«Ордабасы» индустриалды аймағы

 

Қайырлы күн, құрметті кәсіпкерлер!

 

«Ордабасы» индустриалды аймағы» кəсіптеріңізге толағай табыс тілей отырып жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспіз!

 

«Ордабасы» индустриалды аймағының жалпы аумағы 126,9га, құрылыс аумағы 700 000 шаршы метрді қамтитын, Шымкент қаласының ірі сауда-логистикалық және өндірістік кешені болып табылады.

 

Жалға берілетін орындар: қойма ғимараттары, өндірістік ғимараттар, кеңсе орындары, өндіріс мақсатында пайдалануға берілетін жер телімдері.

 

Аймақ аумағында теміржол бекеті, т/ж тұйықтары, контейнерлік алаң, 10 және 50 тонналық 2 дана көпірлік краны, контейнерлерді уакытша сақтау қоймасы (СВХ) бар.  

 

Біздің қызметтеріміз жайлы толығырақ ақпаратты тіркелген қосымша, www.ordazone.kz  сілтемесі арқылы немесе төменде көрсетілген сымтетік арқылы хабарласып ала аласыз:

8 707 760 22 92 (Якуб Думан)

8 708 198 79 26 (Мукагали)

 

«Ордабасы» индустриалды аймағы, бизнес-идеяларыңызды жүзеге асыруға арналған орын!

 

 

 

 

Шымкентке қош келдіңіз! Тарихы тереңге жайылған,эканомикасы қарқынды дамыған, болашағы жарқын қала. Қазақстанның ірі мегаполистерінің бірі. Шымкенттің географиялық орналасуы да ыңғайлы. Ол еуразияның халықаралық көлік жолдарының қиылысында орналасқан. Темір жол желісінің қолжетімді болуы,көлік немесе әуе жолдарының арқасында қалаға қатынау қиындық туғызбайды.

 

«Ордабасы» индустриалды аймағы осы тұста тиімді пайдалана және жетілдіре отырып, өз тұтынушыларына кез-келген бағытта қажетті арнайы өндірістік алаңдарды, қоймаларды, кеңсе және тұрмыстық орындармен қамтамасыз етеді. Жаңа өндірістерді іске асыру үшін инвесторларға жер телімі беріледі.

 

"Ордабасы" Индустриалды аймақ тұтынушыларына жалға ұсынады:

- өндірістік ғимараттар

- қоймалар

- Кеңсе және тұрмыстық алаңшалар 

- жаңа өндіріс орындарына қолайлы жер телімдері

 

«Ордабасы» индустриалды аймағында клиенттерге энергия ресурстарының қажетті көлемімен, ауыз сумен және техникалық сумен, коммуникациямен және ғаламтор желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылымы бар. Өрт қауіпсіздігі және күзет қауіпсіздік жүйесі бар.

 

"Ордабасы" индустриалды аймағының инфрақұрылымы:

- Электр қуаты - 50 мВт / сағ;

- газ жүйесі Q-13000 м3 / сағ;

- Сумен жабдықтау және орталық канализация (7 артезиан ұңғысы)

- Бу беру қуаттылығы (қазандық - 150 тн/сағ)

- телефония және ғаламтор

- өрт станциясы

- қызметкерлерге арналған 3 асхана

- 24 сағаттық қауіпсіздік

 

«Ордабасы» индустриалды аймағының ыңғайлы ойластырылған көліктік логистикасының арқасында кез келген бағытта  жүк көлік ағынын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

 

Теміржол көлігі логистикасы:

-  сыйымдылығы 500 вагон мен цистернаға дейін теміржол тұйықтары

- 20 мен 40 футтық контейнерлерді көпірлік крандар арқылы түсіру қызметтері

- уақытша сақтау қоймасы

 

Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе іске асыра отырып, индустриалды аймақтың ішінде шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған "Ордабасы-Атамекен индустриалды парк» ортақ жобасы ашылды.

 

Халықаралық көлік дәліздерінің маңындағы қарқынды дамып келе жатқан мекені, өңірдің қолайлы географиялық жағдайы,  дамыған, мықты материалдық базасы мен инфрақұрылымы, білікті менеджмент пен тиімді қаралған табысқа жетудің бағыты - өндірістің табысты жолға қойылғанының  кепілі болып табылады.

 

"Ордабасы" индустриалды аймақ - сіздің табысты бизнесіңіздің негізі!

 


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР