Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

ЖОБА

Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ

Шымкент қаласы                 №___          «___» ________ 2018 ж.

 

Жер салығының базалық
мөлшерлемелерін түзету туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510 бабының 1 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
 

1. Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 маусымындағы №37/257-5с шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2736 нөмірімен тіркелген) Шымкент қаласының жерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 504, 505, 506 баптармен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері: 
жоғарылатылсын:
1,2,4,5,6 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 50 пайызға; 
7 аймақта автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 40 пайызға.
3,8,9,10 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 505 және 503 баптарына сәйкес белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері қалдырылсын.

 

2. Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 қырқүйектегі №50/388-5с «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3386 тіркелген 2015 жылғы 06 қарашадағы «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
 

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы              Х.Ахматханов

Қалалық мәслихат хатшысы              Н.Бекназаров


 

«Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы»  Шымкент қалалық мәслихатының шешімінің жобасына
Түсіндірме жазба

Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

«Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2

Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдаудың негіздемесі және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемесі

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510 бабының 1 тармағы

3

Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

 

жоқ

4

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар

Шешімді қабылдау негативті әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді

5

Нақты мақсаттар, күтілетін нәтижелердің мерзімі

Шымкент қаласының бюджетін түсімдерін арттыру мақсатында

6

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

 

Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 29 қырқүйектегі №50/388-5с «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3386 тіркелген, 2015 жылғы 6 қарашадағы «Шымкент келбеті» газетінде және 2015 жылғы 17 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған)

7

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

жоқ

8

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (ол бар болса)

 

9

Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Сәйкес келеді

10

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргiзiлген жағдайда, оның нәтижелері

 

Қажет етпейді

11

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі

Қажет етпейді

12

Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

жоқ

13

Тауарларды сатуға, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты жобаны, сондай-ақ әлеуметтік мәні бар қаулының жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады

жоқ

14

Халықаралық шартты ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат

 

 


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР