Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге санатын белгілеу және салынатын жер салығының базалық  мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

ЖОБА

Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ

Шымкент қаласы            №___      «___» ________ 2018 ж.

Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген
жерлерге санатын белгілеу және салынатын 
жер салығының базалық  мөлшерлемелерін 
ұлғайту туралы

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 505, 509 бабының 3 тармағына  және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық мөлшерлемелері, автотұрақтардың (паркингтер) санатына қарай, 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын. 

3. Шымкент қалалық мәслихатының 2012 жылғы 16 қазандағы №12/85-5с «Автотұрақтар (паркингтер) үшін берілген жерлерге санатын белгілеу және салынатын жер салығының базалық мөлшерлемесін ұлғайту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2132 тіркелген 2012 жылғы 23 қарашадағы «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы            Х.Ахматханов

Қалалық мәслихат хатшысы              Н.Бекназаров


 

Шымкент қалалық мәслихатының
2018 жылғы ____
№___  шешіміне 1 қосымша

Автотұрақтардың  (паркингтердің ) санаттары

 

Автотұрақтардың  (паркингтердің ) түрлері

Санаттар

1

Жабық түрдегі автотұрақтар  (паркингтер)

      1 санат

2

Ашық түрдегі автотұрақтар  (паркингтер)

      2 санат

 


 

Шымкент қалалық мәслихатының 
2018 жылғы ____
№___  шешіміне 2 қосымша


Автотұрақтар  (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге  санатына қарай базалық мөлшерлемелерін мөлшері

 

Автотұрақтар (паркингтер) санаттары

Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салықтық  базалық мөлшерлемелері

Базалық мөлшерлемелерін ұлғаюы

1

1 категория

9,17

он есе

2

2 категория

9,17

он есе


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР