Мектепке дейінгі тәрбие мен қытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын,  ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

ЖОБА

Шымкент қаласының тұрғындарының және кәсіпкерлік субьектілерінің назарына!!!

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен
қытуға мемлекеттік білім беру
тапсырысын,  ата-ана төлемақысының
мөлшерін бекіту туралы   
 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Заңның 31 бабының 2 тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңның 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1, 2 – қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын,  ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
  2.   Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 мамырдағы №813 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3751 тіркелген, 2016 жылы 03 маусымдағы №44 «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3.   Осы қаулының орындалуын бақылау білім бөлімінің басшысы Ж.Тажиеваға жүктелсін.
  4.   Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі                  Ғ.Әбдірахымов


 

Шымкент қаласы әкімдігінің
______ жылғы ______

№____ қаулысына
                                                                                    1-қосымша

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен  оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

 

Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны

Оның ішінде

республикалық бюджет есебінен

жергілікті бюджет есебінен

1

53213

36491

16722

                 


                                Шымкент қаласы әкімдігінің
______ жылғы  ______
№_____ қаулысына
2-қосымша

 

Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

 

Барлығы

Күніне бір баланың  шығыны, 3 жасқа дейін теңге  (көп емес)

Күніне бір баланың  шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес)

436,75

527,94

 

Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне  қарай  кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР