Қала әкімдігінің мәжілісінде Шымкент қаласының даму бағдарламасының орындалуы қаралды

28.10.2015 ж

 


Күн тәртібінде қаралған мәселелер
 

   1

 
   «Шымкент қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы» индикаторларының ағымдағы жылдың 9 айында орындалуы

 

   2

 
   Әлеуметтік нысандардың, инженерлік жүйелердің жағдайы

 

   3

 
   Бюджетке салық өндіру жұмыстарының жағдайы

 

   4

 
   Қала әкімдігінің бөлімдер тарапынан дайындалған қаулыларын қабылдау

 

 

 

Қала әкімдігінің кезекті мәжілісінің күн тәртiбiндегi бірінші мәселесі бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р. Мулкеманов,  екінші мәселе бойынша  құрылыс бөлімінің басшысы Е. Бұхарбаев, үшінші мәселе бойынша Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А. Арапбаев,  төртінші мәселе бойынша қала әкімі аппаратының басшысы Р. Аюпов баяндама жасады.
 


«Шымкент қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы» индикаторларының ағымдағы жылдың 9 айында орындалуы. 
Жауапты бөлім басшыларына даму бағдарламасы индикаторларының жыл соңына дейін толық орындалуын қамтамасыз ету, «Балапан» бағдарламасы аясында балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейін 80 пайызға жеткізу, «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында  тапсырылатын  21 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтау тапсырылды. 

 

Әлеуметтік нысандардың, инженерлік жүйелердің жағдайы.                                                                
«Бозарық» шағын ауданындағы 1200 орындық, «Қаражол» тұрғын алабындағы  900 орындық 2 мектептің, «Бозарық», «Самал-2», «Нұртас»  шағын аудандарындағы, Д.Ерімбетов  көшесіндегі 320 орындық 4 балабақшаның құрылысын жыл соңына дейін аяқтау тапсырылды. 

 

 

 

Бюджетке салық өндіру жұмыстарының жағдайы.
2015 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласының бюджетінде қаралған салықтық түсімдердің уақытылы және толыққанды орындалуын  қамтамасыз ету тапсырылды. 

Бөлімдер тарапынан дайындалған қала әкімдігінің қаулыларын талқылау.
Құрылымдық бөлімдер тарапынан дайындалған Шымкент қаласы әкімдігінің 117 қаулысы талқыланып, қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
    

 

Оның ішінде:

 

    Бөлім атауы

Қаулы саны

  Жер қатынастары бөлімі

82

  Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

12

  Құрылыс бөлімі

4

  Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

1

  Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық бөлімі

2

  Экономика және қаржы бөлімі

1

  Сәулет және қала құрылысы бөлімі

9

  Білім бөлімі

6

  Жалпы

117


ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

БИЗНЕС

ЖОЛДАУ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

БІЛІМ

НҰРЛЫ ЖЕР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР