Қорытынды

Білім беру саласы бойынша 2 жоба жүзеге асырылуда:

 

1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметін автоматтандыру.

 

Жоспар бойынша ТжКБ ұйымдарында гранттарды қалыптастыру және бөлуді, құжаттарды қабылдауды автоматтандыру, электрондық журналды енгізу, оқытушылар мен аудиториялық қордың жүктемесін басқару көзделген. Сонымен қатар, 8 мемлекеттік қызмет автоматтандырылатын болады.

 

2. IoT әлеуметтік элеметтерін нысандарға енгізу.

 

Бұл жоба әлеуметтік объектілерде (мектептер, балабақшалар және ауруханалар) жылыту маусымының мониторинг процесін автоматтандыруды қарастырады. Жоба аясында жылу беру маусымының барысын бақылау, әлеуметтік нысандарға электр энергиясын, суды тұтынуды есепке алу үшін есептеу құралдарын орнату жоспарлануда (мектеп, балабақшалар және ауруханалардың жалпы саны 254).

 

Іске асырылды:

 

1. Барлық 476 балабақшаға электронды кезек және жолдама беру жүйесі енгізілді;

 

2. Барлық 130 мектепте 1-ші сыныпқа қабылдау жүйесі енгізілді.

 

3. Цифрлық оқыту ресурстары, электронды журнал жүйелері енгізілді.

 

4. Мұғалімдерді қабылдаудың электронды жүйесі енгізілді (бала бақша және мектептерде).

 

Сонымен қатар, заманауи тәсілдер мен технологияларды енгізу мақсатында жоғары оқу орындары жанынан 6 IT сыныптар ашылды (интелектуалды жүйелер, компьютерлік модельдеу, робототехника лабороторияларын қамтиды).

 

Нәтижесінде: мектепке дейінгі ұйымдарды цифрландыру мен жолдаманы  «адамның қатысуысыз беру» арқылы 68 233 бала қабылданып, азаматтардан түскен арыздардың санын 40% төмендеді, 3 - 6 жасқа дейінгі балалар арасындағы кезек 2,5 есеге азайды.

 

Мобильді технологиялар ата-аналар бақылауын күшейтіп,  себепсіз сабақтан қалу, балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге оң әсерін тигізеді.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша 3 жоба жүзеге асырылуда:

 

1. «Ақылды квартал» жобасы.

 

Жобаның мақсаты - көпқабатты тұрғын үйлерде деректерді беру және «E-Shanyrak» АЖ-мен интеграциясы бар үйге ортақ есептеу құралдарын орнатып, ұсынылатын қызметтердің ашықтығы, нақты уақыт режиміндегі мониторинг, тұтынуды үнемдеу және көрсеткіштерді автоматты түрде жинау нәтижелеріне қол жеткізу.

 

2. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды диспетчерлендіру.

 

Жобаның мақсаты – қатты тұрмыстық қалдықтардың уақтылы әкетілуіне бақылау жасауды қамтамасыз ету, арнайы автокөліктердің қозғалысын және тиімді пайдаланылуын есепке алу.

 

3. «Ақылды көшені жарықтандыру» жобасы.

 

Жобаның мақсаты – қаланаң 214 көшесінде ақылды жарықтандыру жүйесін орнату. Қазіргі танда жоба бойынша мүдделі компаниялардың ұсыныстары қарастырылу үстінде.

 

Іске асырылды:

 

1. 2049 көпқабатты тұрғын үйлердің 997-не цифрлық төлқұжат әзірленді,

 

2. IoT технологиясын қолдайтын есептеу құрылғыларын ортану бойынша 5 көпқабатты тұрғын үйде пилоттық жоба аяқталды;

 

3. Монополя субъектілерінің ақпараттық жүйелері «Е-Shanyrak» жүйесімен ықпалдастырылды (1052 абонент бойынша);

 

Көлік саласы бойынша 2 жоба жүзеге асырылуда:

 

1. Қоғамдық көліктерде электрондық билет беру жүйесін енгізу жобасы.

 

Жобаның мақсаты – қоғамдық көліктерде SMS, QR код және электрондық төлемді енгізу. Болжамда төлем картасымен төлеу жүйесін енгізу, валидаторларды орнату, бағдарламалық қамтамасыз етуді біріктіру және баптау жоспарланып отыр. Бүгінгі күні жоба аясында 3 бағыттағы 30 автобусқа SMS және QR коды арқылы электрондық төлем жүйесінің пилоттық жобасы іске асырылды. Қалалық маршруттарда жылжымалы құрамды жаңарту жобасы аясында отандық өндірістік 1000 жаңа автобус сатып жоспарлануда. Сонымен қатар, «Оңай» ЖШС қаланың қызмет көрсететін көлік компанияларының жылжымалы құрамын және жалпы жұмыс көлемін тексеру жұмыстарын жүргізуде.

 

2. «Ақылды тұрақ» жобасы.

 

Жобаның мақсаты - автоматтандырылған ақылы тұрақ ұйымдастыру, тез және ыңғайлы тұрақ орындарын табу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, автокөлікті тұраққа қоюды автоматтандыру және қаланың экологиялық жағдайын жақсарту. Қазіргі танда проблемалық учаскелерді тексеру нәтижелері бойынша тұрақ паспорттары әзірленуде және көлік қою ережесін бекіту туралы әкімдік қаулысы әзірленді.

 

Іске асырылды:

 

1. Қаладағы барлық 1102 қоғамдық көліктерге GPS құрылғылары орнатылып, диспечерлік бақылау жүйесі енгізілді;

 

2. «Ақылды тұрақ» жобасы іске асырылуда;

 

3. Пилоттық режимде жолақ төлеудің электронды жүйесі 30 қоғамдық көлікте іске қосылды.

 

Қауіпсіздік саласы бойынша 1 жоба жүзеге асырылуда:

 

«Сергек» интелектуалды бейнебақылау жүйесі.

 

Жобаның мақсаты – бақылау учаскелерінде жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін сақтауын бақылау, іздестіру іс-шараларының тиімділігін арттыру, апатты жағдайларды төмендету. Бүгінгі күні мемлекеттік жеке әріптестік жобасы аясында 29 объектіде «Сергек» камерасы орнатылды.

 

Іске асырылды:

 

1. Қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету  үшін интеллектуалды жол қиылысының саны 21-ге, бейнебақылау камераларының саны 479 арттыру жұмыстары жүргізілді.  

 

 2. Пилоттық негізде «Сергек» жобасы іске қосылып, 104 камера орнатылды.

 

Нәтижесінде, қауіпсіздік саласында құқықбузушылық деңгейі 16% төмендеді.

 

Сонымен қатар қосымша келесідей жобалар іске асырылуда.

 

Әлеуметтік салалар бойынша 2 жоба жүзеге асырылуда:

 

1. «MEYIRIM. KZ» электрондық қайырымдылық порталы.

 

Жобаның мақсаты – бірыңғай қайырымдылық порталын құру. Сонымен қатар, қайырымдық қорларын, қайырымдылыққа қаражат беруге дайын адамдар мен электронды алаңда көмекке мұқтаж адамдарды біріктіруге мүмкіндік береді. Жүйе сізге көмек көрсету бағытын таңдауға мүмкіндік береді: кімге және қандай мақсатта қаражат қайрымдылыққа жұмсалады.

 

2. «ELKOMEK. KZ» әлеуметтік порталы.

 

Жобаның мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған бірқатар сервистерді автоматтандыру болып табылады, атап айқтанда әлеуметтік такси шақыру, сурдо, тифлоқұралдарды жеткізу және т.б. Қазіргі танда бюджеттен жобаға қажетті қаражат бөлінді. Мұнан бөлек 4 мемлекеттік қызметті қосымша автоматтандыру бойынша келісімге қол жеткізілді.

 

Қалалық басқару бойынша:

 

«Туристік портал» сервисін енгізу.

 

Портал жалпы туристік ақпаратты 3 тілде ұсынады. Жобаны жүзеге асыру турларды, маршруттарды, қонақүйлерді, гид–экскурсоводтар және аудармашыларды іздеу уақытын азайтуға мүмкіндік береді. Жобаның мақсаты – өңірдің туристтік тартымдылығын арттыру.

 

 «Цифрлық Қазақстан» МБ-мен қарастырылған салалар бойынша:

 

1. Ғимараттарда QR – кодтарды орнату.

 

Қаланың бір ауданы бойынша аяқталу сатысында, қалған үш ауданда кесте орнату үшін өнім берушімен шарттар жасалды.

 

2. «Электрондық архивті» енгізу жобасы. Жобаны іске асыру үшін жоғары жылдамдықты планетарлық сканерді, компьютерлік жиынтықты, жедел жүйелерді сатып алу көзделген. Бағдарламалық сүйемелдеу ҚР мәдениет және спорт министрлігі тарапынан болады. Шымкент қалалық мемлекеттік архиві 2019 жылдың 3-тоқсанында қосылатын болады.

 

3. ЕРАП жүйесін енгізу.

 

Жобаның мақсаты - полиция қызметкерлерін принтерлі плашеттермен 100% жабдықтау. Жоба аяқталды.

 

 


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР