатын   жер телімдерінің меншік иелеріне тиісті өтемақылардың заңда белгіленген мерзімнен кешіктірілмей төленуін қамтамасыз ету.

 

Екінші мәселе бойынша сөз алған тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы М.Жұманов,  қала аумағында «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының»  үшінші бағыты аясында қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жұмыстарының жағдайы жөнінде баяндама жасады.

 

Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов мәселені қарау барысында тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қала тұрғындарына аталмыш бағдарламаның   тиімділігі жөнінде жүргізіп жптқпн түсіндіру жұмыстарына көңілі толмайтынын айта отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде қала, аудан әкімдерінің,  бөлімнің веб-сайттарын, көрнекі және бұқаралық ақпарат құралдары ресурстарын кеңінен пайдалануды тапсырды. Сонымен қатар қала әкімі  жауапты бөлімдерге: 

- ағымдағы жылы мердігерлер тарапынан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан   көпқабатты тұрғын үйлердің жұмыс сапасына сұранысты күшейтіп, бекітілген кесте мерзімдерінің орындалуын қатаң бақылауға алуды;

- қала аумағында бағдарлама аясында жаңғыртуға жататын тұрғын үйлердің арасынан әр жылы кемінде 100 көп қабатты тұрғын үй қамтылған 2018-2020 жылдарға арналған   кестені   түзіп, жаңғырту жұмыстарын жүргізу барысында үйлердің қас беттерінің замануи үлгіде жөнделуін қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Әкімдіктің күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р. Аюпов, әкімдік мүшелерінің қарауына  бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің   қаулыларын ұсынды. Қаулылар жан-жақты талқыланып, қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БІЛІМ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР