Қала аумағында әлеуметтік шиеленістер туындауы мүмкін ошақтар «ыстық нүктелер» бойынша атқарылған жұмыстар туралы

15.11.2017 ж

Әкімдік мәжілісінде қаралған мәселелер:

1.

Қала аумағында  әлеуметтік шиеленістер туындауы мүмкін ошақтар «ыстық нүктелер» бойынша атқарылған жұмыстар туралы

2.

Шымкент қаласында «Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамасының»   орындалу барысы туралы

3.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қаланың мәдениет саласында атқарылған жұмыстар туралы

4.

Қалада «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асырылу барысы туралы

 

 

Шымкент қаласының әкімі Н.Сауранбаевтың төрағалығымен өткен қала әкімдігі кезекті мәжілісінің күн тәртібіндегі бірінші мәселе боынша  ішкі саясат   бөлімінің басшысы Қ.Қалыбеков   баяндама жасады.

Қ.Қалыбеков қалада әлеуметтік шиеленіс жағдайларының алдын-алу мақсатында БАҚ-да жарияланған сыни материалдар, азаматтардың жазбаша арыз-шағымдарында көтерілген мәселелер мен социологиялық зерттеулер нәтижесімен анықталған проблемалық мәселелер тұрақты түрде талданып, арнайы түзілген іс-шаралар жоспарына енгізілгенін атай отырып, аталмыш жоспарға енген мәселелердің орындалу барысын баяндады.

Қала әкімі Н.Сауранбаев мәселені қарау барысында жауапты лауазым иелеріне нақты орындау мерзімі көрсетілген бірқатар тапсырма берді.                                

 Мәжіліс күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша сөз алған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Н.Бектұрсынов, қалада «жасыл экономикаға» көшу, баламалы және жаңартылған энергия көздерін қолдануды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде, оның ішінде, жердің табиғи жылулығын пайдалана отырып, Ақбай-Қарасу су жинақтауышында геотермальды жылу қуатын өндіретін насос қондырғысы орнатылғанын, қала көшелерінде қолданыстағы ескі шамдарды жарық беру мүмкіндігі жоғары, энергия үнемдейтін жарықдиодты   шамдарға ауыстыру жұмыстары жүргізілгенін баяндай отырып, 2018 жылы осы бағытта атқарылатын жұмыстарға тоқтады.   

 

Қала әкімі Н.Сауранбаев мәселені қарау барысында, республикалық «жасыл зкономикаға» көшу бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету уақыт талабы екенін айта отырып, жауапты бөлімдерге нақты орындалу мерзімі көрсетілген бірқатар маңызды тапсырма берді.

Мәжілістің үшінші мәселесі  бойынша да сөз   мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  басшысы М.Базарқұловқа берілді.  

М.Базарқұлов өз баяндамасында Елбасының стратегиялық мақаласын жүзеге асыру мақсатында, бөлім тарапынан қалада мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіру, «Туған жер» бағдарламасы тапсырмаларын жүзеге асыру бағытында атқарылған және жоспарланған мәселелер жөнінде мәлімет берді.  

 

Қала әкімі Н.Сауранбаев мәселені қорытындылай отырып, Елбасының бағдарламалық мақаласын толыққанды біліп, халықпен жұмыс жүргізу барысында түсіндіре алу- әр мемлекеттік қызметшінің міндеті екенін алға салып, тиісті бөлімге аппараттық оқытулар өткізуді және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «Латын әліпбиін үйренейік» айдарымен арнайы телебағдарламалар мен түрлі оқыту сабақтар ұйымдастыруды тапсырды.

 

Мәжілістің төртінші мәселесі  бойынша да сөз   білім бөлімінің  басшысы Ж.Тажиеваға  берілді.  

Ж.Тажиева  «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» 5 бағыт,  8 индикатор,  52 көрсеткіш бойынша іске асырылатынын баяндай келе, қалада аталған көрсеткіштердің орындалу барысына жеке-жеке тоқтады.

 

Қала әкімі Н.Сауранбаев мәселені қарау барысында тиісті жауапты бөлім басшыларына   нақты орындалу мерзімі көрсетілген бірқатар  тапсырма берді.


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР