Шымкент қаласының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

ЖОБА

                  

Шымкент қалалық мәслихаты

Шымкент қаласы             №____        2018 жылғы «__»_____

 

Шымкент қаласының жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған
жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және «Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес қалалық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Шымкент қаласының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған жоспары бекітілсін.

 

2. Шымкент қалалық маслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:


1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;


2) осы маслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің этоландық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;


3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;


4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қалалық аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

 

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                                   Ғ.Ахметбаев

Мәслихат хатшысы                                                             Н.Бекназаров

 


 


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР