Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жоба

Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы        № ___     «__»_______ 2018 жыл

 

Мүгедектер үшiн жұмыс 
орындарына квота белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

2..Шымкент қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 26 шілдедегі №687 «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4222 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 қазандағы «Шымкент келбеті» газетінде және 2017 жылғы 16 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3..Осы қаулының орындалуын жүзеге асыру Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Нышамбаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Г.Құрманбековаға жүктелсін.

5..Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қала әкімі                           Н. Сауранбаев


 

 Шымкент қаласы әкімдігінің
«__»___________2018 жылғы
№___ қаулысымен бекітілген

 

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

 

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның (%)

1.

Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқындағы «Облыстық жүйке аурулар диспансері» мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорны

1027

4

2.

Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқындағы «Облыстық кардиологиялық орталық» мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорны

325

4

3.

Оңтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқындағы «№10 Шымкент қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорны

418,5

4

4.

«Тігін фабрикасы «Гауһар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

198

3

5.

«Pioneer Grain Products» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

192

3

6.

«Шымкент құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

325

4

7.

Шымкент қаласы білім бөлімінің  №25 «Қарақат» бөбекжай  балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесі

70

2

8.

Шымкент қаласы білім бөлімінің  № 62 «Ботақан» бөбекжай балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесі

81

2

9.

Шымкент қаласы білім бөлімінің  №59 «Айша» бөбекжай  балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесі

72

2

10.

Шымкент қаласы білім бөлімінің «№43 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

117

3

11.

Шымкент қаласы білім бөлімінің №71 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

116

3

12.

Шымкент қаласы білім бөлімінің №89 жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі

170

3

13.

Шымкент қаласы білім бөлімінің «№99 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

144

3

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Ә.Қастеев» атындағы  Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны

125

3

15.

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының «Жол-көлік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны

168

3


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР