Жоба 4

Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Жоба

Шымкент қалалық мәслихаты

ШЕШІМ

 

Жер салығының базалық

мөлшерлемелерін түзету туралы

 

Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 28 қарашадағы №257-V Заңымен өзгертілген және толықтырылған2008 жылдың 10 желтоқсанындағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі)  387 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Заңының 6 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 маусымындағы №37/257-5с шешімімен бекітілген(Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2736 нөмірімен тіркелген) Шымкент қаласының жерді  аймақтарға бөлу бөлу схемасы негізінде, 2014 жылғы 28 қарашадағы №257-V Заңымен өзгертілген және толықтырылған 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының (Салық кодексі) Кодексінің  379, 381, 383, 387 баптармен белгіленген жер салығының базалық ставкалары:

жоғарылатылсын:

1,2,4,5,6 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 50 пайызға;

7 аймақта автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған)жерлерді қоспағанда 40 пайызға.

3,8,9,10 аймақтарда ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 381бабына сәйкес белгіленген жер салығының базалық ставкалары қалдырылсын.

2. Шымкент қалалық мәслихатының 08.08.2014 жылғы №39/266-5с «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2784 тіркелген 2014 жылғы 29тамыздағы №35 «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Шымкент қалалық мәслихатының аппаратына Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етілсін.

4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Е. ХВАНқалалық мәслихат сессиясының төрағасы                                              

Н. БЕКНАЗАРОВ,қалалық мәслихат хатшысы


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent adaldyq alany

Бейне

Анықтама

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

СТАНДАРТТАУ

АШЫҚ ҮКІМЕТ

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР