Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ)

«Шымкент қаласында фотобейнетіркеу және бейнесараптау жүйелерін құру және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын тікелей келіссөздер арқылы бастамашылық жасау туралы хабарлама

 

Осы хабарлама «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі-Заң) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру және жоспарлау қағидаларына сәйкес (бұдан әрі-Қағида) әзірленген және жарияланған.     

 

Жобаны іске асыру мерзімі: 2019 жылдан бастап 5 жылдан аспай (егер 2019 жылы тікелей келіссөздер жүргізу және МЖӘ шартын жасасу жөніндегі рәсімдер белгіленген тәртіппен аяқталатын болса).  

 

МЖӘ объектісін құру кезеңі: МЖӘ шартын жасасқан күннен бастап 3 айдан аспай.

 

МЖӘ объектісін пайдалану кезеңі – 4 жыл 6 айдан аспай.  

 

Жобаны іске асыру орны: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы.  

 

Жекеменшік әріптес іске асырады және жауапта болады:

 

  1. жекеменшік және (немесе) тартылған қаражат есебінен МЖӘ объектісін құруды қаржыландыру;
  2. МЖӘ объектісін құру, оның ішінде "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабына сәйкес ақпараттандыру объектісінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақ актісін алу»;  
  3. деректерді беру арналарын және серверлік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды қоса алғанда, МЖӘ объектісін пайдалану.

 

МЖӘ объектісін құру аяқталғаннан кейін коммуналдық меншікке беріледі.

 

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 12-бабына сәйкес МЖӘ объектісін кепілге беруге жол берілмейді.

 

Жекеменшік әріптес МЖӘ объектісін құру кезінде ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 31-бабына сәйкес ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркеуге арналған сертификатталған бақылау-өлшеу құралдарын, сондай-ақ, айрықша құқықтары немесе пайдалану құқықтары Жекеменшік әріптеске тиесілі ЖҚЕ бұзушылықтарын автоматты түрде тіркеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалануы тиіс; Жекеменшік әріптеске ие БҚ құқықтарының көрсетілген көлемі жобаны іске асырудың барлық аспектілеріне, оның ішінде мақсаттар, міндеттер, функционал, іске асыру шарттары, мерзімдері бойынша сәйкес келуі тиіс.

 

Жобаны іске асыру аяқталғаннан кейін Жекеменшік әріптес Мемлекеттік әріптеске (немесе Мемлекеттік әріптестерге) МЖӘ объектісінің жұмыс істеуі үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудың шартсыз және қайтарылмайтын құқықтарын беруге міндетті.

 

МЖӘ объектісінің құрамындағы барлық жабдыққа орнатылған күнінен бастап 5 (бес) жыл бойы, МЖӘ объектісінің істен шыққан құрауыштарын оның үздіксіз жұмыс істеуі үшін ауыстыруды қамтамасыз ететін Жекеменшік әріптестің кепілдігі (кепілдік мерзімі) қолданылуы тиіс. 

 

Заңның 9-бабы 2-тармағына сәйкес Жекеменшік әріптестің шығындарын өтеу мен кірістерін алудың мынадай көздері қарастырылады:

  1. 290 000 мың теңгеден аспайтын мөлшерде инвестициялық шығындарды өтемақысы (ИШӨ);  
  2.  1 900 мың теңгеден аспайтын мөлшердегі операциялық шығындардың (ОШӨ) өтемақысы;
  3. Мемлекеттік меншіктегі (БС) МЖӘ объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін 180 000 мың теңгеден аспайтын мөлшерде сыйақы.

 

ИШӨ, ОШӨ мен БС теңгеде төленеді.   

 

ИШӨ, ОШӨ мен БС-де көрсетілген шекті мөлшерлері барлық салықтарды, алымдарды, баждарды, бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді, зейнетақы қорына және міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдарды және өзге де міндетті аударымдарды қамтиды.

 

МЖӘ шартының қолданылу кезеңінде мемлекетке тиесілі, МЖӘ объектісінің құрамында (егер талап етілсе) мүлікті орнату және пайдалану үшін қажетті ғимараттарды, конструкцияларды өтеусіз пайдалану құқығын Жекеменшік әріптеске ұсынуды қоспағанда, мемлекеттік қолдау шаралары берілмейді.

 

МЖӘ объектісінің құрамы:

  1. жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде фотобейнетіркеудің аппараттық-бағдарламалық кешендері және желілік учаскелерде  бейнесараптау-35 бірлік.;   
  2. қоғамдық қауіпсіздік жағдайына мониторинг жүргізу үшін сыртқы бейнебақылау камералары-40 бірлік.;
  3. серверлік үй-жайдың жабдығы: бейнебақылау; мониторинг жүйесі; электрмен қоректендіру; серверлік шкафтар; құрылымдық-кабельдік желілер; өрт сөндіру; фальшпол; кондиционерлеу; кіруді бақылау және басқару жүйесі; БҚ қоса алғанда, деректерді өңдеуге және талдауға арналған серверлер; 1 ПТб өлшеміндегі деректерді сақтау сервері; коммутациялық жабдықтар; маршрутизаторлар; басып кіруді болдырмау жүйесі (IPS).
  4.  

Желілік учаскелерде ЖҚЕ бұзушылықтарын фотобейнеге тіркеу аппараттық-бағдарламалық кешендерінің функциялары:

  1. МТНБ бойынша көлік құралдарын тану және іздеу;
  2. ЖҚЕ бұзушылықтарын автоматты түрде тіркеу:

- автобус желісі бойынша жол жүру;

- белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру.

 

МЖӘ объектісін пайдалану шеңберінде ақпараттық алмасу коммерциялық шифрлауды пайдалана отырып, қорғалған желілер арқылы байланыс арналары бойынша жүзеге асырылуы тиіс.

 

Деректерді беру арнасын және серверлік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға арналған шығыстар МЖӘ туралы заңнамаға және жасалған МЖӘ шартына сәйкес МЖӘ объектісін пайдалану шеңберіндегі барлық өзге де шығыстармен қатар Жекеменшік әріптестің шығыстары болып табылады.

 

Жекеменшік әріптес кадрларындағы жергілікті қамту-100 (жүз) % кем емес.  

 

Жобаны іске асыру шеңберінде Жекеменшік әріптес сатып алатын тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі жергілікті қамту – кемінде 50 (елу)%. 

 

Әлеуетті Жекеменшік әріптестерге қойылатын талаптар: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңның 32-бабында белгіленген жалпы біліктілік талаптарына сәйкес болсын.

 

МЖӘ жоспарланған жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті Жекеменшік әріптестер осы хабарламада көрсетілген талаптарға, сондай-ақ Жекеменшік әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге сәйкес баламалы ұсынысты ұсынады:

  1. әлеуетті жекеменшік әріптестің атауы мен мекен-жайын (заңды және нақты) көрсетед ;
  2. мемлекеттік тиесілілігін (заңды тұлғалар үшін), азаматтығын (жеке тұлғалар үшін) көрсетеді);
  3. заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және әлеуетті жекеменшік әріптестің атынан өкілдік ететін тұлғалар туралы деректерді көрсетеді;
  4. Қағидалардың 137-тармағына сәйкес әлеуетті жекеменшік әріптеске тиесілі зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтарды растайтын құжаттарды қоса береді;
  5. жергілікті қамту үлесін растайтын құжаттарды қоса береді;
  6. хабарлама талаптарына, оның ішінде жобаның қаржы-экономикалық моделінің сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, хабарламаға және МЖӘ саласындағы заңнама талаптарына сәйкес қағаз және электрондық тасығыштарда, Excel форматында, есептеу үшін формулалары (функциялары) бар бизнес-жоспар;     

 

Әлеуетті жекеменшік әріптестердің өз сипаттамалары мен параметрлері бойынша балама ұсыныстары хабарламада көрсетілген тең немесе одан жоғары (Мемлекеттік әріптес үшін жақсарту жағына қарай) болуы тиіс.

 

Жобаны іске асыруға мүдделі болған жағдайда тиісті құжаттарды мынадай мекенжай бойынша қолма-қол немесе тапсырысты пошта жөнелтілімімен ұсыну қажет: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 10 үй, Цифрландыру басқармасы, № 920 каб, тел. +7 702 453 6055

 

Баламалы ұсыныстар осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.

 


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР