Әл-Фараби ауданы әкімі есебінің тезистері

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Б.А.Қалжановтың 
халыққа есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының
ТЕЗИСТЕРІ

 

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің 2017 жылғы атқарған жұмыстары туралы халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу жоспарланып, 2018 жылға негізгі міндеттері айқындалуда. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі аудан аумағының 3 жерінде есеп береді.
2017 жылдың қаңтар айында аудан әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесулері 3 жерде өтті. Кездесу барысында тұрғындардан 69 сұрақ пен ұсыныстар түсіп, олардың 15-не кездесу барысында жауап берілді, 2 сұрақ мекенжайына байланысты аудандарға жолданды, 52-сі бойынша іс-шара жоспары түзіліп, оның 33-ші бойынша толық жауап беріліп, орындалуына байланысты бақылаудан алынған, 19-ы 2018-2019 жылдардың жоспарына енгізілетін болады. Түскен өтініштердің орындалуы бойынша мәліметтер әр тоқсан сайын аудан әкімінің ресми сайтында және «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінде жарияланып тұрды.
Аудан әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 2017 жылы 158 өтініш түсті, оның ішінде коммуналдық мәселелер бойынша – 73, әлеуметтік мәселелер бойынша – 28, кәсіпкерлік саласы бойынша – 10, көлік және коммуникация бойынша – 6, жер мәселесі бойынша – 2, басқа да мәселелер бойынша – 39 өтініш. Барлық өтініштер мен арыздар Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес қаралды. Сонымен қатар аудан әкімінің аппаратына 2017 жылы 3015 құжат түсіп, 2741 құжат жіберілген.
2017 жылы ауданның дамуына қатысты облыс әкімінен 4 тапсырма түсті, оның 2-і орындалды, 2-і тұрақты бақылауда.
Сонымен қатар қала әкімінен 38 тапсырма түсті, оның 34-і орындалды, 4-і тұрақты бақылауда.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының халық саны - 218 865 адам, ауданда 60-қа жуық ұлт және ұлыс өкілдері тұрады, 15 ұлттық-мәдени орталық, 14 діни бірлестіктер, 73 өндірістік мекемелер мен кәсіпорындар, 44 мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, 672 көпқабатты тұрғын үй және 13505 жеке үй орналасқан.

 

Көріктендіру және санитарлық тазалық

Әл-Фараби ауданы аумағын санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізу әрқашан басым міндеттер қатарына кіреді.
2017 жылы аудан бойынша елдімекендерді санитарлық тазалықпен қамтамасыз ету жұмыстарына қалалық бюджеттен 70,7 млн теңге бөлінген.
Әл-Фараби ауданында көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстары, аула, ішкі орам жолдарын тазалау бойынша 7 учаскіге бөлінген, әр учаскіге аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген.
Аудандағы көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын, аула, ішкі орам жолдарын тазалау, шағын аудандардағы кенет пайда болған қоқысты тазалау жұмыстарын «Нұр-Сат» ЖШС, «Бәйтерек-ЛБ» ЖШС, «БекАсыл-Сервис» ЖШС мекемелері және елдімекендерді абаттандыру және көріктендіру жұмыстарды «Қазақ соқырлар қоғамы», «Тұрар» ЖШС корпоративтік қоры мекемесі атқаруда. Аталған мекемелер қазіргі уақытқа дейін 9082,16м³ қоқысты полигонға шығарды. 1 427м² жасыл желек қырқылып, 149 400м² шөп орылды, 983 қураған ағаш кесіліп, 22 383 тал санитарлық әдіспен қырқылды және 35 892 ағаш түбі әктелді.
Әл-Фараби ауданы аумағында тұрмыстық қатты қалдыққа арналған 185 контейнер алаңшасы және 626 қоқыс контейнері бар.
Ауданның орталық аумағында және жаңадан қосылған елдімекендерде санитарлық тазалау және көріктендіру, көгалдандыру жөнінде көктем айларында іс-шаралар ұйымдастырылды, мекеме қызметкерлері, жоғары оқу орындарының студенттері, аудандағы орам (квартал), көше, үй басқарушылары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен 31 рет қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікте 87 техника мен 51300-ден астам адам санитарлық тазалау жұмыстарына қатысып, 92 шақырым ирригациялық арық тазартылды, 5300 түп ағаш көшеті отырғызылып, 16200 түп ағаш әктелді және 1730 м3 күл-қоқыс шығарылды.
Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен «ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығы «Таза қала» акциясын жариялады.
Байқаудың жүлде қоры - қала бойынша 4 000 000 теңге. Акцияға «Үздік аула» және «Үздік көше»  аталымдары бойынша аудан аумағында орналасқан аула, көше атынан үй және көше комитетінің төрағалары қатысты.
2017 жылы аудан бойынша «Таза қала» акциясына қатысуға «Үздік аула» аталымына - 69 және «Үздік көше» аталымына 25 өтінім келіп түскен. Жеңімпаздар комиссияның қорытындысына сәйкес анықталды. Байқаудың қорытындысы бойынша Рашидов көшесі, №25а үйге «Үздік аула» аталымы, Забадам шағынауданы, Абат көшесіне «Үздік көше»  аталымы берілді.

 

Жылу энергиясымен қамтамасыз ету

Әл-Фараби ауданы аумағында жылу қабылдайтын 613 көпқабатты тұрғын үй тіркелген. Көпқабатты үйлердің қасбетін, тазалығын және жылуын сақтау мақсатында кіреберіс алаңдарының есік-терезелерін бүтіндеу, жұмыс істемейтін тік құбырларды тұрғындардың өздері ауыстыратыны түсіндіріліп, нәтижесінде жарамсыз 91 тік құбыр анықталып, толығымен ауыстырылды, 118 кіреберіс алаңдардың есігі, 288м² фрамугалар тұрғындардың өз күштерімен орнатылды. Сонымен қатар жылу энергиясын үнемдеу мақсатында аудан тұрғындарына жылу есептегіш құралының тиімділігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 62 көпқабатты тұрғын үйге жылу есептегіш құралы орнатылды.

 

Инфрақұрылым саласы

Әл-Фараби ауданы бойынша 672 көпқабатты тұрғын үй 400 аулаға біріктірілген. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін 205 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы орнатылған. 
2017 жылы 11 көпқабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы орнатылды. 
185 көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату қажет. 171 көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату үшін сметалық құжаттамалар әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылды. Қаржы қаралған жағдайда жұмыстар атқарылатын болады.
«Қарасу» шағынданында иттер мен мысықтарды серуендетуге арналған алаңға 6 ойын элементі орнатылды, айналасы қоршалып, абаттандырылды.
Аудан бойынша 2014 жылға дейін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан орнатылған 9 спорт алаңшасын жөндеу мақсатында жеке меншік құқығын беретін мемлекеттік актісін алуға қаржы бөлдіру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚОҚО бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті Шымкент қалалық бөлімшесімен келісімшарт түзілді. 2018 жылы спорт алаңшасын жөндеу үшін сметалық құжаттамалар әзірленіп, бюджеттік коммиссияға ұсынылатын болады. Жұмыстар қаржы қаралған жағдайда атқарылады. Сонымен қатар 7 көпқабатты тұрғын үй ауласына спорт алаңшасын орнату үшін сметалық құжаттамалар әзірленуде.
Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму картасына сәйкес Әл-Фараби ауданына Сайрам ауданынан қосылған «Бадам» тұрғын алабын табиғи газбен, ауыз сумен, электр қуатымен қамтамасыз ету үшін, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді.
Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық басқармасының тарапынан «Текесу» тұрғын алабын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ұңғыма қазылатын орын белгіленіп, жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
2017 жылы аудан бойынша 16 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көксай-1 көшесі, «Наурыз» шағынауданындағы Қордай, Жалын, Қарабұлақ, Шолохов, Саратов (Ватутина көшесінен бастап) көшесі, Жандосов өткелі, «Наурыз» шағынауданындағы Татулық көшесі, «Сәуле» ш/а Производственная көшесі, Вахрушев (С.Азим көшесінің жалғасынан бастап) көшесі, Рылеев, С.Асанов, Юпитер көшелері, Балқаш өткелі, С.Лазо көшесі, «Сәуле» ш/а атауы жоқ көше, «Текесу» тұрғын алабына баратын жолды (жалпы ұзақтығы 6,04 шақырым) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Сәуле» шағынауданындағы Абай, Ғ.Мұратбаев, Баян-ауыл, Атауы жоқ көшелеріне және Абай өткеліне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 45 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 7 көшенің бойындағы аяқ жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілді. (М.Х.Дулати, Қазыбек би, Әйтеке би, Ж.Ташенов, Н.Төреқұлов, Қ.Қазиев, «Қарасу» ш/а 8-Наурыз көшелері).
Ал «Забадам» шағынауданындағы Чайковский көшесіне аяқжол салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Қаржы қаралған жағдайда орнату жұмыстары жүргізіледі.
2017 жылы «Сәуле» шағынауданының 10 көшенің 13 шақырымына және «Текесу» тұрғын алабының көшелеріне 2 шақырым шағал тас төселді.
Сонымен қатар аудан аумағында 7 көшеге жалпы ұзындығы 2797 метр ирригациялық арық орнатылды (Бейбітшілік көшесіне - 500 метр, Терешкова көшесіне - 1000 метр және Қошқар көшесіне - 280метр, «Қарасу» шағынауданындағы №67 үйдің жаны (200метр), Грибаедов көшесі (200метр), «Бам» шағынауданы Жаңа Ғасыр көшесі (417 метр), Забадам шағынауданындағы ҚазСелденҚорғау мекемесінің аумағындағы көше (200 метр)).
Әл-Фараби ауданы бойынша І кезеңде 13 көшені жарықтандыру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде және 3 көшеге қайта құру жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда. ІІ кезеңде 7 көшені жарықтандыру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде және 2 көшеге қайта құру жұмыстарын жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттар жасалуда.
 

Белгіленбеген орындардағы сауда

Әл-Фараби ауданы бойынша Төле би, Қазыбек би, Түркістан, А.Байтұрсынов, Т.Рысқұлов, М.Х.Дулати, Әйтеке би, Амангелді, Адырбеков, Айбергенов, Байтереков, Ш.Қалдаяқов, Н.Төреқұлов көшелері, Бәйдібек би, Республика және Тәуке хан даңғылы, Ш.Рашидов және Жангельдин көшелері бойында ретсіз саудамен айналысып отырған тұлғаларға күнделікті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 
Аудан бойынша 2017 жылы ретсіз саудамен айналысып отырған 661 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабына сәйкес әкімшілік хаттама рәсімделіп, 249,6 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, 56,7 мың теңгесі өндірілген.
ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес 735 әкімшілік хаттама толтырылып, 158,8 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, 136,1 мың теңгесі өндірілді.
Аудан аумағында орналасқан заңсыз дүңгіршектер бойынша аппарат қызметкерлері тарапынан күнделікті анықтау және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2017 жылы 23 заңсыз дүңгіршек алынып, ОҚО жер инспекциясы басқармасына нысаналы мақсатына сай пайдаланбай жатқан жерлер бойынша 12 рет хат жолданып, аталған Кодекске сәйкес 848,0 мың теңге айыппұл салыңды.

 

Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсу себептеріне мониторинг және талдау жасау жөнінде штаб құрылған. Штаб жанынандағы жұмысшы топ мүшелерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізіліп отыр. Мониторинг қорытындысы бойынша ақпарат қалалық кәсіпкерлік бөліміне күнделікті жолданып отыр. Аудан аумағында 33 нысан мониторингке алынып (4 базар, 19 сауда үйі, 10 дүкен), бағаны тұрақтандыру мақсатында меморандумдарға қол қойылып, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері бағаны тұрақты қадағалап отыр.

 

Кәсіпкерлік 

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының Әл-Фараби аудандық филиалы, «Ырыс» МҚҰ ЖШС, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры», «ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мамандарымен кәсіпкерлікті қолдау бойынша жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында тұрғындарға «Бизнес жол картасы-2020», «Инновациялық грант» жобасы, «Өрлеу» бағдарламасы және басқа да мемлекеттік бағдарламалар жайлы кеңінен түсіндіріліп, арнайы дискілер мен брошюралар таратылды.
Аудан бойынша кәсіпкерлікті қолдау мақсатында өткізілген жиналыстардың нәтижесінде мемлекеттік бағдарламалар аясында өз кәсібін бастауға ниет білдірген кәсіпкерлердің көптеген ұсыныстарының ішінен 27 жоба мақұлданып, 148,1 млн теңге көлемінде қаражат бөлінген.
 Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты, Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы және ОҚО кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» «Әйел және бизнес» атты бизнес-форум өткізілді. Форум барысында «Әйел және бизнес», «Бизнестегі әйелдерді Еуропалық қайта құру және даму банкінің қолдау бағдарламасы», «Бизнесті қолдаудың мемлкеттік өлшемдері», «Жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерді қолдау өлшемдері» атты тақырыптарда баяндамалар оқылды. Форумда іскер әйелдер өздері өндіріп жатқан өнім түрлерін таныстырды. Форум барысында Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мен Шымкент қалалық іскер әйелдер кеңесі арасында меморандум түзіліп, қол қойылды.

 

Әлеуметтік сала

2017 жылы балалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны алуға 4804 үміткер отбасының ішінен 4655 отбасы мұқтаж деп танылды. Ал мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 68 үміткер отбасының 65-і мұқтаж деп танылды.
Бір реттік әлеуметтік көмекке 558 үміткер отбасы өтініш білдіріп, 538 отбасы мұқтаж деп танылды.
«Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері бойынша және «Өрлеу» жобасын кеңінен насихаттау мақсатында аудан тұрғындарымен 27 кездесу өткізіліп, нәтижесінде «Өрлеу» жобасына 1129 үміткер отбасы өтініш білдірді, 1075 отбасы мұқтаж деп танылды. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
«Біз біргеміз» акциясы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтараға қолжетімді орта құру мақсатында ағымдағы жылы ауданда орналасқан жекеменшік 13 балабақшанының 13-не пандустар орнатылып, паспорттау жұмыстары жүргізілді.
Көше бойларында орналасқан жекеменшік кәсіпкерлік нысандар мен мекемелерге мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еркін кіріп-шығуына жағдай жасау мақсатында пандус орнату бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп, нәтижесінде 455 нысанға пандус орнатылды.
Сонымен қатар «Біз біргеміз» акциясы аясында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 2 мобильді жұмысшы топ құрылды. Жұмысшы топпен аудандағы негізгі 35 көше іріктеліп алынып, зерделеу жұмыстары жүргізілді. 
Аудан тұрғындары, мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттерімен «Дін туралы жалпы түсінік беру», «Терроризм мен экстремизм» алдын алу, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында аудан әкімінің бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес 42 кездесу ұйымдастырылып, жалпы 8900 адам қамтылды.
Бүгінгі таңда ауданда 26 Ұлы Отан соғысы ардагері, 1371 тыл ардагері және 6626 мүмкіндігі шектеулі азамат тізімге алынған.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдық мерекесіне орай Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар 90, 95 және 100 жасқа толған 8 ҰОС ардагері мен 6 тыл ардагерлері туылған күндерімен құттықталып, сыйлықтар табысталды.
 Кәсіпкерлердің демеушілігімен 350 отбасыға азық-түлік түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді.
Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 80-қадамы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында, аудан тұрғындары арасында жалпы түсінік беру мақсатында, аудан әкімінің 2017 жылғы 2 қаңтардағы №9-ө өкімімен жұмысшы топ құрылып, жұмыс жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес тұрғындар арасында 36 жиналыс өткізіліп, жалпы 7300 жуық адам қамтылды. Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізілуде.


Отбасылық - демографиялық саясат

Әл-Фараби ауданы бойынша жалпы 4156 көп балалы аналар бар, олардың 430-ы «Алтын алқа» және 1186-сы «Күміс алқа» иегерлері. Жыл басынан бері көп балалы аналарға 10 «Алтын алқа» және 38 «Күміс алқа» төсбелгілері салтанатты түрде табыс етіліп, 64 ананың құжаттары рәсімделді.
 Аудан аумағындағы жайсыз отбасыларда әйелдерге зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтар фактілеріне жол бермеу және жас қыздар арасындағы ерте жүктілікті болдырмау мақсатында жоғарғы оқу орындарында ІІБ қызметкерлері, «Сана сезім» және «Ана үйі» жас аналарға арналған кризистік орталықтың қызметкерлері 13 жиналыс өткізді.
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 217 жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акция аясында Шымкент қаласы ІІБ Әл-Фараби ПБ ЖПҚБ ӘЗЗҚТ, «Сана сезім» әйелдер бастамалық құқықтық орталығының өкілдерін қатыстыра отырып іс-шараға мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар, жергілікті атқарушы органдар, білім бөлімінен, денсаулық сақтау саласынан және т.б. мекемелерден мамандар қатысып,  2017 жылдың 7 желтоқсаны күні Шымкент қаласындағы Қырғы базарға келушілерге акцияның мақсаты түсіндіріліп, буклет, брошюралар таратылды.
Сондай-ақ «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акция аясында Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің студент-жастарымен «Рухани жаңғырту – латын әліпбиіне көшу» атты пікір талас пен «Жарқын болашағымыздың тұғыры-рухани жаңғыру» атты отбасы салтының құндылықтарын және халықтың имандылық мәдениетін жаңарту, отбасында әйелдермен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың жолын кесу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды

 

Елбасының саясатын жүзеге асыру

Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі 2017 жылдың 25 қаңтарындағы Қазақстан халқына арналған үндеуін халық арасында насихаттау мақсатында бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес 8 жерде кездесулер өткізілді.
2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы
Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында 6 жерде кездесулер өткізілді.
Елбасының 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын халық арасында насихаттау мақсатында аудан тұрғындарының, зиялы қауым өкілдерінің, аудандық ардагерлер кеңесінің қатысумен жоғары, арнайы, орта оқу орындарында және мемлекеттік мекемелер мен медициналық мекемелерде кездесулер өткізілді.

 

Құқық бұзушылықтың алдын алу

«Шымкент-қауіпсіз қала» жобасы аясында Әл-Фараби аудандық прокуратура, аудан әкімі аппаратының және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе тұрғындар арасында бейнекамералар орнату бойынша 47 рет кездесу ұйымдастырып, «Қазақтелеком» АҚ-ның «Облачное видеонаблюдение» жобасы аясында Қазақтелеком АҚ тарапынан үш мекенжайға 10 камера орнатылды. Тұрғындар арасында бейнебақылау орнату тиімділігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Аудан аумағында көпқабатты тұрғын үйлердің 2183 кіреберіс алаңдарының 157-не, 400 ауланың 185-не және 64 жеке пәтер алдарына тұрғындардың өз есебінен бейнебақылаулар орнатылды (жалпы камералар саны – 406) және Әл-Фараби ауданы аумағына қарасты 400 көпқабатты тұрғын үй ауласының 387 ауласы жарықтандырылып, қалған 14 ауланы жарықтандыру үшін Шымкент қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне ұсыныс хат жолданды.
Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Әл-Фараби аудандық жергілікті полиция қызметі, Шымкент қаласы білім бөлімі, Шымкент қаласы ішкі саясат бөліміне қарасты жастар ресурстық орталығының мамандарымен бірлесе жастар мен тұрғындар арасында құқық бұзушылықпен қылмысты болдырмау, нашақорлықтың алдын алу және түнгі мезгілдегі кәмелет жасына толмағандардың заңды өкілінсіз жүруін анықтау жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, бекітілген кестеге сәйкес 37 рет рейд өткізілді.

 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

2017 жылы аудан әкімі аппаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті және Әл-Фараби аудандық прокуратурасы, Әл-Фараби аудандық «Нұр Отан» партиясының қатысуларымен, Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Шымкент қаласының 2015-2017 жылдарына арналған іс-шаралар жоспарына және Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратында 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 4 жиналыс, 2 дөңгелек үстел, 3 құқықтық сабақ, 2 семинар өткізілді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты құрылған мобильдік топпен «Есіктен-есікке» және «Парасыз болашаққа бірге» атты сынамалы бағдарламалары аясында тұрақты түрде қоғамдық орындарда, халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы парақшалар таратылды. Аудан аумағындағы көше бойларына, қоғамдық көліктерге, аялдамаларға, адам жиналатын орындарға және елді мекендерге «Сенім телефонының» нөмірлері көрсетілген баннерлер, плакаттар, парақшалар ілініп, таратылды
 

Ономастика және тілдерді дамыту

Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 402 көше бар. 2016 жылы атауы жоқ көшеге жаңа атау беру үшін ұсынылған 62 атаудың 52 атауы мақұлданып, бекітілді. 2017 жылы қалған атауы жоқ 16 көшеге, атауы моральді тұрғыда ескірген 15 көшеге және атауы қайталанатын 5 көшеге қайтадан атау берілді. 
Ауданға қарасты 17 шағынаудан, оның ішінде 4 шағынауданның шешімі бар. 2017 жылы қалған шағынаудандардың шекарасын бекіту және атауын заңдастыру бойынша 9 және қайта атау үшін 4 шағынаудан тұрғындарымен кездесулер өткізіліп, хаттамалары толтырылды.

 

Мәдени-ағарту саласы

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен бекітілген жоспарға сәйкес 2017 жылы мемлекеттік маңызы бар 11 мерекелік және 6 кәсіби мерекелік іс-шаралар аталып, өткізілді.
Аудан аумағындағы орналасқан мемлекеттік мекемелердегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне қойылатын стандарттардың, мөлшерлердің және техникалық талаптардың бұзылуына және оларды күтіп-ұстау мақсатында құзырлы мекемелермен бірлесе бекітілген кестеге сәйкес 8 рет және аудан әкімі аппараты қызметкелерімен 18 рет мониторинг жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктер хатпен жолданды, дер кезінде ретке келтірілді.
Аудан аумағында 28 саябақ, 18 ескерткіш және 11 субұрқақ орналасқан. Аталған нысандарға тұрақты түрде зерделеу жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктер құзырлы мекемелерге хатпен жолданып, дер кезінде ретке келтіріліп отырды.
Аудан әкімінің аппаратымен өткізілген барлық іс-шаралар мен атқарылған жұмыстар «Қазақстан-Шымкент», «Отырар», «Айғақ» телеарналарына және «Шымкент келбеті», «Южный Казахстан», «Оңтүстік Қазақстан» «Оңтүстік Рабат» газет беттерінде және facebook парақшасы мен www.alfaraby-shym.kz сайттарында тұрақты түрде жариялануда.

 

2018 жылы атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары 

1. Өңірлерді дамытудың 2020 ж дейінгі бағдарламасын жүзеге асыру. 
2. Аудан аумағының санитарлық тазалығын сақтауды ұйымдастыру және қадағалау. 
3. Балалар ойын алаңшаларын, аулаларды ретке келтіруді ұйымдастыру.
4. Тұрақты түрде аудан аумағына қарасты елдімекендерде сенбіліктерді ұйымдастыру және өткізу.
5. 2017-2018 жылу беру маусымына сығымдау-дайындау жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу.
6. Спорт алаңшаларын, спорт ангарларын, жаттығу алаңшаларын құруды ұйымдастыру.
7. Аудан тұрғындарын қатыстыра отырып аула ішілік аумақтарды көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру.
8. Ретсіз сауда, заңсыз жарнаманы болдырмау бағытында тиісті жұмыстар жүргізу.
9. Атаулы әлеуметтік көмек пен балалар жәрдем ақыларына арналған іс-шараларды уақтылы ұйымдастыру.
10. Жоспарланған мәдени іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу.


 

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру кездесулерін өткізу КЕСТЕСІ

Р/с

Өткізілетін орны

Күні

Уақыты

1

№129 жалпы орта мектеп, «Сәуле» шағынауданы, нөмірсіз

17.01.2018 ж.

11.00

2

Н.Төреқұлов атындағы №62 жалпы орта мектеп, «Түркістан» шағынауданы,

А.Жүсіпов көшесі, нөмірсіз

19.01.2018 ж.

11.00

3

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты, Ж.Тыныбаев көшесі №49

22.01.2018 ж.

11.00

 


Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің халыққа есеп беру кездесулері алдында тұрғындардың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлері үшін арнайы орнатылған жәшіктердің орындары

Р/с

Мекеменің атауы

Мекен-жайы

1

 

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің

аппараты

Ж.Тыныбаев көшесі, №49

2

Н.Төреқұлов атындағы №62 жалпы орта  мектеп

«Түркістан» шағынауданы, А.Жүсіпов көшесі, нөмірсіз

3

Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектеп

«Сәуле» шағынауданы, Абай көшесі, нөмірсіз

4

Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп-лицей

Республика даңғылы, №3

5

Айбек атындағы №14 жалпы орта мектеп

А.Диваев көшесі, №46

6

К.Циолковский атындағы №84 жалпы орта мектеп

195 орам, К.Тұрсынбаев көшесі, нөмірсіз

7

№121 «Текесу» негізгі орта мектеп

«Текесу» тұрғын алабы, Текесу көшесі, №57

8

Ж.Баласағұн атындағы №6 жалпы орта мектеп

В.Суриков көшесі, нөмірсіз

9

Т.Тажибаев атындағы №47 мектеп-гимназия

А.Байтұрсынов көшесі, нөмірсіз





ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР