Еңбекші ауданы әкімі есебінің тезистері

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Ғ. М. Ильясовтың 
халыққа есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының 
тезистері

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев халыққа арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында Қазақстанды үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойды. 
Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Елбасы өз сөзінде экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшін «біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс» деп атап өткен болатын.
Осыған байланысты Елбасы халыққа «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялады. 
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекеге қабілетін арттырса ғана табысқа жететінін атап өткен Елбасы болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалатынын баса айтты.
Президент Н.Назарбаев әрбір азаматтың туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді.
Еліміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері жетерлік. Елбасы айтқан құндылықтар өскелең ұрпақтың болашақта дамуына аса зор мүмкіндік береді. Жаңғырудың маңыздылығы мемлекет пен ұлттың саналы түрде жаһандық үрдістерге бейімделуіне септігін тигізеді. 
Жаһандану мен өркениеттер тайталасы шарықтаған заманда халықтың халық болып қалуы, мемлекет іргесінің беріктігі осындай кешенді қадамға байланысты болмақ.
Еңбекші ауданының халқы Елбасының Жолдауын кеңінен талқылап, қолдау көрсетуде белсенділік танытуда және аудан көлемінде тұрғындар тарапынан атқарылған көптеген игі істер – қаланың гүлденуіне қосқан қомақты үлесі. 
Елбасы мақаласы – еліміздің экономикалық және саяси жетістіктерін дамыту жолында рухани қорымызды байытатын, болашаққа бағдар жасайтын маңызды құжат және осы бағдарлама еліміздің ертеңіне деген сенімін нығайта түсетіне сенімдіміз.

 

Қазақстан Республикасы  Президентінің Жолдауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын аудан тұрғындарына насихаттау және түсіндіру мақсатында өткен 151 кездесуде 14 мыңнан астам тұрғын қамтылды.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша жалпы 96 кездесу өткізіліп, 53000-нан астам тұрғындарға түсіндірме жұмыстары мен МӘМС-ке қатысты түсіндірме буклет парақшалары таратылды. 
«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын іске асыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды ендіру бойынша «Қазақстанның 500 ірі кәсіпорны» акциясының аясында ауданда орналасқан 13 ірі және 45 орта өндірістік, өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметкерлері арасында, №№5,7 Шымкент қалалық емханаларының дәрігерлерімен бірлесе ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты әрекеттерді болдырмау мен алдын алу мақсатында, 2017 жылға арналған ОҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, аудандық «Нұр Отан» партиясы, прокуратура, әділет басқармасы, ішкі істер бөлімі, қалалық білім бөлімімен бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді. Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері арасында және аудан аумағындағы білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде, кәсіпкерлер мен тұрғындар арасында (семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер, құқықтық сабақтар, жиналыстар) жалпы 30-ға жуық іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді.
2016 жылдың қорытындысы бойынша аудан әкімінің есепті кездесулерінде түскен 47 ұсыныс пен өтініштердің 27-не кездесу барысында толыққанды жауап берілді, қалған 20 ұсыныстар бойынша іс-шаралар жоспары түзіліп, құзырлы мекемелермен бірлесе атқарылған жұмыстардың мәліметтері тоқсан сайын жергілікті баспасөз беттерінде жарияланды.

 

Құжат айналымы 

2017 жылдың өткен мерзімінде аудан әкімі аппаратына 3348 кіріс құжаттары түсіп, 3459 құжат жолданды, жеке және заңды тұлғалардан 190 жазбаша өтініштер тіркелді, 2016 жылмен салыстырғанда арыз-шағымдар саны 58% төмендеді (2016 жылы 330 арыз-шағым).
 Жыл басынан аудан әкімі мен аудан әкімі орынбасарларының жеке қабылдауларында 124 азамат болды.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес барлық өтініштер мен арыздар уақтылы қаралып жауаптар берілді. 
 2017 жылдың өткен мерзімінде облыс әкімі тарапынан берілген тапсырмалар – 80, орындалғаны – 38, тұрақты бақылауда – 34, орындалу үстінде – 8; қала әкімі тарапынан берілген тапсырмалар – 74, орындалғаны – 61, тұрақты бақылауда – 13.

 

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен жеке кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікке ынталы азаматтарға 2 семинар-кеңес өткізіліп, нәтижесінде 8 азамат мал бордақылау, сүтті сиырларды асырау және өзге де кәсіпкерлік мақсатта төмендетілген пайызбен несие алып, өз кәсіптерін жүргізуде. 
Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру мақсатында «Кәсіпкерлер құқығы» тақырыбында кәсіпкерлердің құқықтарын түсіндіру бойынша аудандық прокуратура, ОҚО Кәсіпкерлер Палатасы және аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерін қатыстыра отырып, 13 семинар-кеңестер өткізілді. 

 

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тұтыну бағасын тұрақтандыру

Аудандағы 1 базар мен 13 үлкен сауда үйлерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағаларын тұрақтандыру мақсатында тұрақты түрде мониторинг жүргізілді. Базар және үлкен сауда үйлерінің басшыларына бағаны негізсіз өсірмеу туралы түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. 
«Галерея» сауда үйінің жанында, «Фиркан халық маркеті», «Фиркан Сити» сауда үйлерінде және «Айна» базарында тұрақтандыру қоры арқылы төмендетілген бағада қажеттілігіне қарай бірінші қажетті азық-түлік өнімдері сатылуда. «Әсел» базарының алдындағы автотұрақта әр жексенбі күні отандық тауар өндірушілерді қатыстыра отырып жәрмеңке өткізілуде. 

 

Заңсыз сауда орындарын жою

Елбасымыздың «тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» тапсырмасын басшылыққа алып, аудан әкімі аппаратының іс-шара жоспарына сәйкес аудандағы ретсіз орналасқан сауда орындарын жою және аудандағы көшелердің тазалығы мен көріктендіру жұмыстарын зерделеу мақсатында жалпы саны 99 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. 
Нәтижесінде ретсіз 175 сауда орындары жойылып, 58 сауда орындары ретке келтірілді. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 204 бабына сәйкес, аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлері заңсыз сауда жасаушы азаматтарға 1008 хаттама толтырып, 1 157 190 млн теңге айыппұл салды.
Аудан аумағында орналасқан дүңгіршектердің заңдылығын анықтау бойынша мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде 22 дүңгіршек, 1 киіз үй жойылды. 

 

Заңсыз жарнамаларды жою

Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына және қала әкімінің хаттамалық тапсырмаларына сәйкес аудан әкімі аппаратының, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының, қалалық сәулет және қала құрылысы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандарымен бірлесе 97 рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 21 көшедегі 476 жарнама плакаттар және 220 штендерлер, жалпы 696 заңсыз жарнамалар жойылды. 

 

Салық туралы

Әлеуметтік мәселелерді шешу үшін бірінші кезекте қаржы мәселесі шешілуі тиіс. Аудан бойынша бюджет түсімдері жылдан-жылға ұлғаюда. 
Жергілікті бюджетке 32544,8 млн теңге жиналып, 2016 жылмен салыстырғанда 31% артты. 
Сонымен қатар, қайта бағалаудан 52 нысан өткізіліп, бюджетке 456 081,0 теңге қосымша салық өндірілді.

 

Аумақты көріктендіру және санитарлық тазалық

Ауданды көріктендіру, көгалдандыру – бұл, ауданымыздың даму жоспары бойынша, аудан тұрғындарының және қонақтарының жақсы көзқарастарын қалыптастыру үшін көңіл аударатын ең басты мақсатымыз.
 Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, жарияланған конкурс нәтижесінде 2017 жылдың сәуір айынан бастап аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарын 4 мердігер мекеме («Ақсемсер-СтройСервис», «Нұр-Сат», «Байтерек-Л.Б.», «Essential building» ЖШС-лары) көпқабатты секторда аптасына 3 рет, ал жеке секторда аптасына 2 рет жүргізеді. 
Аталған мекемелер қалалық қоқыс полигонына 13392м3 («Ақсемсер-СтройСервис» ЖШС-ы 6828м3, «Нұр-Сат ЖШС-ы 1248м3», «Байтерек-Л.Б. ЖШС-ы 4274м3», «Essential building» ЖШС-ы 1042м3) қоқыс шығарып, 192,2 км ирригациялық жүйелер тазаланды. 
«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Төлеби» корпоративтік қоры 8592 ағаштарға санитарлық қырқу, жүргізіп, 53319 талдар әктеліп, 24403м2 аумаққа шөп ору жұмыстары жүргізілді.
Ауданда орналасқан мекемелерге, кәсіпорындарға бекітілген аумақтарында санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру үшін 6 қалалық, 9 облыстық сенбіліктер өткізілді. Сенбіліктерге 42011 жуық адам қатысып, 69 автокөлік тартылды, 56,7км аяқжолдар тазаланды, қалалық қоқыс полигонына 412м³ қоқыс шығарылды.
«Нөлдік төзімділік» қағидасының орындалуы бойынша Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 434 бап бойынша 763 хаттамалар толтырылып, оның ішінде 1186037 теңге айыппұл салынып, 100% толығымен өндірілді. 
Еңбекші ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы (бұрынғы ТҚҚБ) тарапынан барлығы 360 тұлғаға 10,051 млн. теңге айыппұл салынып, 352 тұлғадан 9,870 млн. теңге өндірілген.

 

«Таза қала» акциясы

Шымкент қаласы әкімдігі мен «ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген «Таза қала» акциясына «Үлгілі аула» номинациясына 66 көпқабатты тұрғын үй және «Үлгілі көше» номинациясына 15 көше комитеттері өтінім білдірді. 
Конкурс нәтижесінде көпқабатты тұрғын үйлер бойынша жеңімпаздар: І орын –«Теріскей» ш/а №50 үй, ІІ орын –18 ш/а №№62,64 үйлер, ІІІ орын – «Теріскей» ш/а №49 үй, жеке сектор бойынша: І орын – Бекет батыр көшесі, ІІ орын – Түркістан көшесі, ІІІ орын – Момынов көшесі. Ынталандыру сыйлықтары бойынша Ш.Уәлиханов көшесі №231а үй, Жанқожа батыр көшесінің тұрғындары иеленді.

 

Тұрғын үй, коммуналдық - шаруашылық мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Өңірлерді дамыту-2020ж.ж. дейінгі» бағдарламасын іске асыру мақсатында 2017 жылға 19 көпқабатты тұрғын үйлердің тізімі «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-ы мен Шымкент қаласының тұрғын үй инспекциясы бөліміне ұсынылды.
Бірінші кезеңмен 3 көпқабатты тұрғын үйлерге (17 ш/а №№5,18, Ж.Нұрлыбаев №1) қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 
Екінші кезеңдегі 2 үйде («Сайрам» ш/а №30а, Күншығыс ш/а №9) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал қалған 3 үйде (Тәуке хан №160, Д.Ерімбетов №36, Ж.Нұрлыбаев №16) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 
Қаратөбе тас жолы №34 көпқабатты тұрғын үйге 191,1 млн. теңге бөлініп, сейсмикалық нығайту жұмыстары жүргізілді. 

 

Жылумен қамтамасыз ету

Аудандағы 527 көпқабатты тұрғын үйлер орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген. «Қуат жылу орталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен бірлесе тұрғын үйлерді қысқа дайындау іс-шарасы бекітілді. 
Ауданда қызмет көрсететін 8 басқарушы компаниялар («Теплокомсервис», «Пресс», «Thallos», «АзияСтрой Проект-777», «СпецКомплектСервис», «Абико компания» ЖШС-лары және «Молиз», «Шоманбаев» ЖК-ы) тұрғындармен тұрғын үй инженерлік жүйелерін 2017-2018ж.ж. қысқы жылу маусымына дайындау мақсатында 203 көпқабатты тұрғын үйлермен келісім-шарттар түзілді. 
 «Қуат жылу орталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен бірлесе тұрғындар арасында 321 жиналыс, 1 дөңгелек үстел өткізіліп, 93 тұрғын үймен келісім-шарт түзілді. 

 

Ауыз су, электр қуаты және табиғи газбен қамтамасыз ету

Ауданның шағынаудандары мен тұрғын алаптарда орналасқан тұрғын үйлерді сапалы ауыз су, кәріз, табиғи газ және электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында нақтылау жұмыстары жүргізіліп, өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары бойынша Шымкент қаласының әкімімен 2017-2018 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілді.

 

Іс-шара жоспарына сәйкес:

"Бадам" тұрғын алабына инженерлік жүйелермен (ауыз су, табиғи газ, электр энергиясы) "Бадам-1", "Бадам-2" тұрғын алабтарына ауыз су жүйелерімен, "Тоғыс" тұрғын алабындағы 24 көпқабатты үйлерге және "Шаттық", "Тәуелсіздік", "Жаңақұрылыс" көшелерін электр энергиясымен, "Жұлдыз" тұрғын алабын кәріз жүйелермен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ-лар әзірленді. "Базарқақпа", "Тұрдыабад", "Елтай", "Жыланбұзған", "Маятас", "Қарабастау", "Бадам-1" тұрғын алабтарына 10/0,4 кВ электр жүйелерінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар 2018 жылға өтпелі.
Ағымдағы жылы аудан аумағында келесі жұмыстар атқарылды:
Табиғи газ бойынша "Ұлағат" шағынауданында табиғи газ жүйелерінің құрылысы басталды. Нысан 2018 жылға өтпелі.
Электр жарығы бойынша "Оңтүстік" тұрғын алабында электр жүйелерінің құрылысына монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2018 жылға өтпелі. 
Кәріз жүйесі бойынша "Базарқақпа" тұрғын алабында кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстары, орталық магистралдық кәріз жүйесінің істен шығуына байланысты консервацияланды. Нысан 2018 жылға өтпелі.
А.Оразбаева көшесінен Росси көшесіне дейінгі аралықта кәріз жүйелерінің құрылысы жүргізілді. 
"Тоғыс" тұрғын алабында кәріз жүйесінің құрылыс монтаждау жұмыстары басталды. Нысан 2018 жылға өтпелі.

 

Аумақтарды абаттандыру және жарықтандыру

Ағымдағы жылы бюджет есебінен 113 328 мың теңге қаржы бөлініп, 2 үйдің ауласына абаттандыру және балалар ойын алаңшасын, 2 спорт алаңшасын, 6 үй ауласына балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілді. 
Сонымен қатар, абаттандыру жұмыстарын жүргізуге 77 дана сметалық есептер әзірленді.
Қазіргі таңда аудан аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілмеген көпқабатты 127 үй аулалары бар. 
2017 жылға дейін аудан аумағында орналасқан 28 орталық көше жарықтандырылған (55,141км). 2017 жылы 9 көшенің 20,51 шақырымына, 3 көшенің 12,845 шақырымына қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 12,55 шақырым құрайтын 6 көшенің жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Қалған нысандар 2018 жылға өтпелі. 
Ж.Алдияров, Жанқожа батыр, Пшеничный, Н.Төреқұлов, Ж.Нұрлыбаев, Бекет батыр, Жамалов, Жанаров, Мұнайбарлаушылар Тастақ, Бахриз Рамиз көшелеріне сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстарын «Jer Group» ЖШС-гі жүргізуде.

 

Суағар арықтары (ирригация) бойынша

Аудан аумағында ирригациялық жүйелерді қажет ететін 4 көшеге бюджеттік өтінім берілу нәтижесінде 2 көшеге қаржы бөлініп, М.Сапарбаев, Жамбыл көшелерінің 590 метріне суағар арықтары орнатылды. Мельникайте, Жанқожа батыр көшелері мен "Күншығыс" шағынауданы №106 үй, 18 шағынауданы №№14,15,16,17,20 көпқабатты үйлер аралығына ирригациялық жүйелерді орнатуға сметалық құжаттар әзірленді. 
Демеушілер есебінен "Тоғыс" тұрғын алабында «Тоғыс» су қоймасынан бастау алатын 600 метр арық және "Маятас" тұрғын алабында «Бадам» өзенінен бастау алатын 450 метр арық тазаланды.

 

Автожолдар және аяқ жолдар

Аудан бойынша жолдарға жөндеу жұмыстарын қажет ететін шағынаудандар мен тұрғын алаптарға тұрақты түрде зерделеу жұмыстары жүргізіліп нәтижесінде аудан аумағындағы 2016 жылы басталған жолдарды күрделі жөндеу жұмыстары бойынша, «Тараз» шағынауданындағы Шаңырақ көшесі, «Оңтүстік» шағынауданындағы Еламан №2 және №3 көшелері, «Мирас» шағынауданындағы Жұпарлы, Ажарлы көшелеріндегі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 
Ағымдағы жылы 3 кезеңмен жалпы 41 көшенің 21,62 шақырымына орташа жөндеу, 1,032 шақырым құрайтын 1 көшеге аяқ жол салу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 20,05 шақырымды құрайтын 18 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
"Бадам" шағынауданындағы облыстық маңызы бар КХ-99 жолына (Ә.Кенесарин, Ж.Қамбаров көшелері) ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан орташа жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыстар 2018 жылға өтпелі.
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысына сәйкес, Жібек жолы көшесіне (Ж.Адырбеков көшесінен Ж.Аймауытов көшесіне дейін) қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2018 жылы аяқтау жоспарланған.

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» және «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңдарына сәйкес мұқтаждық деңгейін анықтау үшін аудан әкімі аппаратында учаскелік комиссия 212 мәжіліс, 4 семинар-кеңес өткізді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке үміткер 76 отбасының 72-не «мұқтаж», ал балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыға үміткер 3827 отбасының 3493-не «мұқтаж» деген қорытындылар берілді. 
2016 жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны 6,5%-ға, балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы алатындар саны 2,2%-ға азайған. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.05.2013 жылғы №504 қаулысына және Шымкент қаласы мәслихатының 21.09.2016 жылғы №7/68-6с шешіміне сәйкес 2017 жылға «бірреттік әлеуметтік көмекті» алуға құжат тапсырған 393 үміткердің үй-тұрмыстық актілері жасалып, 378-не «мұқтаж» деген қорытындылар берілді. 
2016 жылмен салыстырғанда аталған көмек алушы отбасылар саны 9,4%-ға азайған. 
 «Өрлеу»-отбасының белсенділігін арттыру әлеуметтік келісімшарты негізінде құжаттар тапсырған 800 отбасының 432-не «мұқтаж» деген қорытынды берілді. 2016 жылмен салыстырғанда аталған көмек алушы отбасылар саны 7,3 есеге көбейген.

 

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта құру

Шымкент қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құруға кәсіпкерлерді жұмылдыру мақсатында «Біз біргеміз!» акциясының аясында Шымкент қаласы әкімдігінің құзырлы бөлімдермен бірлескен аудандық 11 жұмысшы тобы құрылып, қазіргі таңда негізгі 43 көше араланып, мұндағы 519 нысан иелеріне жаднамалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік инфрақұрылымдық қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық туралы коммерция иелерімен 131 меморандум түзіліп, 215-не пандус орнатылды. 

 

Көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапаттау

Ауданда 624 ана алтын, 1088 ана күміс алқасымен марапатталған. 2017 жылы 24 анаға алтын, 88 анаға күміс алқалары салтанатты түрде табысталды.

 

Діни экстремизмнің, нашақорлықтың алдын алу

Діни экстремизмнің керағар діни ағымдар мен секталар іс-әрекетінің алдын алу мақсатында 2017 жылы тұрғындар, студенттер мен оқушылар арасында 81 кездесу өткізілді. 2016 жылмен (58 кездесу) салыстырғанда 23 кездесуге артқан. 
ОҚО әкімдігінің «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2017 жылға арналған іс-шаралар» жоспарына сәйкес оқушылар мен студенттердің қатысуымен 96 семинар-кеңестер, дөңгелек үстелдер өткізілді. Кездесуде 17440-тан астам адам қамтылды. 2016 жылмен (55 кездесу) салыстырғанда 41 кездесуге артқан.

 

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу

Аудан әкімінің, аудан прокурорының, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының, аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің және қалалық білім бөлімінің бірлескен бұйрығына сәйкес құрылған 8 мобильдік топ құрылып, 96 семинар-кеңес өткізілді.
Жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бермеу, қылмыстылықтың алдын алу мақсатында 70 түнгі рейд ұйымдастырып, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес 812 хаттама толтырылды, оның ішінде 692 ата-анаға ескерту, 109 ата-ана мен 11 ойынхана иелеріне айыппұл салынды. 
Жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында 85 семинар-кеңес өткізілді.
Жастарды отансүйгіштікке баулу, әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен таныстыру мақсатында №10/216 әскери бөлімге мектеп оқушыларын қатыстырумен экскурсия өткізілді.

 

Білім саласы

Есепті кезеңде жалпы 1631 орынды құрайтын 18 жекеменшік балабақша ашылды.
 «Оңтүстік» шағынауданындағы №34 мектептің қосымша ғимараты, «Бадам-2» тұрғын алабында типтік 300 орындық мектеп және «Базарқақпа» тұрғын алабындағы №104 мектепке қосымша асхана, спорт зал, шеберхана, еңбек және кітапхана бөлмелері пайдалануға берілді. №№39,100 мектептерге күрделі жөндеу (1-кезең) жұмыстары жүргізілді. 
«Қарабастау» тұрғын алабындағы №99 мектепке қосымша 300 орындық ғимараттың, «Шаңырақ» шағынауданындағы типтік 600 орындық мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 
Аталған нысандар 2018 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

 

Отбасылық демографиялық саясат

Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы және «Ару Аналар», «Сана Сезім» қоғамдық бірлестіктермен бірлесе 24 семинар-кеңестер өткізілді.

 

Мерекелік және спорттық іс-шаралар

2017 жылы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында 13 мемлекеттік және ұлттық мерекелер өткізілді.
 Бұл іс-шараларға жалпы 9000-нан аса тұрғындар, көше, үй комитет төрағалары, мекеме-ұйым ұжымдары мен мәслихат депутаттары белсене қатысты. Қазіргі таңда 8 спорт мектебі мен орта мектептердегі секцияларға 8000-нан аса оқушылар мен студенттер қатысады. 
Бұқаралық спортты дамыту және тұрғындар мен жастардың уақытын тиімді де, пайдалы өткізу мақсатында Дзю-додан қалалық ашық біріншілігі, «Балаларды бірге қорғайық!» жобасы аясында оқушылар арасында «Стрит Воркаут» спорт түрінен, әскери қызметкерлер арасында волейболдан, жасөспірімдер арасында кіші футболдан, колледж студенттері арасында баскетболдан, «Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай мемлекеттік мекеме қызметкерлері арасында үстел теннисінен дәстүрлі турнирлерге 1000-ға жуық жасөспірімдер мен қызметкерлер қатысты. Жарыстар демеушілер есебінен өткізілді. 

 

Ономастика

2017 жылы атауы жоқ 100 көшеге жаңа атау берілді. Қазіргі таңда тауы жоқ 87 көше бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 

Тілдерді дамыту

«Қазақстан Республикасы Тіл туралы» Заңын орындау мақсатында коммерциялық нысандардағы маңдайша мәтіндері мен түнгі уақытта толық жанбауына 609 коммерциялық құрылымдарда талдау-сараптау жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде 86 нысан маңдайшаларынан кемшіліктер анықталып, оның 59-і түзетілді, 27-і бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

 

Аудан әкімі аппаратының 2018 жылғы негізгі міндеттері

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» атты ұлт жоспарын, «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму», «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауларының бағыттары бойынша жұмыс жүргізу.
Аудан әкімі аппаратының жұмысының басты мақсаты халыққа өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға бағытталады. Оның ішінде аудандағы жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына әлеуметтік көмектерді ұйымдастыру. 
Аудан аумағын абаттандыру мен санитарлық тазалығын қамтамасыз ету күнделікті бақылауда болатын мәселе, оның ішінде көпқабатты сектордағы аулаларды көріктендіру жұмыстарын жалғастыру. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында олардың бос уақыттарын қамтуға жағдай жасау, оның ішінде спорт алаңшаларын салу, аула клубтарының санын, оған қамтылатын балалар санын көбейту. 
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көшелерді, аулаларды жарықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру. 
Тұрғындарды сапалы ауыз су, газ, электр қуаты, жылумен қамтамасыз ету, жолдарды жөндеу жұмыстарын жалғастыру.


 

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру кездесулерін өткізу КЕСТЕСІ

      Кездесу өтетін орын

  Күні

Уақыты

1

№127 жалпы орта мектеп, Еламан көшесі, нөмірсіз.

16.01.2018 ж.

11:00

2

№120 жалпы орта мектеп, "Тоғыс" тұрғын алабы, Қонаев көшесі, нөмірсіз.

18.01.2018 ж.

11:00

3

№24 мектеп-лицей, 15 шағынауданы,

Ж. Шаяхметов көшесі, 2а.

24.01.2018 ж.

11:00


 

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің халыққа есеп беру кездесулері алдында тұрғындардың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлері үшін арнайы орнатылған жәшіктердің орындары

         Мекенжайы

1

15 ш/а, Ж.Шаяхметов көшесі, 2а, №24 С.Ерубаев атындағы мектеп-лицей

2

Толстой көшесі – 119, Еңбекші ауданы әкімінің аппараты, 2-қабат

3

«Тоғыс» тұрғын алабы, Д.Қонаев көшесі, 2в, №120 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектеп

4

Еламан көшесі нөмірсіз, №127 жалпы орта мектеп

5

Ш.Шахайдаров көшесі 2, Еңбекші ауданы әкімі аппаратының Қаратөбе аумағы бойынша халықпен
жұмыс жүргізу бөлімі





ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР