ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі Алихан Смаиловтың бұйрығымен Рақышев Рүстем Ғалымжанұлы Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу Департамент басшысының лауазымына тағайындалды.

 

Рақышев Рүстем Ғалымжанұлы 1972 жылғы 19 қаңтарда Целиноград қаласында дүниеге келген.

Ұлты – қазақ. Екі жоғары білімі бар: 1994 жылы заңгер мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универститетін, ал 2003 жылы экономист мамандығы бойынша Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.

1995 жылғы наурыздан бастап – Алматы қаласы кеңестік аудан прокуратурасы прокурорының көмекшісі;

1996 жылғы наурыздан бастап Алматы қаласының ҚІІБ ішкі істер органдарында қызметте болды;

1999 жылғы наурыздан бастап – Жоғарғы Сотың кеңесшісі, бас кеңесшісі;

2000 жылғы қарашадан бері – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттық әкімшілеу комитетінің ақпарат және халықаралық құқықтық серіктестік бөлімі бастығының міндетін атқарушы;

2001 жылғы қаңтардан бері – Қазақстан республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі;

2002 жылғы наурыздан бастап – Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуроры;

2002 жылғы шілдеден бастап – Астана қаласы Алматы ауданының прокуроры;

2006 жылғы қаңтардан бастап – Ақмола облысы Степногорск Прокуратурасының прокуроры;

2006 жылғы шілдеден бастап – Алматы облысы Қапшағай қаласы Прокуратурасының прокуроры;

2007 жылғы ақпаннан бері – Алматы қаласы Жетісу ауданының прокуроры;

2009 жылғы қыркүйектен бері – Ақмола облысы Әділет департаментінің бастығы;

2011 жылғы қыркүйектен бастап – Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуроры;

2012 жылғы тамыздан бастап – Алматы облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары, бірінші орынбасары (қаржы полиция);

2014 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Тергеу департаменті бастығының орынбасары (қаржы полиция);

2014 жылғы маусымынан бері – Солтүстік Қазақстан бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы (қаржы полиция) ;

2014 жылғы қараша айынан 2017 жылдың шілдесіне дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

2017 жылғы шілдесінен 2019 жылдың наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары

2019 жылдың  наурызынан бастап- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі Комитеті Алматы облысы  бойынша экономикалық тергеу департаментінің  басшысының орынбасары

2019 жылдың маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі Комитеті Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысы.

Қызметтегі нәтижелі еңбегі үшін «Ерең еңбегі үшін» медалімен, ІІ дәрежелі «Прокуратура озаты» төсбелгісімен, «Мемлекеттік кірістер органның үздігі» төсбелгісімен, прокуратура мен қаржы полициясының 4 ведомствалық медалімен марапатталған.

Отбасылық жағдайы: үйленген, үш перзент тәрбиелеп отыр.

 

 


 

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметі бойынша мәлімет

 

Өкілеттіктері шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғамының және мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету.

 

ҚР Жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру.

 

Экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар бойынша алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу, сотқа дейінгі іс жүргізу, алдын ала тергеуді жүзеге  асыру, атап айтқанда:   

         - Салық төлеуден жалтару;

         - Жалған шот-фактура жазу;

         - Экономикалық контрабанда;

         - Жалған ақша жасау;

         - Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы;

         - Алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы

         - Заңсыз ойын бизнесі;

         - Қаржылық-несие және банк саласындағы құқықбұзушылықтар;

         - Авторлық және сабақтас құқық саласындағы заңнаманы бұзу.

         - Бюджет саласындағы құқықбұзушылықтар (Ұлттық Қорлар, квази мемлекеттік секторы, ұлттық компаниялар)    

 


 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті туралы ережесі

 

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы

 

 

Жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы АРЫЗ

 

 

Іздеу саламыз

 


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР