Абай ауданы әкімі есебінің тезистері

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі А.Ө.Татыбаевтың
халыққа есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының 
ТЕЗИСТЕРІ


2017 жылғы 25 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Н.Ә.Назарбаевтың Үндеуін, 2017 жылғы 31 қаңтардағы ҚР Президенті Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын және 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау бойынша Абай ауданында 265 жиналыс өткізіліп, жалпы 42 140 адам қатысты.

 

Санитарлық тазалық және көріктендіру жұмыстары

2017 жылы аудан аумағында орналасқан 453 көпқабатты тұрғын үйлердегі 258 аула мен 406 көшенің санитарлық тазалау және ирригациялық жүйелерді қоқыстан тазарту жұмыстарына 231 млн. 775,0 мың теңге қаржы қарастырылып, 5 мердігер жұмыс жүргізуде. 
Сонымен қатар, аудан орталығындағы көпқабатты тұрғын үй аулалары мен ішкі орамдық көшелердегі қураған талдарды кесу және санитарлық бұтау, жасыл желектерді ретке келтіру, шөптерді ору жұмыстарына бюджеттен 52 млн. 221 мың теңге қаржы бөлініп, 3 мердігер жұмыс істеді. Көпқабатты тұрғын үйлерден тұрмыстық қалдықтарды шығаратын қоқыс алаңшаларының саны – 112, контейнерлер саны – 485.
2017 жылы бюджеттен бөлінген 41 млн. 875 мың теңге қаржыға 335 дана жаңа типтік контейнер жәшіктері сатып алынып, қоқыс алаңшаларына орнатылды. 
Шымкент қаласының әкімдігі мен «ОҚО Азаматтық Альянс» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Таза ниетпен, таза қалаға!» акциясы ауданымыздың көркеюіне және халықты бірлікке, еңбекқорлыққа, Отансүйгіштікке шақыратын үлкен бастама болды. 
"Таза қала" акциясына қатысуға берілген өтініштердің жылдан-жылға артуы қуантарлық жағдай деп есептеймін. Атап айтқанда, 2016 жылы аудан аумағында аталған іс-шараға қатысуға көпқабатты тұрғын үй тұрғындары мен көше төрағаларынан 87 үміткер өтініш білдірсе, 2017 жылы 101 үміткер оның ішінде 69 аула мен 32 көше төрағаларынан өтінімдер қабылданды. Комиссияның қорытындысымен жеңімпаз атанған аула мен көше төрағалары "Қала күні" мерекесінде бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

 

Көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістерін(подъезд) ретке келтіру 

 2017 жылы облыс әкімінің берген тапсырмасына сәйкес көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістерін ретке келтіру бойынша аудан әкімі аппаратының мамандары өздеріне бекітілген аумақтардағы тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жалпы 304 кіреберістерді тұрғындардың қаражатына әрлеу, сырлау жұмыстары ұйымдастырылып, есік-терезелер ретке келтірілді. Аталған іс-шара 2018 жылы жалғасады. 
 Берілген тапсырма аясында Темірлан тас жолы, Б.Момышұлы даңғылы, Әл-Фараби және Бақбаев көшелері бойындағы барлығы 88 жеке тұрғын үйлердің сыртқы кіреберіс темір есіктері мен қақпалары сырланып, қоршаулары ретке келтірілді.

 

Жылумен қамту

Жылу беру маусымына аудан аумағындағы 424 көпқабатты тұрғын үйдің 219 үйі «Қуатжылуорталық-3» МКК, 42 көпқабатты тұрғын үй «Жилкомхоз Шымкент» ЖШС және 10 тұрғын үй «Энерго Строй Сервис» ЖШС мекемелерімен келісім-шартқа отырғызылды. Қазіргі таңда 424 көпқабатты тұрғын үйлерде сығымдау жұмыстары жүргізіліп, орталық жылу жүйесіне қосылған.

 

Көріктендіру мен абаттандыру 

 2017 жылы аудан аумағындағы 3 көпқабатты тұрғын үй аулаларын (Гагарин көшесі №26, №28; Гагарин көшесі №40, №42 және Қызылжар аумағындағы Фабричная көшесі №14) абаттандыру мен балалар ойын алаңшаларын орнатуға қалалық бюджеттен 50,0 млн. тг. қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді.

 

Электр энергиясы 

 Бүгінгі таңда аудан аумағының 76 пайызы сапалы электр жарығымен қамтамасыз етілген. Қалған үйлер жекеменшік трансформаторлардан жарық алуда. Жеке трансформаторлардан алынатын жарық тарифінің жоғары болуы, электр қуатының төмендігі мен трансформатордың жиі өшіп қалу фактілері орын алуда. 
Өткен жылы "Қазығұрт" шағынауданындағы 782 үйді сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету желілерінің құрылысын «МехКолонна» ЖШС жүргізіп, пайдалануға тапсырды. 
 2018 жылы аудан аумағында сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін: 2017 жылы "Самал-3" шағынауданындағы 4896 абонентке жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге қалалық бюджеттен 5 млн. 900 мың теңге қаржы қарастыруға, тиісті құжаттар әзірленді. 
– "Құрсай" шағынауданындағы 2230 абонентке бюджеттен 11 млн. теңге қаржы бөлініп, жобасы дайындалды.
– "Агропром", "Самал-1" шағынаудандарындағы 13 көшедегі 504 абонентке жобалық-сметалық құжаты дайындалған. 
Аталған нысандардың құрылысына қаржы қарастыру мақсатында бюджетке ұсыныс берілді. 
Осы жобалық-сметалық құжаттардың құрылыс жұмыстарына қаржы бөлінсе, 7630 абонент мемлекеттік электр жарығымен қамтылатын болады.

 

Ауыз сумен қамту 

2017 жылы аудан аумағында орналасқан шағынаудандар мен тұрғын алаптардағы 41063 тұрғын үйлердің тәулік бойы сумен қамтылғаны 34616 үй (84%). Қалған үйлер тасымалды және ұңғыма суын пайдалануда. 
 Сонымен қатар, Алтынтөбе тұрғын алабындағы 218 үйлерге ауыз су жүйесінің құрылысын мердігер «Шұғыла-2002» ЖШС жүргізуде. Келісім-шарт бойынша құрылыс жұмыстарын 2018 жылы аяқтау жоспарлануда.
 Аудан аумағындағы "Қызылжар", "Тәуелсіздікке 20 жыл", "Жаңаталап", "Игілік", "Көкбұлақ" тұрғын алаптарын ауыз сумен қамту бойынша жобаға 22 млн. 950 мың теңге қаржы бөлініп, «Улмад» ЖШС әзірленген құжаттар сараптамаға өткізілді. 
 "Ақжар" тұрғын алабындағы 650 жеке тұрғын үйлерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық сметалық құжаттарының құны – 302 млн. теңге, "Айкөл" тұрғын алабындағы 66 жеке үйге – 101 млн.теңгені құрап, сараптама қорытындысы алынды. 

 

Көгілдір отын бойынша

Аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен жеке үйлердің 82 пайызы табиғи газбен қамтылған.
2017 жылы "Ынтымақ" шағынауданы аумағындағы 1108 абонентке газ жүйелерін тарту бойынша бюджеттен 242 млн. 704 мың теңге. бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. 
 "Алтынтөбе" тұрғын алабындағы 150 үй, Көкбұлақ тұрғын алабындағы 240 үйді мемлекеттік газ жүйелерімен қамтамасыз ету үшін бюджеттен қаржы бөлініп, жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. 

 

Төтенше жағдайдың алдын алу

Абай ауданы аумағында улы газдан уланудың алдын алу мақсатында әрбір шағынаудан мен тұрғын алаптардағы көпқабатты және жеке тұрғын үй иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізу кестесі бекітіліп, арнайы топтар құрылған. Топ құрамына аудан әкімі аппараты мамандары, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ, жергілікті полиция қызметкерлері және қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандарымен бірлесіп, аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердегі 14796 (82%) пәтер мен 30059 (73,2%) жеке тұрғын үйлер қамтылды. Сондай-ақ, БАҚ өкілдерімен бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылып, "Отырар" телеарнасына сұхбат берілді.
 Осы мақсатта №4 колледжде, №23 мектепте, "Қазығұрт" шағынауданындағы №66 мектепте, "Ынтымақ шағынауданындағы №54 мектепте, "Қатынкөпір" шағынауданы мен "Жаңаталап" тұрғын алабындағы әкімшілік ғимаратында орам, көше, үй басқарушыларының және тұрғындардың қатысуымен жиналыстар ұйымдастырылып, тұрмыстық газ жылыту пештерін пайдаланудың ережелері көрсетілген парақшалар таратылды. Аралау барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Орын алған кемшіліктерді жою үшін, тиісті мекеме мамандары тарапынан ескерту парағы беріліп, екі апта мерзім ішінде ретке келтіру тапсырылды. 
 

Кәріз жүйесімен қамтамасыз ету 

2017 жылы аудан аумағына қарасты "Самал-1", 
"Самал-2", "Солтүстік Батыс" шағынаудандарына 124 шақырым кәріз жүйелерін тарту жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге әр бір тұтынушыларды жүйеге қосу жұмыстарын жүргізу үшін, "Су арнасы-маркетинг" ЖШС мекемесі қаржы көлемін анықтауда. 
 "Қызылжар" тұрғын алабындағы қараусыз қалған кәріз жүйелерін қалпына келтіру және тазалау қондырғысын орнатуға қала бюджетінен 10 млн 450 мың теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаттары әзірленді.

 

Жолдар мен аяқжол құрылысы

Аудан аумағындағы 33 шағынаудандар мен тұрғын алаптардағы көшелер саны – 858. Оның ішінде: 
– асфальт жол – 435 (50 %); 652,5 шақырым.
– тас жол – 316 көше (36,8 %); 55,2 шақырым.
– топырақ жолдар – 144 көше (16,8 %); 121 шақырым.
2017 жылы аудан аумағында автокөлік кептелісін азайту мақсатында "Ынтымақ" шағынаудандағы атауы жоқ көшеге Темірлан тас жолынан – Алматы-Ташкент айналма жолы аралықтарында қайта құру жұмыстары жүргізілді. 
– "Самал" базары жанындағы жаяу жүргіншілер өткелінің құрылыс жұмыстары аяқталып, өткен жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.
Сонымен бірге, "Солтүстік Батыс" ш.а.– 4, "Шұғыла" ш.а. – 4, "Самал-3" ш.а – 8, "Қатынкөпір" ш.а. – 5, "Жиделі" ш.а. – 3, "Ақниет" ш.а. – 2, "Жайлау" ш.а. – 4, "Қазығұрт" ш.а. – 5, "Қазығұрт" ш.а. – 4 "Тұрлан" ш.а. – 2, барлығы 41 көшеге асфальт жолдар салынды. 
Аудандағы Айдарқұл, Құртаев, Ізгілік, Бекболатов, Мамешов, Сатпаев көшелеріне – 9,97 шақырым аяқжол салу жұмыстары жүргізілді.
 

Шағал тас төсеу

2017 жылы аудан аумағында шағал тас төсеу үшін бюджеттен 50,0 млн.теңге қаржы бөлініп, жалпы аудан бойынша 38,7 шақырымға шағал тас төселді. 
– "Самал-3" шағынауданындағы Естемес би, Келес және атауы жоқ 3 көшеге; 
 – "Қызылжар" шағынауданы аумағындағы Құртаев, Райымбек Жоламанов, Жаңатілек, Ақжұлдыз көшелеріне; 
– Солтүстік саяжайда– 5 көше;
– "Жаңа Тұрлан" шағынауданы – 9 көше; 
– "Ақтас" шағынауданы– 22 көше; 
– "Ақжар" тұрғын алабы-2 көше; 
– "Құрсай" шағынауданы – 16 көше; 
– 283 орамдағы орталық көшесіне; 
– "Ынтымақ-2" шағынауданындағы 5 көшеге шағал тас төселді. 

 

Аялдама орнату бойынша

2017 жылы аудан аумағындағы "Жаңаталап" тұрғын алабына 9 дана аялдама, "Самал-3" шағынауданы аумағында 3 аялдама, "Көкбұлақ" тұрғын алабына 3 аялдама, барлығы 15 аялдама орнатылды.
 2018 жылға 34 аялдама орнатуға қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөліміне ұсыныс берілді.

 

Көшелерді және аулаларды жарықтандыру

2017 жылы 6 көшені жарықтандыруға бюджеттен 52 млн. 298 мың теңге бөлініп, "Қазығұрт" шағынауданында – 2 көше; "Қатынкөпір" шағынауданында – 1 көше; Хамза аумағындағы – 3 көшеде, жұмыстар жүргізілуде. 
 2018 жылы "Жаңаталап", "Қызылжар" тұрғын алаптарының аумағындағы 14 ауланы жарықтандыру бойынша тиісті қалалық құрылымдық бөлімге ұсыныс беріліп, бюджеттен қаржы күтілуде. 
 

«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы 

 ҚР "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына" сәйкес 2017 жылы аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерді күтіп ұстау бойынша 10 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда: Асқаров көшесі №41а, Гагарин көшесі №108, Қалдаяқов көшесі №2, №,9, №20, Гагарин көшесі №70, Абай даңғылы №7, №8, Гагарин көшесі №106 мен Алпысбаев көшесі №125 көпқабатты тұрғын үйлер. 
Сонымен қатар 2018 жылы аталған бағдарлама бойынша 20 көпқабатты тұрғын үйлерде жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, тиісті құжаттары рәсімделуде.
Аудан аумағында 453 көпқабатты тұрғын үйлерде орналасқан. кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасына 399 көпқабатты тұрғын үйлер тіркелген. 18 көпқабатты тұрғын үй тіркеуге жатпайды. Себебі, тұрғын үйдің қабырғасы каркастан салынған және әр 2 қабатты тұрғын үйде 6-8 пәтер орналасқан. Қалған 36 көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тіркеуге қажетті құжаттар дайындалуда.

 

Мектеп құрылысы 

2017 жылы Жаңаталап аумағындағы "Игілік" тұрғын алабында 600 орындық орта мектеп құрылысы аяқталып тамыз айында пайдалануға берілді.
 "Қызылжар" шағынауданындағы Құртаев көшесі бойында 900 орындық мектеп құрылысын мердігер мекеме "Тұр-Ахмет и Компания" ЖШС. 2017 жылдың шілде айынан бастап жүргізуде.
 Сонымен қатар, "Самал-3" шағынауданында №87 орта мектептің қарама-қарсы бетіне 1200 орындық және №6 қалалық емханасының жанындағы 1200 орындық мектеп құрылысына жобалық сметалық құжаттамасы дайындалуда.
 Ал, "Ақниет" шағынауданындағы "Барфо-Баба" тойханасының артына 900 орындық мектеп салу үшін, 3,51 га жер телімін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. 

 

Ретсіз сауда

 Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан аумағында орналасқан ретсіз сауда орындарын жою мақсатында құзырлы органдармен аудандық ТҚҚБ, аудандық ЖПҚБ, қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, кәсіпкерлік бөлімдерімен бірлесе отырып, жұмыстар жүргізілді.
 Өткізілген рейдтер нәтижесінде аудандық ЖПҚБ-ң тарапынан 2017 жылдың басынан әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 204 «Белгіленбеген орындарда сауда жасау» бабына сәйкес барлығы 1201 хаттама толтырылды. Оның 1116-не ескерту берілді. 1 038 067,5 теңге көлемінде айыппұл салынды. Өндірілгені қаржы 391 402,5 теңге. 
Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505 «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бабына сәйкес барлығы 92 хаттама толтырылған жалпы 90 760 теңге көлемінде айыппұл салынып, өндірілгені 45 380 теңге. 

 

Жәрмеңке

Шымкент қаласы әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі аппаратының мамандарымен Гагарин көшесіндегі "1000 ұсақ-түйек" дүкен алдындағы алаңда әр аптаның сенбі күні 40-қа жуық жеке кәсіпкерлер қатысып, ауылшаруашылық өнімдерін сататын 47 жәрмеңке өткізілді. 
Жәрмеңкеде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің және жол патрульдік полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылып, жол қауіпсіздігі сақталған. 

 

Мемлекеттік жәрдемақылар 

Аудан аумағында 2017 жылы көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақысын алу бойынша өтініш білдірген 9636 отбасының аудан әкімінің бекітілген комиссия құрамының шешімімен 9293-і мұқтаж, 343 отбасы мұқтаж емес деп танылған.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 87 отбасы құжат тапсырса, оның 86-на қанағаттанарлық шешім қабылданған.
Мемлекеттік бір реттік әлеуметтік көмекке өтініш берген 1034 отбасының 980-і мұқтаж, 54-і мұқтаж емес екендігі анықталды. 
 «Өрлеу» жобасы бойынша 1522 азамат өтініш білдіріп, оның 1436-ы мұқтаж, 86 отбасыға азық-түлік себеті құнынан асып кетуіне және көрсетілген мекен-жайда тұрмауына байланысты қарсы шешім қабылданды. 
Абай ауданы бойынша «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлерінің саны -3136, оның ішінде: 1236 «Алтын алқа», 1900 «Күміс алқа» иелері. 
Өткен жылдың басынан бері көпбалалы аналарға 18 алтын, 95 күміс алқа табысталды.
 Аудан аумағында 38 діни бірлестіктер орналасқан.Оның ішінде: 31 исламдық, 7 христиандық діни бірлестіктер. Діни тұрақтылық пен кереағар діни ағымдардың алдын алу бойынша әр түрлі тақырыптарда діни бірлестіктермен, мешіт имамдарымен бірлесе мектептер мен колледждерде және шағынаудандар мен тұрғын алаптарда кездесулер өткізіліп, аудан тұрғындары қатысты. 

 

ҚР-ның «Тіл туралы» Заңына сәйкестендіру 

ҚР-ның «Тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүргізу мақсатында жұмыс тобы құрылып, рейдтік жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында аудан аумағындағы 1153 нысанның жарнама тақтайшаларына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, оның ішіндегі ҚР "Тіл туралы" Заңына сәйкес келмейтін 267 коммерциялық нысан иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескертпе қағаздары берілді.
 

Ономастика жұмысы туралы

Абай ауданында жалпы 858 көше орналасқан. Оның ішіндегі 459 көше атауы мәслихат шешімдерімен заңдастырылған.
281 көшенің атауы заңдастырылмаған, 118 көшенің атауы жоқ. Көшелерге атау беру мақсатында тиісті құжаттары рәсімделіп, 
Қазақстан Республикасының ономастикалық комиссия қорытындысын алған 74 көшеге облыстық мәслихаттың шешімі қабылданды. 
 

 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау

2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан әкімінің есепті кездесулері 3 жерде өткізіліп, кездесу барысында тұрғындардан 28 ұсыныс келіп түскен. Аталған ұсыныстар бойынша 12-не кездесу барысында толыққанды жауап берілген, қалған 16 ұсыныс бойынша іс-шаралар жоспары түзіліп, жұмыстар жүргізілді. Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша 16 мәселенің 6-ы толық шешімін тауып, 10 мәселе бойынша жұмыстарды атқару 2018 жылдың жоспарына енгізілді. Атқарылған жұмыстардың барысы туралы мәлімет жергілікті баспасөз беттерінде және аудан әкімінің ресіми сайтында жарияланды.
Сонымен қатар 2017 жылы аудан әкімі аппаратына 2837 кіріс құжаттары тіркеліп, шығыс 2363 құжат жолданды, жеке тұлғалардың арыз-өтініштері – 353. Оның ішінде "Халықтық кеңсе" арқылы 248 өтініш түсіп, аудан әкінің және орынбасарларының қабылдауында болған азаматтардан 105 өтініш қабылданған. Барлық өтініштерге "ҚР жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңы талаптарына сәйкес мерзімінде жазбаша жауап хаттар жолданып, қанағаттандырылды.


 

Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру кездесулерін өткізу КЕСТЕСІ

Р/с

Өткізілетін орны

Күні

Уақыты

1

№49 жалпы орта мектеп, «Құрсай» шағынауданы, Қ.Мәмешов көшесі, нөмірсіз

16.01.2018 ж.

11:00

2

№87 жалпы орта мектеп, Ұ.Арғынбеков көшесі, нөмірсіз

18.01.2018 ж.

11:00

3

№81 жалпы орта мектеп, «Жаңаталап» тұрғын алабы, Т.Айдарқұл көшесі, №27

19.01.2018 ж.

11:00


 

Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің халыққа есеп беру кездесулері алдында тұрғындардың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлері үшін арнайы орнатылған жәшіктердің орындары

Р/с

Мекеменің атауы

Мекен-жайы

1

Әкімшілік ғимараты

«Қатын-көпір» шағынауданы, Әл-Фараби көшесі, нөмірсіз

2

№87 жалпы орта мектеп

Ұ.Арғынбеков көшесі, нөмірсіз

3

Әкімшілік ғимараты

«Қазығұрт» шағынауданы, К.Жандарбеков көшесі, №179

4

Әкімшілік ғимараты

«Жаңаталап» тұрғын алабы, Қырықбай ата көшесі, нөмірсіз

5

№49 жалпы орта мектеп

«Құрсай» шағынауданы, Қ.Мәмешов көшесі, нөмірсіз

6

Абай ауданы әкімінің аппараты

Ш.Қалдаяқов көшесі, №38а





ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР