«Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі №827 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

ЖОБА

Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы             №____        «__»_____20__ жыл

 

«Мүгедектер үшін жұмыс орындарына 
квота белгілеу туралы» Шымкент қаласы 
әкімдігінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі 
№827 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі

Заңының 26 бабына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шымкент қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі №827 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4222 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 қазандағы «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
 көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес 20-34  тармақтармен толықтырылсын:

2. Осы қаулының орындалуын жүзеге асыру Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Нышамбаевқа жүктелсін.

3.  Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Г.Құрманбековаға жүктелсін

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Н. Сауранбаев, қала әкімі


 

Шымкент қаласы әкімдігінің 
«__»_____20__ жылғы №___ қаулысына қосымша

 

Мүгедектерді жұмықа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

 

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны адам)

Квотаның (%)

20.

Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқындағы «Облыстық жүйке аурулар диспансері» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

1027

4

21.

Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқындағы «Облыстық кардиологиялық орталық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

325

4

22.

Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқындағы «№10 Шымкент қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

418,5

4

23.

«Тігін фабрикасы «Гауһар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

198

3

24.

«Pioneer Grain Products» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

192

3

25.

«Шымкент құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

325

4

26.

Шымкент қаласы білім бөлімінің №25 «Қарақат» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесі

70

2

27.

Шымкент қаласы білім бөлімінің № 62 «Ботақан» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесі

81

2

28.

Шымкент қаласы білім бөлімінің №59 «Айша» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесі

72

2

29.

Шымкент қаласы білім бөлімінің «№43 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

117

3

30.

Шымкент қаласы білім бөлімінің №71 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

116

3

31.

Шымкент қаласы білім бөлімінің №89 жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі

170

3

32.

Шымкент қаласы білім бөлімінің «№99 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

144

3

33.

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Ә.Қастеев» атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны

125

3

34.

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Жол-көлік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны

168

3


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БІЛІМ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР