ЖОБА 1

ЖОБА

Қылмыстық-атқару инспекциясы
пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін,
сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды
бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс
орындарының квотасын белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2014жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 

1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квотасы белгіленсін.

2. Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын іске асыру Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж.Байғоновқа жүктелсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.Құрманбековаға жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі                                                                          Ғ. Әбдірахымов


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР