Әдеп жөніндегі уәкіл

 

«Бекітемін»

Шымкент қаласы әкімі

аппаратының басшысы

 

__________________ Е. Әлімқұлов

«____»____________ 2019 жыл

 

 

«Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл»

қалалық байқауын өткізу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдар

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен (бұдан әрі – Агенттік) «Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» қалалық байқауының (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастырылу және өткізілу тәртібін реттейді.

2. Байқауды өткізу мақсаттары:

1)моральдық-әдептік құндылықтарды ілгерілету арқылы мемлекеттік қызметтің беделін арттыру;

2)Әдеп жөніндегі уәкіл туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру;

3)Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін жетілдіруді ынталандыру;

4)Әдеп жөніндегі уәкілдердің рейтингін құру.

3. Байқауға қаладағы аудан әкімі аппараттарының Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы жүктелген мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдері қатысады.

4. Байқау «Шымкент қаласының аудан әкімі аппаратының Үздік Әдеп жөніндегі уәкілі» номинациясынан тұрады.

5. Осы Әдістемелік ұсынымдар қала әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруға жатады.

 

2. Конкурстық комиссия

 

6. Байқаудың жеңімпазын анықтау үшін Конкурстық комиссия құрылады.

7. Конкурстық комиссияның дербес құрамы қала әкімі аппараты басшысымен бекітіледі.

Конкурстық комиссияның құрамы төрағадан, 10 мүшеден және хатшыдан тұрады.

Конкурстық комиссияның құрамына қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, халықаралық, қоғамдық және ғылыми-білім беру ұйымдарының басшылықтары, мемлекеттік, банктік және әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің кешенді кәсіподақ қызметшілері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент қызметкерлері бола алады.

8. Конкурстық комиссия төрағасы конкурстық комиссияның қызметін басқарады, жалпы бақылауды жүзеге асырады. Конкурстық комиссия шешімдерді қабылдаған кезінде пікірталастық мәселелері болған жағдайда Конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

9. Конкурстық комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және хаттамамен ресімделеді.

10. Конкурстық комиссияның хатшысы қала әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі болып табылады және оның конкурстық комиссия шешiм қабылдаған кезінде дауыс беруге құқығы болмайды.

11. Хатшы комиссия қызметіне техникалық қолдау көрсетеді, атап айтқанда:

1) кандидаттардың құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады;

2) конкурстық комиссия отырысын ұйымдастырады;

3) конкурстық комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді және Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздың материалдарын қалыптастырады;

4) Байқаудың нәтижелері туралы ақпаратты қала әкімдігінің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру үшін ұсынады.

 

3. Байқауды дайындау және өткізу тәртібі

 

12. Байқау іс-шараның басталуы туралы хабарландыруды орналастырудан басталады.

Байқауды өткізу туралы хабарландыру Әдістемелік ұсынымдардың 1-қосымшасына сәйкес қала әкімдігінің интернет-ресурсында  және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

13. Байқауды өткізу туралы хабарландыруда Байқауға қатысу үшін құжаттарды ұсынудың мерзімі мен тәртібі көрсетіледі.

14. Құжаттарды ұсыну мерзімі кезінде Байқауға қатысуға үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:

1) осы Әдістемелік ұсынымдардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Байқауға қатысуға өтінім;

2) осы Әдістемелік ұсынымдардың 3-қосымшасына сәйкес Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін бағалау өлшемдері бойынша толық ақпаратты қамтитын куәландыратын материалдарымен қоса қызметі жөніндегі есеп;

3) «Менің мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептік құндылықтарын дамытуға қосқан үлесім» тақырыбы бойынша А-4 форматындағы машиналық мәтіннің 500 сөзі көлемінде уәждемелік эссе, Times New Roman 14, жоларалық интервал - 1.

Уәждемелік эсседе өтініш берушінің кәсіптік қызметтегі негізгі жеке жетістіктерін, оның қызметі саласындағы проблемаларды шешуге жеке қосқан үлесін, мемлекеттік орган жүктеген міндеттер мен функцияларды іске асыру процесіне, сондай-ақ іске асырылған жобалардың тізбесін негіздеу қажет (бар болған жағдайда). Сонымен қатар, эсседе моральдық-әдептік құндылықтарды насихаттау үшін әдеп жөніндегі уәкілдің қысқа мерзімді (1 айдан 3 айға дейін) орта мерзімді (3 айдан 1 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейін) міндеттері мен мақсаттарын көрсету қажет.

15. Конкурстық комиссия құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде әрбір Конкурсқа қатысушымен сұхбат жүргізеді (соның ішінде онлайн режимінде) және осы Әдістемелік ұсынымдардағы 3-қосымшадағы өлшемдерге сәйкес қызметті, сондай-ақ уәждемелік эссе және жағдаяттық тапсырмаға (кейс) жауапты бағалауды жүргізеді.

Әңгімелесу барысында қатысушыларға кәсіби қызмет бойынша, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін бағалау өлшемдеріне және уәждемелік эсселерге қатысты нақтылаушы сұрақтар қойылуы мүмкін, сонымен қатар жағдаяттық тапсырма (кейс) бойынша жауап тыңдалады.

16. Байқауға ұйымдастырушылық сүйемелдеуді және техникалық қамтамасыз етуді қала әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкіл жүзеге асырады.

 

4. Байқаудың қорытындысын шығару

 

17. Әңгімелесу мен бағалаудың қорытындысы бойынша Конкурстық комиссия  номинация бойынша «Шымкент қаласы аудан әкімі аппаратының Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» Байқауында жеңімпаздарды анықтайды. 

18.  Байқаудың қорытындылары әңгімелесу өткізілгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде, конкурстық комиссияның төрағасы мен мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

19. Марапаттау рәсімі байқаудың жеңімпаздарының қатысуымен Шымкент қаласында өткізіледі.

20.  Байқаудың қорытындысы жеңімпаздарды марапаттау күнінен бастап үш күндік мерзімде қала әкімдігінің интернет-ресурсында және БАҚ-да орналастырылады.

 

 

 

 

«Шымкент қаласы аудан әкімі аппаратының Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл»

қалалық  байқауын өткізу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарына 1-қосымша

 

 

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Құрметті «Шымкент қаласы аудан әкімі аппаратының

Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл»

қалалық байқауының қатысушылары

 

Ағымдағы жылдың «___» мен «___» _____________ аралығында «Шымкент қаласы аудан әкімі аппаратының Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» қалалақы байқауына қатысуға өтініштер қабылданады.

Қалалық  байқауға қатысу үшін үміткерлерлерге келесі құжаттарды ұсынуды сұраймыз:

1)  қалалық  байқауға қатысуға өтінім;

2)  қызметі жөніндегі есеп;

3) «Менің мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептік құндылықтарын дамытуға қосқан үлесім» тақырыбы бойынша уәждемелік эссе.

«Шымкент қаласы аудан әкімі аппаратының Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» қалалық байқауын өткізу тәртібі және шарттары, өтініш нысаны, қызметі жөніндегі есеп және уәждемелік эссеге талаптар Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында (www.shymkent.gov.kz) орналастырылған «Шымкент қаласы аудан әкімі аппаратының Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» қалалық байқауын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда айқындалған.

Құжаттарды қабылдау келесі мекенжайы бойынша жүргізіледі: «Шымкент қаласы әкімі аппараты», Шымкент қаласы, Н.Назарбаев даңғылы,

10.  Байланыс телефоны: 8 (7252) 24-70-50

 

 

 

 

 

«Шымкент қаласы аудан әкімі аппаратының Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл»

қалалық байқауын өткізу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарына 2-қосымша

 

 

Шымкент қаласы әкімі аппараты

__________________________

__________________________

Әдеп жөніндегі уәкілдің аты-жөні,

мемлекеттік органның атауын

көрсету

__________________________

__________________________

__________________________

 

 

Өтініш

 

Маған «Шымкент қаласы аудан әкімі аппаратының Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» қалалық байқауына қатысуға рұқсат етуіңізді сұраймын.

Байқау шарттарымен таныстым және келісемін.

 

 

 

 

          _________________                                ____________________________

                     (күні)                                                             (қолы)

 

 

 

 

 

 

 

«Шымкент қаласы ауданы әкімі аппаратының Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл»

қалалық  байқауын өткізу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарына 3-қосымша

 

 

 

Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін бағалау өлшемдері

 

р/с

Өлшемдер

Жоғарғы баға (балл)

Жалпы бағаға әсер ету коэффициенті

1

2

3

4

1.

Мемлекеттік қызметшілерге, жеке және заңды тұлғаларға консультациялық көмек көрсету

5

1

2.

Өтінішті қарау қорытындысымен өтініш иелерінің құқықтарын қалпына келтіру

5

2

3.

Бұқаралық ақпарат құралдарының және жұртшылықтың қатысуымен жүргізілген түсіндірме және алдын алу шаралары

5

1,5

4.

Азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп іске асырылатын жобалар

5

3

5.

Жағдаяттық тапсырмаларды шешу

5

1,5

6.

Уәждемелік эссе

5

1,5

7.

Ұжымның әдептік деңгейіне әсер ету дәрежесі (*2017-2018 жж. қызметтік әдеп нормалары бұзушылықтары және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар үшін жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны бойынша мемлекеттік орган бөлігінде ҚСжАЕК мәліметі ескеріледі)

5

4

       

         * жасалған құқық бұзушылықтардың мемлекеттік органның штаттық санына пайыздық арақатынасы

 

 

 

Толық нұсқасын алу

 

 


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР