Қаратау ауданы әкімі есебінің тезистері

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Ғ. П. Мәуленқұловтың
 халыққа есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының
тезистері

 

Елбасымыздың елімізге жүргізген салиқалы саясатының арқасында еліміздің тәуелсіздігі жылдарында халқымыздың әл-ауқаты артып, тұрмысы жақсарды. 2017 жыл – ел тарихында елеулі оқиғаларымен есте қалды. Халқымыз өзінің жаңғыруының дара жолын болашақтың межесі етті.
Мемлекетіміздің қарқынды дамуы мен өркендеуі жолында мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайын өзінің Жолдауын жолдап келеді. Әр Жолдаудың басты мақсаты – еліміздің экономикасының нығаюына бағытталған. 
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел дамуының дара жолын көздейтін өзінің дәстүрлі Жолдауын халқымызға ұсынып, негізгі бағыттары мен экономиканың даму ерекшеліктерін алдымызға мақсат етті. Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында ел экономикасын өркендетудегі маңызды мәселелер айтылды. 
 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы Елбасының бағдарламалық мақаласы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын биылғы Жолдауының заңды жалғасы іспетті. Елбасы еңбегінде елді рухани жаңғырту мәселелерін қозғайды. «Біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыртуды қолға алғанымызды және біздің әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу айқын мақсатымыз екенін айтты.
Елбасы Жолдауын, бағдарламалық мақаласын халық арасында кеңінен насихаттау мақсатында аудандық ақпараттық-насихаттық топтың ұйымдастыруымен аудан тұрғындарымен 70-ке жуық кездесулер өткізілді.
Еліміз үшін биылғы жылдың басты жетістігі – «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің біздің елімізде өткізілуі. Қазақстан үшін халықаралық деңгейде алға жылжуына жасалған үлкен қадам болып табылатын көрменің аудан тұрғындарына маңыздылығын насихаттау мақсатында ауқымды шаралар атқарылып, ардагерлер кеңесі мүшелеріне көрмені тегін тамашалау ұйымдастырылды.
2017 жылдың қаңтар айында аудан әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесулері 3 жерде өткізілді. Кездесу барысында тұрғындардан түскен сын-ескертпелер мен ұсыныстар «Қаратау ауданы аумағындағы тұрғын алаптар мен шағынаудандардағы туындаған өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары бойынша 2017-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына» енгізіліп, құзырлы мекемелермен бірлесе атқарылған жұмыстардың мәліметтері жергілікті баспасөз беттерінде жарияланды.

 

Құжат айналымы

Қаратау ауданы әкімі аппаратына 2017 жылы жалпы –3727 құжат келіп түскен. Оның ішінде: жеке тұлғалардан – 126, заңды тұлғалардан – 12, жеке қабылдауға – 118 өтініш, мемлекеттік мекемелерден – 3471 өтініш түсті. 
Аталған өтініштер бойынша 1894толық жауап берілді және 1707 мәлімет үшін, құзырлы мекемеге жолданғаны – 54, ал 72 өтініш орындалу барысында. 
ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес барлық өтініштер мен арыздарға тиісті жауаптар берілді.
2017 жылы облыс әкімі тарапынан берілген тапсырмалар – 110, орындалғаны – 57, орындалу үстінде немесе тұрақты бақылауда – 53, қала әкімі тарапынан берілген тапсырмалар – 43, орындалғаны – 34, орындалу үстінде немесе тұрақты бақылауда – 9.

 

Ауыз сумен қамтамасыз ету

Аудандағы ең өзекті мәселе – халықты ауыз сумен қамтамасыз ету. Ауданда жалпы 47 202 жеке тұрғын үй орналасқан. Оның ішінде 35 861 (75%) тұрғын үй тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтылса, 8 010 (16%) тұрғын үй кесте бойынша, ал 4 431 (9%) тұрғын үй тасымал сумен қамтылған. 
Ағымдағы жылы Сайрам және Қызыл су тұрғыналаптарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін – 290,2 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес «Евроремонтсервис» ЖШС тарапынан атқарылуда. 
Сонымен қатар, ауыз сумен қамтылмаған Асар-2 шағынауданы, Тұран шағынауданы, Достық шағынауданы (жаңақұрылыс) және Қайнарбұлақ тұрғыналабы (жаңақұрылыс) аумақтарына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізу 2018 жылғы І тоқсанға жоспарланған. Ал, Шапырашты, Исфиджаб және Өтеміс тұрғын алаптарына жобалық сметалық құжат әзірлеу 2018 жылға жоспарланған. 
Сондай – ақ, Азат, Достық тұрғын алаптарын сапалы ауыз су жүйесімен қамту мақсатында жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге тапсырыс берілді. Жобалау жұмыстары тиісті қаржы мөлшерінің бөлінуіне орай атқарылатын болады.

Электр жарығымен қамту

Аудан аумағындағы елді мекендерді сапалы электр жарығымен қамту жұмыстарын жүйелі жүргізу басты бақылауда. Аталған мәселенің оңтайлы шешімін табу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аудан аумағындағы 35 628 үй (379 трансформатор-75,6%) – «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС және қалалық тұрғын үй комуналдық шаруашылық бөлімінің балансындағы электр трансформаторларынан, ал 11 574 үй (72 трансформатор – 24,4%) – жекеменшіктегі электр трансформаторлары арқылы электр жарығын пайдалануда.
2017 жылға Қайтпас, Нұртас шағынаудандарын 85 млн теңге және Бозарық саяжайын сапалы электр жарығымен қамтуға 280 млн. теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Сонымен қатар, 2017-2018 жылдарға арналған іс-шара жоспарына сәйкес, сапалы электр жарығымен қамту мақсатында Асар-2 шағынауданы, Тассай тұрғыналабы, Тұран шағынаудандарына жобалық сметалық құжаттары әзірленген, Қайнарбұлақ тұрғыналабы (жаңақұрылыс), Достық шағынауданы (жаңақұрылыс), Таскен тұрғыналабы және Азат шағынаудандары бойынша жобалық-сметалық құжаты әзірленуде. Сонымен қатар, Шапырашты, Исфиджаб, Сайрам, Қызыл су және Өтеміс тұрғын алаптарын 2018 жылы жобалық сметалық құжат әзірлеу жоспарланған.
Қайтпас шағынауданы, Азат, Таскен және Достық тұрғын алаптарын сапалы электр жарығымен қамту мақсатында қала әкімінің қаулысы қабылданған. Қазіргі таңда сәулет-жоспарлау тапсырмасы дайындалып, жобалық-сметалық есептерін әзірлеуге ұсыныс берілді.

 

Табиғи газбен қамту

Аудан аумағындағы 34 586 (73,2%) тұрғын үй табиғи газбен қамтылған болса, қамтылмағаны – 12 616 (26,8%) үйді құрайды. 
Бозарық саяжайын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 727 млн.теңге, Асар шағынауданына жеткізуші газ құбырын тартуға 92,2 млн.теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары атқарылуда. 
Асар-2 шағынауданы, Тұран шағынауданы, Тассай тұрғын алабы (жаңақұрылыс), Достық шағынауданы (жаңақұрылыс), Тассай бөлімшесін табиғи газбен қамту мақсатында жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Сонымен қатар, Шапырашты тұрғыналабы және Өтеміс тұрғын алаптарына жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Ал, Азат шағынауданы, Бозарық шағынауданы (жаңақұрылыс) және Исфиджаб тұрғыналаптарына жобалық сметалық құжат әзірлеу 2018 жылы атқарылатын болады. Бүгінгі таңда, Қайнарбұлақ тұрғын алабын табиғи газбен қамту үшін жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге тапсырыс берілді.

 

Аумақтарда санитарлық тазалықты сақтау

Санитарлық тазалық жағдайындағы ең өзекті мәселелердің бірі аудан аумағындағы елді мекендердің тазалығы. Қаратау ауданы аумағындағы ішкі орамдық жолдар мен аулалардың санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында аудан территориясы 10 аумаққа бөлініп, әр аумаққа аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген.
2017 жылы жоғарыда аталған жұмыстарды атқаруға 120,0 млн.теңге бөлініп, қазіргі таңда «Аяулы алақан» қоғамдық бірлестігі тарапынан аудан аумағындағы 8000 м3 күл-қоқыс шығарылып, 2169 км ирригациялық жүйелерді тазалау, 12000 дана ағаш түбін әктеу, 4000 дана ағаштарды санитарлық қырқу және 686 га аумақтың қураған шөбін ору жұмыстары атқарылды.
Сонымен қатар, бей-берекет қоқыс тасталатын орындарды жою мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын мекемелермен келісім-шарт түзу қажеттігі жөнінде елді мекен тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде аудан бойынша 2017 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелермен тұрғындардың келісім-шарт түзу көрсеткіші 97%-ға жетті. 
Аудан аумағында санитарлық-тазалықты сақтау мақсатында жергілікті полиция бөлімімен бірлесіп «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434 бабына сәйкес, 143 тұлғаға 1 883,2 млн.теңге айыппұл салынды.
Аудан аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мен көгалдандыру мақсатында тұрғындардың, үй басқарушыларының және мекемелердің қатысумен көктем-күз мезгілдерінде аудан көлемінде 28 рет облыстық және қалалық сенбіліктер ұйымдастырылды. Оған 26 мың тұрғындар мен мекеме қызметкерлері, 63 арнайы техника қатыстырылып, көше бойлары мен арық-атыздар, 32 шақырым аяқ жолдар мен оларға іргелес аумақтар қоқыстан тазартылып, 6000 дана ағаш көшеттері отырғызылып,385 м3 күл-қоқыс шығарылды. 
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан аумағындағы негізгі көшелерде орналасқан нысандардың иелеріне ғимарат қоршауларының қас беттерін ретке келтіру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 845 нысанның қасбеттері ретке келтірілді. 
Шымкент қаласы әкімдігі мен «ОҚО Азаматтық алянсы» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген «Таза қала» акциясына аудан бойынша «Үлгілі аула» номинациясына 40 көп қабатты тұрғын үй және «Үлгілі көше» номинациясына жеке секторда орналасқан 45 көше комитеттері өтінім білдіріп, конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаздар марапатталды.

 

Кәріз жүйелерінің құрылысы

Аудан аумағындағы Қайтпас шағынауданы – 1 млрд 191 млн. теңге, Ақжайық шағынауданы – 1 млрд 79 млн теңге қаржы бөлініп, кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған шағынаудандарда тұрғын үйлерді абоненттеу жұмыстары «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС тарапынан іске асырылуда.
Сонымен қатар, Нұртас, Мирас шағынаудандарына кәріз жүйесін жүргізу мақсатында жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге тапсырыс берілген. Аталған жұмыстар бөлінетін қаржы аясында атқарылатын болады.

 

Жолдар құрылысы

Аудан бойынша жалпы ұзындығы-1009 шақырымды құрайтын 1086 көше орналасқан, оның: 344 (440,3 км)-асфальт, 640 (490,6 км)-шағал тас, 102 (78,1 км)-топырақ көшелер. 
Ағымдағы жылы аудан аумағындағы орталық маңызы бар 28 (38,8 км) көшеге күрделі, 14 (17,48 км) көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 
Сонымен қатар, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан 26 көшенің жобалық сметалық құжаты әзірленуде. 
Аудандағы ұзындығы 51 шақырымды құрайтын 88 топырақ көшеге шағал тас төсеу жұмыстарына бюджеттен 134 млн. теңге қаржы қаралып, «Алемтрансжол» ЖШС тарапынан атқарылды.
Сондай-ақ, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен бюджет қаражатынсыз кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 7 шақырымды құрайтын 6 көшеге шағал тас төселді.
Аудан аумағындағы әлеуметтік нысандар орналасқан 32 көшеге аяқ жол салынса, 41 көшеге жобалық сметалық құжаты әзірленіп 2018 жылдың бюджетіне ұсынылды.

 

Ирригация жүйелері

Аудан аумағында орналасқан ирригация жүйелерінің жалпы ұзындығы – 91,2 шақырым болса, 2017 жылы жалпы 15,2 шақырым көшеге ирригация жүйелері орнатылды. 
Олар: "Қайтпас" шағынауданы Амангелді көшесі, "Нұртас" шағынауданы, Гүлдала, Құлагер, Ақсұңқар, Жас талап, Саяхат, Тайбеков, Зере-1, Зере-2 және Айбол көшелері.
Сонымен қатар, Нұрсәт шағынауданы Т.Назарбеков көшесінің бойындағы ирригация жүйелерінің бүлінген жерлері қайта ретке келтірілсе, "Тассай" тұрғын алабы Жібек жолы және Тәуке хан көшелеріне, "Бозарық" шағынауданы «Шаян тас жолына» құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 2018 жылы 59 көшеге ирригация жүйесін орнатуға ұсыныс енгізілді.

 

Тұрғын үй коммуналдық - шаруашылық мәселелері

Аудан аумағында «Спецкомплектсервис» ЖШС, «Қызметкер СК» ЖШС, «Асар су сервис» ЖШС және «Алиаскар Бам Групп» ЖШС мекемелері көп қабатты үйлерге сервистік қызмет көрсетуде. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін мекемелер тарапынан кіреберістер мен баспалдақтарды тазалап жуу, кәріз жүйелерін тазалау, жертөледен жиналған суды шығару, үй ауласын тазалау, жертөледегі инженерлік жүйелерді күтіп ұстау жұмыстары атқарылады. Сонымен қатар, аудандағы 34 көп қабатты тұрғын үйлердің кіреберістеріне тұрғындар есебінен қайтарымды негізде (пайызсыз) жөндеу жұмыстары жүргізілді. 
Қазіргі таңда, аудан аумағында «ОҚО үйлерді басқару» ЖШС және «Шымкент Сити» ЖШС басқарушы компаниялары құрылып, көп қабатты үйлерде 13 қызмет түрін көрсетуде. Бұл мекемелер тарапынан 22 көп қөпбатты үйдің ауласындағы ойын элементтері сырланып, майысқан және сынған элементтері ретке келтіріліп, тұрғындарға арналған қосымша баспалдақтар мен аяқжолдар салынды. 

 

Жылумен қамтамасыз ету

Аудан аумағында жалпы 319 көп қабатты тұрғын үй болса, оның 271 көп қабатты үйлері орталық жылыту қазандығынан, ал 48 көп қабатты үй автономды жылыту жүйесінен жылу алады.Қысқы жылу маусымына көп қабатты үйлерді дайындау жұмыстарын «ОҚО үйлерді басқару» ЖШС және «Шымкент Сити» ЖШС басқарушы мекемелері жүзеге асырып, көп қабатты үйлер толық жылу жүйесіне қосылды.
Көп қабатты тұрғын үйлерде жылуды сақтау мақсатында кіреберістерге есіктер мен терезе орнату қажеттігі туралы тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 6 кіреберіс есіктер мен 28м 2 терезе жаңартылды.

 

Аумақты абаттандыру жұмыстары 

Елді мекендердегі тұрғындардың қолайлы, таза әрі жайлы өмір сүруіне мүмкіндік жасау тікелей абаттандыру жұмыстарымен жүзеге асырылады. Осы орайда, ағымдағы жылы Нұрсәт шағынауданында тозығы жеткен 6 ауланы толық абаттандыруға және 1 аулаға қосымша балалар ойын алаңшалары мен спорттық тренажерлар орнатуға бюджеттен 98,8 млн теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес атқарылды.
 Сонымен бірге, Нұрсәт шағынауданындағы тозығы жеткен 3 ауланы толық абаттандыруға, 41 көшеге аяқ жолдар салуға және 22 қоқыс алаңшаларын қала әкімі бекіткен үлгі бойынша заманауи үлгіге ауыстыруға сметалық құжаттары әзірленіп, 2018 жылдың бюджетін қалыптастыру мақсатында қалалық экономика және қаржы бөліміне ұсынылды. 
Бүгінгі таңда, Нұрсәт шағынауданында тозығы жеткен 13 көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын толық абаттандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. 
Жастарымызды салауатты өмір салтын ұстануға және оларды спортқа баулу – басты мақсатымыз. Аудан аумағында жалпы 13 ашық спорт алаңшалары орналасқан. Сонымен қатар, аудан аумағында 11 жер телімі ашық спорт алаңшаларын салу үшін анықталды. Оның 8 жер теліміне қала әкімінің қаулысы қабылданып, мемлекеттік актілері әзірленуде.

 

Жарықтандыру және бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары

Басты назардағы міндеттердің бірі – аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Аумаққа қарасты елді мекендердегі халықтың кешкі және түнгі уақытта қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы Нұрсәт шағынауданындағы аулалар толық жарықтандырылса, Тассай тұрғын алабы, Таскен тұрғын алабы, Өтеміс тұрғын алабы, Сайрам тұрғын алабы және Қайтпас шағынауданы негізгі орталық көшелеріне жарықтандыру бағаналары орнатылды. 
 Қылмыстың алдын алу үшін бюджеттен Нұрсәт шағынауданындағы аулаларға 69 дана, көп қабатты үй тұрғындары есебінен 17 үйге бейнебақылау камералары орнатылса, аудандық демеушілер қолдауымен Қайнарбұлақ саяжайы және Асар шағынауданына 24 дана бейнебақылау камералары орнатылды. Аудан халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бейнебақылау камераларының барлығы ішкі істер органдарымен бақыланып отырады. 

 

Ретсіз сауда орындары мен жарнамаларды реттеу бойынша атқарылған жұмыстар

Заңсыз сауда орындарын жою және қала көшелерінің келбетін ретке келтіру мақсатында құрылған жұмысшы топ тарапынан 2017 жылы аудан аумағында 47 рейдтік іс-шара өткізілді.Нәтижесінде 294 ретсіз сауда орындары жойылды. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204 бабына сәйкес – 620, 505 бабы бойынша 580 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары толтырылды.
Сонымен бірге, ауданда орналасқан дүңгіршектердің заңдылығын анықтауда мониторинг жұмыстары жүргізілді.Нәтижесінде 59 дүңгіршектер мен контейнерлер және 11 киіз үй алынып, 832 заңсыз жарнама ретке келтіріліді.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының кәсіпкерлік саласына қатысты бағыттары бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Бағдарламаның екінші бағыты «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру» және ауыл шаруашылықты несиелендіру бойынша аудан аумағында кәсіпкерлер және жергілікті тұрғындардың қатысуымен 32 жиналыс өткізілді.
Кәсіпкерлерге қолдау көрсету және заң талаптарына сай құқықтарын түсіндіру бойынша «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, Қаратау ауданы прокуратурасы және ҚІІБ Қаратау полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен 5 дөңгелек үстел өткізілді. 

 

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тұтыну бағасын тұрақтандыру

Күнделікті пайдаланатын 19 түрлі азық-түлік тауарлардың бағаларын тұрақтандыру мақсатында, аудан аумағындағы 16 ірі сауда үйлерінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әр аптаның жексенбі күндері Нұрсәт шағынауданы «Рахима-плаза» сауда үйінің жанында 107 кәсіпкерлердің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі жүйелі түрде өткізілуде.

 

Білім саласы

Аудан бойынша 2017 жылы 2 жаңа мектеп және 2 мектептің қосымша ғимараты пайдалануға берілген болатын. Биылғы жылы «Білім күні» қарсаңында 2 жаңа 1 200 орындық мектеп, 2 мектептің қосымша ғимараты және «Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында Әкімшілік іскерлік орталығынан жаңа 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде, ауданымызда 3 ауысымда білім беру мәселесі өз шешімін тауып отыр. 
Сонымен қатар, Бозарық саяжайында 900 орындық мектептің және Сайрам тұрғын алабындағы №112 мектептің 300 орындық қосымша ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2018 жылға өтпелі. 

 

Денсаулық сақтау саласы

Аудан тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында Асар шағынауданында медициналық жедел жәрдем көрсету бекеті құрылып, 3 жедел жәрдем бригадасы жұмыс жасауда.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Қайнарбұлақ, Бозарық саяжайларында және Ақжайық, Тұран шағынаудандарында отбасылық дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.
Шымкент қаласы, Нұртас шағынауданы аусымына 500 адам қабылдайтын қалалық емхана құрылысы маусым айында басталып, құрылыс жұмыстары 2018 жылға өтпелі.

 

Мемлекеттен берілетін жәрдемақылар және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көрсетілген көмектер

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары негізінде қолданыстағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіру тапсырмасы аясында, әлеуметтік мұқтаж топтарды қолдауға және отбасындағы нақты табысты арттыруға бағытталған "Өрлеу" пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы «Өрлеу» жобасына қатысуға құжат тапсырған 1016 отбасыға қорытынды берілді.
Сонымен қатар, 2017 жылдың қорытындысына сәйкес, 100 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек алуға қорытынды берілді. Ал, 6643 отбасына балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы және 1170 отбасыға бір реттік әлеуметтік көмек алуға қорытынды берілді. 

 

Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат 

2017 жылы Қаратау ауданы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына сәйкес жұмыстар атқарып, аудан көлемінде 19 іс-шара ұйымдастырды.
Сонымен қатар, 2017 жылдың басынан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңына сәйкес 6 және 7 бала тәрбиелеп отырған көп балалы аналарға Қазақстан республикасы Президентінің Жарлығымен 28 «Алтын алқа», 117 «Күміс алқа» табыс етілді.

 

Мерекелік іс-шаралар

Ауданымыздағы жаңалықтардың бірі – қала әкімінің қолдауымен мәдени-ағарту жұмыстары бөлімі құрылды. Дегенмен, бүгінге дейін аудан аумағындағы мәдени-көпшілік іс-шаралар өз деңгейінде атқарылды. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен 2017 жылы аудан тұрғындарының қатысуымен 21 мерекелік іс-шаралар өткізілді. 
Барлық ұйымдастырылған мәдени іс-шаралар мен атқарылған жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

 

Ономастика және тілдерді дамыту 

Ауданда 1086 көше орналасқан. Аудан аумағының басым бөлігі қала құрамына енген елді мекендер болуына байланысты атауы жоқ көшелер саны – 22% құрап отыр.
Қазақстан РеспубликасыПрезидент Әкімшілігінің тапсырмасымен көшелерге кісі есімін берутоқтатылған(мораторий). Алайда, жер-су, таулардың, табиғи көріністердің атауларын беру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда, аудан аумағында орналасқан көшелерге атау беру бойынша 62 көше құжаты республикалық ономастикалық комиссия қарауына ұсынылып, 53 көше комиссияның оң қорытындысын алды. Қазіргі таңда аталған көшелерге облыс әкімі мен мәслихаттың бірлескен қаулысы әзірленуде. Сонымен бірге, аудан аумағындағы атауы жоқ көшеге атау беру мәселесі бойынша тұрғындармен өткізілген жиналыстардың хаттамалары толтырылып, бүгінгі таңда 211 көшенің құжаттары қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жолданды.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары

Біз өркениетке бастар жолдардың бірі – жемқорлықсыз қалыптасқан қуатты мемлекет екенін ұғынуымыз қажет. Осы мақсатта «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі» іс-шара жопарына сәйкес, аудан аумағында құзырлы мекемелермен бірлесіп 12 дөңгелек үстел, 11семинар ұйымдастырылса аудан аппараты қызметкерлерімен 147 құқықтық сабақ-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шаралар барысында арнайы бейне роликтер көрсетіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.

 

Дін саласы

Дiн мен мемлекеттiң түйiсер жерi – елдiң тұтастығы жəне қоғамның ауызбірлігі мен тұрақтылығы. Сондықтан, екi тараптың өзара бiрiгiп əрекет ететін кеңiстiгiн, оның құқықтық тетіктерін уақыт талабына сай айқындап жəне жетілдіріп отырудың маңызы зор.Қаратау ауданында жалпы 40 діни бірлестіктер тіркелген. Діни экстремизмнің, кереғар діни ағымдар мен секталар іс-әрекетінің алдын алу мақсатында 2017 жылы тұрғындар,студенттер мен оқушылар арасында 38 кездесулер ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.08.2013 жылғы №876 қаулысына сәйкес, ауданда орналасқан ірі 82 нысандардың терроризмге қарсы қорғалу паспорттары әзірленіп, ОҚО ІІД-ның терроризмге қарсы күрес басқармасына тапсырылды. 

 

Қаратау ауданы әкімі аппаратының алдағы уақытта жоспарланып отырған 5 маңызды міндеттері

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған Жолдаулары мен бағдарламаларын кеңінен насихаттау, басым бағыттары бойынша жұмыс жүргізу;
2. «Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасын» жүзеге асыру;
3. 2017-2018 жылдарға арналған «Қаратау ауданы аумағындағы тұрғын алаптар мен шағынаудандардағы туындаған өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары» бағытындағы жұмыстарды уақытылы атқару;
4. Өскелең ұрпақты сапалы білім мен тәрбие, отандық патриотизм, салауатты өмір салтына баулу бағытында жұмысты жалғастыру;
5. Ауданның санитарлық тазалығын тұрақты түрде сапалы қамтамасыз ету және аулаларды абаттандыру
Алдымызға қойылып отырған міндеттер жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолында халықтың және сіздер мен біздердің істеп жатқан шаруамыздың барлығы мемлекетіміздің нығаюы, тәуелсіздіктің мықтылығы, халықтың әл-ауқатының артуы үшін жасалуда. Осы жолда бәріміз елдің бізге деген сенімін ақтап, мақсаттарға жетеміз деп нық сенемін! 


 

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің 2017 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру кездесулерін өткізу КЕСТЕСІ

 

Р/с

Өткізілетін орны

Күні

Уақыты

1

№ 71 жалпы орта мектеп, «Сайрам» тұрғын алабы, Ю.Сареми көшесі, нөмірсіз

17.01.2018 ж.

11:00

2

№72 жалпы орта мектеп, «Нұртас» шағынауданы, Алматы тас жолы, нөмірсіз

19.01.2018 ж.

11:00

3

№89 мектеп-лицей, «Асар» шағынауданы, №2001 учаске

23.01.2018 ж.

11:00


 

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің халыққа есеп беру кездесулері алдында тұрғындардың ұсыныстары, ескертулері мен пікірлері үшін арнайы орнатылған жәшіктердің орындары

Р/с

Мекеменің атауы

Мекен-жайы

1

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің аппараты

«Нұрсат» шағынауданы, №24

2

№106 жалпы орта мектеп 

«Қайнарбұлақ» тұрғын алабы, Ә.Бөлешов көшесі, №31/1

3

С.Бекбосынов атындағы №70 жалпы орта мектеп

«Шапырашты» тұрғын алабы, Б.Төлебаев көшесі, №39

4

№72  жалпы орта мектеп

«Нұртас» шағынауданы, Алматы тас жолы, нөмірсіз

5

№116 Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектеп

 «Тассай» тұрғын алабы, Ө. Әбдіразақов көшесі, №9

6

№89 мектеп-лицей

«Асар» шағынауданы, №2001 учаске

7

№ 71 жалпы орта мектеп

«Сайрам» тұрғын алабы , Ю.Сареми көшесі, нөмірсіз





ИНФОРМСЕРВИСТЕР

Shymkent book

Бейне

Анықтама

Бейне бақылау

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ҚАЛА КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЖЕТІСТІКТЕР

БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ

ЖОЛДАУ

ӘКІМДІК ЖИНАЛЫСТАРЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Нөлдік төзімділік

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК КЕСТЕСІ

WHATSAPP

Таза қала

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР