Базарқұлов Мұрат Серікбайұлы
М. Базарқұлов 1980 жылы дүниеге келген. Мамандығы бойынша – саясаттанушы, заңгер. Еңбек жолын 2002 жылы ақпараттандыру және қоғамдық келісім бөлімінде маман болып бастаған. 2005-2009 жылдары - ОҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырушылық жұмыс, талдау және болжау бөлімінің бастығы. 2009-2010 жылдары ОҚО тілдерді дамыту басқармасы бастығының орынбасары, 2010-2018 жылдар аралығында Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды. 2018 жылдың 30 мамырында Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы болған.