Шымкент қаласының 2017 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2016-2020 жылдарға арналған Даму бағдарламасы индикаторларының орындалуы туралы

18.10.2017 ж

Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер:

1.

Шымкент қаласының 2017 жылғы  9 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2016-2020 жылдарға арналған Даму бағдарламасы индикаторларының орындалуы  туралы

2.

Қала бюджетінің 2017 жылғы 9 айдағы атқарылу қорытындысы  туралы

3.

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау және бекіту туралы.

 

Қалалық экономика және қаржы  бөлімінің  басшысы К. Жанбосынов мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасап, 2017 жылдың 9 айында Шымкент қаласының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерде оңды динамика байқалып отығанын, атап айтқанда, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнім көлемі 0,8 пайызға, ауылшаруашылығы өнімінің көлемі 6,5 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 9,5 пайызға, инвестиция көлемі 27,4 пайызға, сауда көлемі 5,4 пайызға артқанын, ал, іске қосылған тұрғын үй көлемі 100 пайыз құрағанын айтты.

К. Жанбосынов сөзін жалғастырып, Шымкент қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының 2017 жылғы 9 айындағы орындалуына жағдайына тоқталып, бағдарламаның 146 көрсеткішінің орындалу жағдайына талдау жасады.

Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов мәселені қарау барысында 9 ай қорытындысы бойынша даму бағдарламасында жоспарланған бірқатар көрсеткіштер кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария сияқты бірқатар бөлім тарапынан толыққанды орындалмағанын атай отырып, тиісті жауапты бөлімдерге нақты орындалу мерзімі көрсетілген бірқатар маңызды тапсырма берді.

 

Мәжілістің екінші мәселесі  бойынша да сөз алған экономика және қаржы  бөлімінің  басшысы К. Жанбосынов, ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысы бойынша қала бюджетінің кірістер жоспары 102%-ға, орындалғанымен, бірқатар жекелеген кіріс көздері бойынша біршама орындалмағанын, ал шығыс жоспары 99,9 пайызға орындалып, жоспардың объективті жән субъективті орындалмау себептеріне толыққанды сараптама жасады.

Қала әкімі Ғ. Әбдірахымов мәселені қарау барысында  бюджет жоспараларын орындау, бөлінген қаржыны жыл соңына дейін толығымен игеру мекеме басшысының ең бірінші міндеті екенін шегелей отырып, тиісті бөлімдерге нақты орындалу мерзімі көрсетілген бірқатар  тапсырма берді.

 

Әкімдіктің күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша баяндаған қала әкімі аппаратының басшысы Р. Аюпов, әкімдік мүшелерінің қарауына  бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің   қаулыларын ұсынды. Қаулылар жан-жақты талқыланып, қабылданды.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР