Діни бірлестіктер

 

Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы

 


 

 

 


Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 685 қаулысы

     
     

Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

      «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі  
Б.Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
2016 жылғы 9 қарашадағы
№ 685 қаулысымен
бекітілген

Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен
ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу тәртібін айқындайды.
      2. Сыйақы төлеу осы мақсатқа терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) тиісті қаржы жылына көзделген бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

 

2. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге
көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу тәртібі

 

3. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамдарға уәкілетті орган сыйақы төлейді.
      Сыйақы бір рет төленеді және мынадай тәртіппен белгіленеді:
      1) 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (бұдан әрі – ҚК) 255-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша – 750 (жеті жүз елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
      2) ҚК 255-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген терроризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша – 1000 (бір мың) АЕК.
      Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адам сыйақыдан бас тартқан жағдайда, уәкілетті органның аумақтық органына (бұдан әрі – аумақтық орган) тиісті өтініш береді.

 

4. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы беру, егер айыпты адамға қатысты:
     1) 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 521-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген;
     2) ҚПК 35-бабы бірінші бөлігінің 9), 11) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шыққан жағдайда төленеді.

 

5. Аумақтық орган терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы алу құқығы туындағаны туралы үш жұмыс күні ішінде хабарлайды.
      Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адам тұрғылықты жері бойынша аумақтық органға осы Қағидалардың 6-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

 

6. Аумақтық орган осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес сыйақы алу құқығы туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды қалыптастырады және уәкілетті органның төрағасы айқындаған уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – уәкілетті бөлімше) жібереді:
     1) аумақтық органның қолдаухаты;
     2) хабарлама талоны түбіртегінің көшірмесі;
     3) заңды күшіне енген айыптау үкімі немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот қаулысының көшірмесі не ҚПК 35-бабы бірінші бөлігінің 9), 11) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмесі;
     4) терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамның жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;

     5) терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамның ағымдағы банктік шоты көрсетілген екінші деңгейдегі банк анықтамасының түпнұсқасы. Адамның ағымдағы банктік шоты болмаған жағдайда, өзі кез келген екінші деңгейдегі банкте ағымдағы банктік шотын ашады.

 

7. Уәкілетті бөлімше барлық қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде олардың толықтығы мен дұрыстығын тексереді және терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы төлеу туралы уәкілетті орган бұйрығының жобасын дайындайды.
      Тексеру процесінде құжаттарды ресімдеуде кемшіліктер мен дәлсіздіктер анықталған кезде уәкілетті бөлімше осы Қағидалардың 
6-тармағында көрсетілген құжаттарды қателіктерді жою және онымен бір мезгілде терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы төлеуді кешіктіру себептері мен мерзімдері туралы хабарлау үшін аумақтық органға қайтарады.
      Аумақтық орган кемшіліктер мен дәлсіздіктер жойылғаннан кейін он күн ішінде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті бөлімшеге қайта жолдайды.

 

8. Уәкілетті органның сыйақы төлеу туралы бұйрығы шығарылғаннан кейін аумақтық орган сыйақы төлеу туралы бұйрық шыққан күннен бастап алпыс күнтізбелік күн ішінде терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері арқылы оның екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы банктік шотына сыйақыны төлеуді жүзеге асырады.
 

9. Аумақтық орган терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға заңнамада белгіленген тәртіппен оның екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы банктік шотына ақшалай қаражаттың аударылғаны туралы үш күн ішінде мәлімдейді.

 

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

 


 

 

 


 Шіркеулер бойынша

 

Наименование предприятия/организации

ФИО руководителя предприятия/организации

 

 

«Шымкент епархиясының Шымкент қаласындағы Иверской иконы Божией Матери» жергілікті православиелік діни бірлестігі

 

 

Соловьев Олег Михайлович

 

8-701-311-43-07

2

«Шымкент епархиясының Шымкент қаласындағы Божией Матери Қазан иконасы» жергілікті православиелік діни бірлестігі

 

Соловьев Олег Михайлович

 

54-20-53

3

«Великомученник Димитрий Солунской» жергілікті православиелік діни бірлестігі

 

Мунусов Николай Владимирович

 

54-20-53,

4

«Сәби Исаның-Әулие Тереза атындағы Рим-католик приходы» жергілікті діни бірлестігі

 

Кристиан Ариель Альварез Тонкович

56-09-21

5

«ОҚО Ехоба куәгерлерінің мәсіхшілік қауымы, Шымкент, Қайнар-бұлақ» жергілікті діни бірлестігі

 

Коровин Владимир Тимофеевич

 

56-66-49,

8-701-471-42-34

6

«ОҚО Ехоба куәгерлерінің мәсіхшілік қауымы, Шымкент» жергілікті діни бірлестігі

 

Титов Анатолий Владимирович

 

54-02-44, 57-39-36

7

«Салем» інжілдік мәсіхшіл баптистердің шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі

 

Телеш Владимир Николаевич

 

56-10-99, 54-63-75

8

«Елуліктер» толық інжілдік христиан шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі

 

Кұлмаханов Үсен Омарханұлы

 

54-39-44, 56-91-51

9

«Шымкент қаласы «Жаңа Өмір» евангельдік сенім мәсіхшілерінің сенушілер қауымы» жергілікті діни бірлестігі

 

Рауилов Жетис Асетович

 

33-02-07, 28-27-72

87015486347, 87016408126

10

«Шымкент қаласының Еврей қауымы» жергілікті діни бірлестігі

 

Рауилов Жетис Асетович

Мурдухаев Зелик Михайлович

 

8-701-250-27-47

11

«Авен-Езер» Шымкенттік христиандық протестанттық пресвитериандық шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі

 

Кыдырбаев Парасат Абдалиевич

 

32-35-29, 87022166020

12

«Бірінші Шымкент қалалық христиандық пресвитериандық шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі

 

Чой Дзе Хум

41-50-46, 87021041206

13

«Еммануил» інжілдік мәсіхші-баптистер шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі

 

Нам Владимир Витальевич

 

53-66-19,

8-701-788-11-92,87775101077

14

ОҚО Шымкент қаласындағы «Өмір бұлағы» христиандық інжілдік елуліктер жергілікті діни бірлестігі (бұрынғы «Рақым-Благодать» шіркеуі)

 

Давлетканова Татьяна Александровна

53-83-65,

8-702-913-13-29

 

15

«ҚР Жаңаапостол шіркеуінің орталығы» жергілікті діни бірлестігі

 

 

Гимранов Юрий Ковеевич

43-34-68,

8777-104-62-45

16

«ОҚО Ехоба күәгерлерінің мәсіхшілік қауымы» жергілікті діни бірлестігі

 

Шибельгут Роберт Робертович

 

54-02-44, 57-39-36

17

«Шымкент епархиясының Шымкент қаласындағы Свято-Никольский кафедралдық соборының приходы» жергілікті православиелік діни бірлестігі

 

Козорез Юрий Феофанович

 

53-97-01

18

«Шымкент епархиясының Шымкент қаласындағы Архистратиг Михаил приходы» жергілікті православиелік діни бірлестігі

 

Лебедев Андрей Вячеславович

 

53-10-29

19

«Шымкенттік «Голгофа» киелі інжілдік мәсіхшілдік қауымы» жергілікті діни бірлестігі

 

Ан Зинаида Васильевна

 

44-30-10, 53-97-53 87775023126

20

«Шымкент евангелдік-христиандық «Сун Бок Ым» шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі

 

 

Ахметов Батырхан Темирханович

 

52-66-01, 52-72-92,

52-81-80

21

«Вефиль» Шымкент христиандық протестанттық пресвитериандық шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі

 

Цай Игорь Тимофеевич

57-39-00, 87079302272

22

«Шымкент қаласы, Жетінші күн адвентист-христиандарының тұрғылықты жерінің Шіркеуі» жетінші күн адвентистер Шіркеуінің» жергілікті діни бірлестігі

 

Абишев Саят Нурсеитович

48-35-77, 87773079801

23

«Орталық Шымкент қаласының Інжілдік Мәсіхшіл-Баптистердің Қауымы» жергілікті діни бірлестігі

 

Горбатый Альберт Феликсович

 

57-67-23, 57-11-98

24

«Шымкент қаласының інжілдік мәсіхші-баптистердің қауымы» жергілікті діни бірлестігі

 

Горбатый Альберт Феликсович

 

57-67-23, 57-11-98

25

«Сенім» інжілдік мәсіхші баптистердің қауымдастығы» жергілікті діни бірлестігі

 

Ержанов Мустафа Мырзашеримович

 

57-67-23, 57-11-98

26

«Шымкент қ. «Агапе» інжілдік христиан шіркеуі» жергілікті діни бірлестігі

 

Шаталов Андрей Алексеевич

 

8-700-496-33-72,

8-701-933-14-63

27

«ОҚО Бахаи Қауымдастығы» жергілікті діни бірлестігі

 

Назипов Файзильхак Ахметович

 

52-73-71,

8-702-122-72-69

28

«Преподобномучеников Серафима и Феогноста Шымкентской епархии» жергілікті православиелік діни бірлестігі

 

Мальков Евгений

н/з

29

«Елуліктер» Толық інжілінің христиан шіркеуі жергілікті діни бірлестігі

 

Тарабуркин Андрей Викторович

54-39-44, 56-91-51

30

«Жемчужина» Шымкент христиандық пресвитериандық шіркеуі жергілікті діни бірлестігі

 

Дин Мира У

8701 522-58-33

31

«Вефиль» Шымкенттік христиандық протестанттық пресвитериандық шіркеуі жергілікті діни бірлестігінің Қайнар-бұлақ филиалы

 

Цай Людмила Валентиновна

 

57-39-00, 56-70-69.

8-701-467-04-29

 


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР